Үйлену мәселесінде де дайын дүниеге алданып қалмаған абзал. Мәселен, көп жағдайда қыз баласына жігітте әлеуметтік жағдайдың, қаржының, мансап-мандаттың, абырой-атақтың дайын болғаны маңызды. Бірақ бүгін бар нәрсе ертең нөлге түсуі бек мүмкін. Сол кезде сенім артқан жігіт бәрін нөлден бастай ала ма? Ештеңесі жоқ жігіттің қолына ертең дүние түспейді деп кім айтты?! Дүние алма-кезек. Тіршілікте адамның тек адамшылығы, болмысы маңызды.