✑ Қара сөзбен


Гео и язык канала: Узбекистан, Узбекский
Категория: не указана


✑ Жансанов Медеттің жеке парақшасы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Узбекистан, Узбекский
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


مع أهمية النجاح في حياة المسلم بلا جدال، لكن ألا ترون أن التركيز عليه تجاوز الحدود، وصار المرء يشعر وكأنه صار أكثر أهمية من التقوى والصلاح؟


Тіршілікте туысымызбен таласып-тармасып, жақынымызбен жаға жыртысып, бір-бірімізді сырттай жек көріп, өсек-аяңға салып жататын пендешілік тұсымыз бар.

Тірі кезінде жамандыққа қиып, ғайбатқа басқан мұсылман бауырымыздың жаназасында қандай адам еді деген сұраққа қалай жауап берер едік?!

«Жақсы адам еді» деп жауап беретін болсақ, тірісінде несіне күйіп-пісеміз?! Ал олай айта алмасақ, несіне адам боп ғұмыр кешеміз?!


Репост из: ✑ Қара сөзбен
Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ қалпы.pdf
612.1Кб
Мына тегін дүниені оқығандар бар ма? Кеше бір оқырман алғыс пікірін білдірді.




Репост из: ✑ Қара сөзбен
🆓 КІТАПТЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

БАСПАЛДАҚ
кітабы нәзік жандыларға арналған. Тарихи деректерді, құжаттарды оқи отырып, әйел тақырыбын, әйел тағдырының көрінісін, жастық кезеңнің қыз баласы үшін маңыздылығын түсінуге болады. Сондай-ақ әйел теңдігі мәселесінің көлеңке тұсын ұғынуға болады.

Аталған еңбек ой салса, жүрегіңізге жол ашса, дос-жарандарға, жора-жолдастарға жіберіп, қуантуыңызға болады.


Күйбең тірліктің арасында адам баласының шаршап-шалдығатыны бар. Әлсіз жаратылыс қой.

Тек бір батырлық бар. Қаншама қиындық пен ауыртпалықтың арасында адамның жан дүниесінің «Я, Алла! Шүкір!» деген шынайы сезімге бойлауы батырлықтың нақ өзі.


Мәселен, сен жұбайыңның немесе балаларыңның, тіпті, баланың болмауын т.б. қиындық пен ауыртпашылығыңды жақын адамыңа айтшы. Сөйтіп, сол жақын адамыңның проблемасын мұқият тыңда. Қалай екен?! Әлбетте, оның әңгімесінен соң өзіңнің жағдайыңа шүкір айтып, тәубе ететін боласың.


Адамға мұңыңды шақпа. Оның өз тағдыры, проблемасы, өмірі бар. Мінәжатты тек Жаратушыға бағыттаған жөн.


«Қазақтелекомға» барып бір сандалып қайттым. Мүмкіндік болса, жоламаған дұрыс екен.


ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТЫ САТЫП АЛЫП, ТЕГІН ТАРАТАТЫНДАРҒА САУАТТЫ ЕСКЕРТУ!

Электронды кітап пен қағаз кітап арасындағы негізгі құқықтық айырмашылықтар:

ҚАҒАЗ КІТАП. Сатып алушының толық меншігіне өтеді, ал тарату шектеусіз.

ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАП. Сатып алушы тек пайдалану құқығын алады, ал көшіру, тарату, қайта сату қатаң шектеулі.

Бұл заңнамама тұрғысынан бекітілген қарапайым халықаралық ереже. Мұны түсінбейтін адамның кітап оқығанына болайын!


Kaspi Gold-ыма қарасам, өзімді студент сезініп кетемін. Бала-шағасы бар адамға ұқсамайды.


Біздің қазақ интернет кеңістігінде пікір алмасу, пікір арқылы тартысу мәдениеті қалыптаспаған. Бізде біреудің контеніне пікір жазсаң, бірден жағаңнан алады. Сондықтан бізде comment функциясы ақсақ-тоқсақ. Оған қоса, пікір жазатындардың көбінде сауаты төмен, радикалды максимализм бар, өтірік-өсекті факт көреді.


Жігіт пен қыз болып некесіз кездесе берудің, ғашықтар секілді жүрудің көпшілік мән бермейтін тағы бір зияны бар.

Жігіт пен қыз қызғаныштан бір-бірін өлтіруі әбден мүмкін. Статистика бойынша мұндай қылмыстық жағдайлар тіркелген. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды.

Жігіттің некесіз кездесуде сыйлықты үйіп-төгіп бергеніне қыздар қауымы алданып жатады. Себебі сол сыйлықтың ертең сұрауы болады. Психикасы бұзылған жігіт қыздан айрылса, сөзсіз қылмысқа барады. Қыз да шетте қалса, жігітті немесе оның жақынын өлтіреді.


Матриархатқа ұмтылып жатқан феминизм қалайша патриархатты сынайды?!


Емхананың жүйесі түсініксіз. Мүмкін жемқорлықтың алдын алу үшін болар. Бірақ бір дәрігерге кіру үшін ЖПД-ға тіркелуің керек. Ол баруың керек дәрігерге басқа күнге тіркейді.

Анықтама қағазын алғың келсе, дәл барған күні бермейді. Ал алған күні бір жапырақ қағазға мөр бастыруың керек. Ол басқа кабинетте.

Шетелдің емхана жүйесін зерттеп көру керек екен. Себебі қазіргі жұмысбасты қоғамда емхананы шарлап жүруге уақыт тапшы.


Емханада тағы да адам көп. Жалындаған жастан қартайған кәріге дейін жүр. Денсаулық болмаса, дүниенің кеңдігінен не пайда?!

Біздің ақыл-есіміз дұрыс, деніміз сау болған соң ғой күнәнің түр-түрін істеп жүрміз. Мінезіміз оның ар жағында. Мұны мен мүгедектіктің IV тобы деп атаймын.


Қазір әлеуметтік желі арқылы қоғамдағы түрлі проблемаларды айтып, көрсетіп қорқыта береді ғой. Бір ақырзаман келгендей жүрекке үрей салады.

Біздің бала кезде де мұндай проблемалар болды ғой. 1991 жылы дүниеге келдім. Балабақшаға да бардым. «Сладкая жизнь» болған жоқ. Оны тек үлкендер, жиырмадан асқан жастар білетін. Ал біз…

Біз бала болған соң бақытты болдық. Бала деген қоғамда не боп жатқанын қайдан білсін?! Аман-есен мектепке де бардық.

Мінеки, ақыл-есіміз дұрыс болған соң қоғамдағы өзгерістерді қиын қабылдаймыз. Салық, айыппұл… Бұдан да аман өтеміз, бұйырса. Кешегі ковидті тіптен ұмытып кеттік. Сондықтан тып-тыныш өмір сүре беру қажет.


— Балапан, дұрыс өмір сүр. Әйтпесе, ана жақта әт-әт қылады.


Магнумда халық көп. Кезек толы азық-түлік. Құдды бір қымбатшылық емес, бәрі арзандағандай көрінді.


«Олар намаздарында ғапыл. Сондай-­ақ құлшылықтарын ел­-жұртқа көз қылып, көрсету ниетімен орындайды».

«Мә’ун» сүресінің 5-6 аяты. Кешегі Juzіқұрғыр блогер оқыған сүре.

Бұл сүреде намазына бейқам, құлшылығын Құдай үшін емес, рия жасайтындарға қатаң ескерту айтылған.

Ең қызығы, блогер бұл сүрені ел-жұртқа мақтану үшін оқып берді. Намазға немқұрайлы болуы әбден мүмкін.

Енді кешірім сұрағанша, өзі оқыған сүренің мағынасына үңілуі керек еді. Сонда өзін табатын ба еді?!

Показано 20 последних публикаций.