13-14 жас кезім. Түрлі жарыстарға қатысып, жеңіп, мектеп деңгейінде атақты бола бастадым. Еститінім тек мақтау сөздер. Мұғалімдердің сүйікті оқушысына айналдым.
Бір апайымыз кластың көзінше "Сендер Даниярдың тырнағына да татымайсыңдар" дегені есте қалыпты. Әрине, дұрыс емес сөздер. Қазір еске алып, қысылып отырмын. Бірақ ол кезде бұл сөздер нәпсіме майдай жағатын. "Жұлдыз ауруына" шалдыққанымды кейін түсіндім.
"Жұлдыз ауруы" желшешек (ветрянка) сияқты. Ерте ме, кеш пе, бір ауырып аласың. Бірақ барынша ерте ауырып алғаның абзал. Әйтпесе, есейгенде ауырсаң, қатты қиналасың.
"Жұлдыз ауруы" — өзіңді өзгеден жоғары санау, мақтау-мадаққа семіру. Оның қандай болатынын мен білемін. Дәмін татып көргем.
Бір күні үйге кластасым келді. Менің оңбағандығым сондай, басқа бөлмеге кіріп алып, кітабымды оқып отырдым. Қонақты қарсы алу, көңіл бөлу деген жоқ. Сондағы ойым: "ол менің оған уақыт бөлуіме лайық емес".
Мені бұл аурудан айықтырған, орныма қойған анам болды. Анамның қатал тәрбиесі болмағанда қуып кетер ме едім, кім білсін. Жерден алып, жерге салып, ұрсып, үрленіп жүрген менің желімді шығарып тастады. Содан кейін өзімді жердің кіндігі санауды қойдым. Өзгеге құрметпен қарауды, кішіпейіл болуды үйреткен сол кісі.
Содан бері мен әлі өзімді кішіпейіл болуға мәжбүрлеп, өз-өзіммен күресіп жүрмін. "Жұлдыз ауруының" белгілері қылаң бере бастаса, бірден басып тастауға тырысамын.
#күнделік