БЕСІКТЕГІ БАЛАНЫҢ СӨЗІ
(Аллаяр Дәрменов)
Айтпа маған ғарышыңды жаулаған,
Мына бесік асқаралы тау маған.
Тас төбемде әлди айтқан телефон,
Эмбриондық кезімнен-ақ жау маған.
Қозып кетсе қәпелімде арқаңыз,
Құрып бітер Арал тұрмақ Арқа* мұз.
Көп боялған балалардың қанына,
Шырайлы географиялық картаңыз.
Түс мінберден! Тоқтат, самсам, уәжіңді,
Шерт «Балашейітте»* мұңлы сазыңды.
Сіздер ЮНИСЕФте бөсіп сөйлеңдер,
Жау Газада құрсын қанды бәзімді.
Күнің Жерді, Жер Күніңді айнала ма?
Қатқан теорияң құрысын қайталама!
Маған біреу жер бетінде, Ешқашан,
Ата-ана ажыраспайды деп айта ала ма?!
Ал сорығышты, сұраймын жалбарына,
Сорығышқа сүт бермеген Жаббар мына.
Бар тартылыс құшағында ананың,
Түсінбеймен Ньютонның заңдарына.
Бәлкім, дүние не тал бесік тарлау-ды,
Үйрендім өмірді жылап жырлауды.
Үйрендім адамға тілек тілеуді,
Үйретпеңдер! - маған енді қарғауды.
* Арқа—арқада жайласқан Солтүстік мұзды мұхит.
* Балашейіт - қорымның аты.
Қазақ тилине аўдарған Гарифулла Мамбеткаримов
Канал: @Allayar_Darmenov
(Аллаяр Дәрменов)
Айтпа маған ғарышыңды жаулаған,
Мына бесік асқаралы тау маған.
Тас төбемде әлди айтқан телефон,
Эмбриондық кезімнен-ақ жау маған.
Қозып кетсе қәпелімде арқаңыз,
Құрып бітер Арал тұрмақ Арқа* мұз.
Көп боялған балалардың қанына,
Шырайлы географиялық картаңыз.
Түс мінберден! Тоқтат, самсам, уәжіңді,
Шерт «Балашейітте»* мұңлы сазыңды.
Сіздер ЮНИСЕФте бөсіп сөйлеңдер,
Жау Газада құрсын қанды бәзімді.
Күнің Жерді, Жер Күніңді айнала ма?
Қатқан теорияң құрысын қайталама!
Маған біреу жер бетінде, Ешқашан,
Ата-ана ажыраспайды деп айта ала ма?!
Ал сорығышты, сұраймын жалбарына,
Сорығышқа сүт бермеген Жаббар мына.
Бар тартылыс құшағында ананың,
Түсінбеймен Ньютонның заңдарына.
Бәлкім, дүние не тал бесік тарлау-ды,
Үйрендім өмірді жылап жырлауды.
Үйрендім адамға тілек тілеуді,
Үйретпеңдер! - маған енді қарғауды.
* Арқа—арқада жайласқан Солтүстік мұзды мұхит.
* Балашейіт - қорымның аты.
Қазақ тилине аўдарған Гарифулла Мамбеткаримов
Канал: @Allayar_Darmenov