Данияр Жігітбек


Гео и язык канала: Узбекистан, Узбекский
Категория: не указана


Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын.
Кері байланыс: @zhigitbek
Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Узбекистан, Узбекский
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Менің бір мақсатым: Қанша көп болса да, Kitapal Club әрбір мүшесін жеке танитын деңгейге жету.


Kitapal Club 2025.pdf
38.7Мб
Kitapal Club — менің балам сияқты.

Басында ол тәй-тәй басып келе жатқанда оған көп көңіл, көп уақыт, көп махаббатымды арнадым. Соның себебімен ол тез дамыды, халықтың көзайымы болды.

Кейін назарым басқа жаққа ауып, оған бұрынғыдай қарай алмадым. Соның салдарынан оның дамуы да кенжелеп қалды.

Енді жоспарымды қасиетті Рамазан айына байлап, Жаратқаннан береке сұраған хәлде Kitapal Club жобамды жаңа форматта қайта бастамақшымын.

Бұл жолғы формат өте икемді, еркін әрі масштабталуға бейім. Біздің қатарымыз енді айдан-айға, жылдан жылға тек көбейе береді. Сөйтіп біз кітап оқитын елге айналатын күнімізді жақындата түсеміз.

Презентацияны оқып, танысып, қатарымызға қосылыңыз.

01.03.2025 бастап кетеміз!


Менің қаржылық қателігім

"Теория игр" деген кітапқа қызығып жүрдім. "Марвин"-де көріп, парақтадым. Ұнады. Ол жерде бағасы 11 300 тг деп тұрды. Маған тым қымбат көрінді бұл баға.

Сосын каспи.кз-де неше тұрады екен деп қарадым. 8700 тг дейді. Оппа, -2600 тг-ге арзан ғой мынау.

Флип.кз-де ше деп көрсем, ол жақта 7154 тг боп тұр екен бағасы.

Есептей алатын кез келген адам бұл кітапты флип.кз-тен сатып алу керектігін біледі. Айдан анық нәрсе.

Сөйтіп ертең төлем жасаймын деп оны флип.кз себетіне сақтап қойдым.

Ертесіне Шразаддин "Дәке, Марвинде жүрмін" деп жазды. Жұмсап жіберетін жаман әдетімнен бе екен, көңіл-күйім сол сәтте көтеріңкі болды ма, "Шәке, маған "Теория игр" ала салшы" дедім. Бекер-обалы не керек, Шәкең "бағасы 11 300 тг" деп фотосын жіберіп, ойлан дегендей болды. Бірақ мен қайтпай "мейлі, ала бер" деп жібердім. Флип.кз-тегі баға, себетке сақтап қойғаным есімнен шығып кеткен ғой. Кейін көріп, бармағымды шайнадым. Ойлашы, 7154 тг-ге ала салуға болатын кітапты 11 300 тг-ге алдым.

Қателігім неде? Эмоцияның жетегінде сатып алдым. Кейде сондай бір күйге бөленесің, өзіңді ерекше бай, еркін, көңілді сезініп кетесің де, ақша шашқың кеп тұрады. Сондай бір күйде қабылдаған шешім болды бұл. Келесіде бір нәрсе сатып алуға қатысты шешімді тек көңіл күйім көтеріңкі емес кезде ғана қабылдаймын.


Әзірге қозғалған тақырыптар тізімі

1. Ойлау жүйесін өзгерт
2. Кітап оқымасам, қандай болар едім?
3. Балалық шақ травмалары отбасылық өмірге қалай әсер етеді?
4. Әдеттің сапасы
5. Тайм менеджмент = дұрыс приоритет қою

Тізім толыға береді.

2025-те 50 аудио жазсам деген ниетім бар.

Аудио каналыма жазылыңыз.

Бір рет төлем жасап, каналға мәңгі доступ аласыз.

Құны: 5000 тг

Каспи:
8 777 583 98 00
Руслан Ж.

Чекті мына жерге жіберіңіз: @bmq01


Өзіміз отырып шәй ішейік 2025

Достар, "Өзіміз отырып шәй ішейік 2025" аудио каналыма шақырамын.

Ол жерде ой, білім, инсайттарымды аудио форматта бөлісіп отырамын. Подкаст қой, былайша айтқанда.

2025 бір жыл бойы жүргіземін. Кемінде 50 шағын аудио подкаст жазуды ниет етіп отырмын.

Курс емес, марафон емес, үй тапсырмасы жоқ.
Жай тыңдап, ой қозғап отырсаңыз, болды.

Сіздің алатын ең үлкен пайдаңыз:
менің түрлі тақырыптағы қысқа аудиоларымды тыңдап отырсаңыз, ойлау жүйеңіз өзгереді, тиімдірек бола түсесіз.

Ойлау жүйесі өзгерді деген сөз, өмір салтыңыз, әдеттер, шешімдер, әрекеттеріңіз өзгереді дей беріңіз.

Менің ниетім: аудио контент арқылы тыңдарманның ойлау жүйесінің тиімділігін арттырып, өмірін жеңілдету.

Бұл жолы бір-ақ рет төлем жасайсыз, болды, каналға мәңгі доступ аласыз.

Құны: 5000 тг

Каспи:
8 777 583 98 00
Руслан Ж.

Чекті мына жерге жіберіңіз: @bmq01


Кіріс-шығыс есебін Coinkeeper-де 2019-дың тамызынан бері үзбей (бір күн қалдырмай!) жүргізіп келе жатырмын.

Кіріс-шығыс есебін қаржылық жағдайыңды бақылауда ұстап отыру үшін жүргізу керек. Есебі жоқ нәрсені басқара алмайсың. Есеп! Есеп! Есеп!

Сондай-ақ кіріс-шығыс есебін негізге алып [қана] қаржылық мақсат, жоспар құра аласың. Мысалы, "тәк, сырттан тамақтануға өткен айда 150.000 тг жұмсаппын, келесі айға 120.000 тг деген лимит қоюым керек" деп.

Мен биыл шығын категорияларыма өзгеріс енгіздім. "Шығын категориялары" деген ақша жұмсайтын бағыттарымыз ғой: "Сырттан тамақтану", "Жол", "Ойын-сауық", "Білім алу", т.б.

"Кітаптар" деген жаңа категория аштым Coinkeeper-де. Бұрын "Білім алу"-дың ішіне кіріп кететін. Бұлай істеуімнің себебі: кітапқа бір жылда нақты қанша жарататынымды білу.

Оның айлық лимитін 50.000 тг деп қойдым. Яғни, ай сайын өзіме 50.000 тг-ге дейінгі бюджет көлемінде кітап сатып алуға рұқсат беремін.

Сонда бір жылда кітап сатып алуға максимум 600.000 тг бөлемін.

Иә, бәлкім оның бәрін биыл оқып бітірмейтін шығармын. Бірақ қазір сатып алып қоймасам, кейін кейбір, әсіресе бағалы кітаптарды таба алмай қалуым әбден мүмкін. Ондай жағдайлар болды да.


Қазір күнде 100 бет кітап оқу әдетін қалыптастырып жүрмін.

12 апталық мақсаттарымның бірі де сол. Иә, әдет қалыптастыруды да мақсат етіп алса болады.

3 жылдық видениемде (vision) "Интеллектуал, энциклопедиялық білім иесі, эрудит мұсылманмын" деген образ бар.

Кейде кітап оқығым келмей немесе не үшін оқып жүргенімнің мәнін жоғалтып алғанда, осы бір образ, видениені еске алам да, құлшынысым қайта артып кетеді.

Елестетші, сен кез келген тақырыпта терең, мағыналы, жоғары мәдениетті әңгіме өрбіте аласың. Тыңдаушыны (ол дамыған елден келген профессор болуы да мүмкін) бірден баурап аласың. Сосын оның сенің ұлтың, дініңе деген құрметі артады.

Күнде 100 бет кітап оқитын адам кемінде айына 10, жылына 120 кітап оқып бітіреді екен.

Осы тұста әдеттің сандық сипатынан бөлек сапалық сипатына да мән беру керек деп баса атап өткім келеді.

Күнде 100 бет кітап оқу — сандық сипат. Оқысаң, жарайсың! Бірақ манга оқисың ба, әлде экономика негіздері жайлы оқисың ба, сапалық сипаты екі түрлі. Әрине, сапалысын таңдау сені тез өсіреді.

Дәл сол сияқты таңғы серуенге шығып, 10000 қадам жасау — сандық сипат. Жүрсең, жарайсың! Бірақ ауасы таза Тұңғыш Президент саябағындағы таңғы серуен қаланың төмен жағындағы қуыс көшелердегі таңғы серуеннен әлдеқайда сапалы. Әдеттің сапасына мән бер. Сені өсіретін сол.

8.8k 1 51 5 334

Бүгін күнделік жүргізудің тиімдірек жолы жайлы білдім.

Біз әдетте күнделікке сол күннің хронологиясын жазамыз ғой. Мысалы, "Бүгін мынамен кездестім. Сосын ана жерге барып, ана іспен айналыстым", т.б. деп.

Дұрысы сол күнгі ой, сезімдеріңнің хронологиясын жүргізу екен. Мысалы, "Былай ойладым. Содан кейін осындай ой келді. Бірақ оны құп бермей, мына бағытта тағы ой жүгірттім", т.б. деп.

Бұлайша күнделік жүргізу біздің ойларымызды, миымыздың жұмысын жүйелеп, реттеп тастайды.

Энергиямыздың 80%-ын ой жүйесіздігі жейтінін ескерсек, ойлаңызшы, күнделік жүргізу және оны тиімді жүргізу қаншама энергиямызды сақтап қалайын деп тұр.

9.3k 2 90 5 359

Таңғы серуен

Бір істі тұрақты жасауға ниеттенген адам ең бірінші сол істің өзіне ұнайтын тұстарын ақ параққа жазып, көрінетін жерге іліп қоюы керек.

Ара-тұра оқып, жалғастыруға шабыт алып отырады. Әйтпесе, алғашқы жалын сөніп, тұрақсыз боп кетуі әбден мүмкін.

Бұл әдістің көмегі зор. Өзіңізге ұнап тұрған бір істі бастап, кейін тастап кеткеніңізді еске алыңызшы.

Негізгі себептердің бірі: ол істі не үшін жақсы көріп бастағаныңызды ұмытқаныңыз!

Сол үшін осындай бір еске салғыш керек.

Менің өмірімді күрт өзгерткен әдеттердің бірі: таңғы серуен.

Өзім үшін осы жерге таңғы серуенді не үшін жақсы көретінімді жазып қояйын. Оқып, тұрақты болуға шабыт алып отырамын:

1. Ұйқым реттелді. Күнде ерте тұруға ден қойсаң, еріксіз ерте жатасың.

2. Күні бойы энергично жүремін. Тіпті ол энергия кешке дейін жетеді.

3. Энергиям көп болған соң, балалармен алысып-жұлысып ойнап, оларға көңіл бөле аламын.

4. Энергиям көп болған соң, әйеліме жылы сөздер айтып, көңілін аулап, позитив қарым-қатынас құра аламын.

5. Тәттіге деген құмарлық күрт төмендеп кетті. Ұйқың реттелсе, физикалық энергияң жеткілікті болса, тәттіге тартпайды екен.

6. 10000 қадамды тоқтамай жасаған соң, сан, арқа бұлшық еттеріне салмақ түседі. Ал ол өз кезегінде тестостеронның көптеп бөлінуіне себеп болады. Еркектің мысыңның пайда болуы осы тестостероннан.

7. Күнімді жеңімпаз ретінде бастаймын. Таңғы 10000 қадамды жасау жеңімпаз образымды бекітеді. Сол күнгі шешімдердім жеңімпаз образында қабылдаймын, сол күнгі сөздерімді жеңімпаз образында айтамын.

8. Таңғы тыныштық, оның үстіне қозғалыста болу тұнығырақ ойлануға мүмкіндік береді. Тың идеялар туады. Әлі бір де бір таңғы серуеннен мәселеме шешім таппай қайтпадым.

9. Тұңғыш Президент саябағында күнде таңертең 1.5 сағат бойы таудың таза ауасын жұтқанда өкпем мен миым маған шексіз алғысын жаудырады.

10. Кездесу жасап, ақылдасуға таңғы серуен — таптырмас мүмкіндік. Талай адаммен таңғы серуенде кездесіп, талай мәселені шешіп тастадық. Кептеліс жоқ, жұмыс уақыты әлі басталмаған. Келмеуге тек ұйқы ғана сылтау болуы мүмкін, басқа ештеңе емес.

11. Таңғы уақытта береке бар және сол береке "талонын" күні бойы қолданасың.

12. 10000 қадам әдеті физиологиялық жасыңды 10 жылға ұзартады дейді зерттеу нәтижелері.

16k 1 187 8 482

Kitapal дүкенінде оффлайн 33 дәріс өткен едім 6.11.2024 – 27.12.2024 арасы.

33 дәріс – 33 түрлі тақырып.

Оффлайнның вайбы бөлек қой, шіркін.

Сол дәрістерді диктафонға жазып алған едік.

Тыңдаймын деушілер болса, міне сілтеме:

https://t.me/kitapal_shyraq


Kitapal Club жобамыздың 1 жылдық кешін абыроймен атқардық.

Кештің атмосферасын сезіну үшін фото-репортаж көре отырыңыздар.

1-бөлім:

https://drive.google.com/drive/folders/1HFwPMxqky5dSEfXuDk-ZHpE1RnYSweIv?usp=sharing

2-бөлім:

https://drive.google.com/drive/folders/1Bb3nBj9OCDbw6VzGxOfIvLuUmNov5ijg?usp=sharing

Клубымызға әлі де қосыла аласыздар:
https://t.me/dzhigitbek/1393

Қараша айында Агата Кристидің "Ғайып болған миллион" шығармасын оқып, талдаймыз.


Джігіттер 2.0

Елдің дамуына қазір қоса алатын үлкен үлесім
болашақ көшбасшыларға ағалық ақылымды айтып, бағыттап, дамытып, менторлық ету
деп білемін.

Осы ойдың жетегінде "Джігіттер" жобасы пайда болған еді.

Іріктеу аяқталды. 22 жігіт оңай емес сыннан сәтті өтті.

10 км-ді 60 минуттан аз уақытта жүгіріп өте алған,
кемінде 10 рет өз денесін көтеріп, турникке тартыла алған,
@kitapalclub - қа тіркеліп, кітап талқыға қатысуға коммуникациясы жеткен,
"Қаржы қағидаларын" менен алып, сатуға 20000 тг ақшасын қиған

22 жігіт бұл жобада болғысы келетінін ісімен дәлелдеді.

Алда бізді 7 айлық жұмыс күтіп тұр. Джігіттердің жан-жақты дамығанын қалаймын.

Бұл — тегін жоба. Джігіттер ықылас валютасын аямай төлесе, мен де білім-тәжірибемді аямай төгемін.


ДЖігіттер 2.0

Елдің дамуына қазір қоса алатын үлкен үлесім
болашақ көшбасшыларға ағалық ақылымды айтып, бағыттап, дамытып, менторлық ету
деп білемін.

Сол мақсатта ДЖігіттер 2.0 жобасын бастағанымды жариялаймын.

Неге "ДЖігіттер"? Данияр Жігітбектің жігіттері, болашақ жобаларымның қаһармандары деген сөз.

Неге "2.0"? Бұған дейін бұл жобаны жасағам. Жемісін көрдім. Командама бірнеше жігітті іріктеп алдым.

ДЖігіттер 2.0 жобасы 7 ай жалғасады: қараша, 2024 - мамыр, 2025. Тегін!

Оған дейін джігіттерді іріктеп алғым кеп тұр. Мына талаптардың бәрін орындаған джігіттерді жобама қабылдаймын.

1. Қараша, 2024 - мамыр, 2025 арасы Алматы қаласында оффлайн кездесулерге келе алуың керек.
Кездесулер көбінесе Тұңғыш Президент саябағында таңғы 08:00-ге дейінгі уақытта өтеді.

2. 1998-2005 жылдар арасында туған джігіттерді ғана қабылдаймын.
Төл құжатыңның суретін жіберіп растай аласың.

3. Алматы Марафон 2024-ға қатысып, 10 км-ді 60 минуттан аз уақытта жүгіріп өтіп, кейін сайттан нәтижесін көрсетуің керек.

21 км, 42 км жүгіріп өткендерді уақытына қарамай қабылдаймын.

Марафон 29.09.2024 өтеді.

Қатысу құны: 12000 тг.

Толық ақпарат:
https://www.almaty-marathon.kz/ru/events/almaty_marathon_2024/

UPD:
Регистрация 16.09.2024 жабылды дейді.

Тіркеліп үлгермеген болсаң, Strava қосымшасын жүктеп, 10 км-ді 60 минуттан аз уақытта жүгіріп, нәтижесін бөлісе сал.

4. Kitapal Club жобасына жазылып,
қыркүйек немесе қазан айының кітап талдауына қатысып,
қатысқаныңды растау үшін фото дәлел және
бірге қатысқан адамдарыңнан сен жайлы пікірін көрсетуің керек.

Жазылу құны: 10000 тг.

Толық ақпарат:
https://t.me/dzhigitbek/1393

5. 3-талапты (марафон немесе Strava) орындаған соң,
10 рет турникке тартылғаныңды видеоға түсіріп, видео дәлел көрсетуің керек.

Дедлайн: 31.10.2024

6. 01.10.2024 - 31.10.2024 арасы

менен 5 дана "Қаржы қағидалары" кітабын алып, сатуың керек.
Маған ақша аударған кезіңде саттың деп есептеймін.

Әр данасын 4000 тг-ден беремін.
Бір данасын менен алып, өзің қалаған сомаға сатып, сосын келесі данасын алып, солай сатсаң да болады.

Бастапқы капиталың 4000 тг болуы керек.
Бірден 20000 тг төлеп, 5 данасын ала салсаң да болады.

Талаптарды мұқият оқып, шешім қабылдауыңды сұраймын.

Нәтижелерді мына жаққа жібересің: @zhigitbek

Іріктеуден өткен, менімен келесі 7 ай бірге болатын джігіттерді 01.11.2024 күні жариялаймын!


Данияр Жігітбек 2022-2023 архив .pdf
335.4Кб
Сізді алаңдатқан сұрақтарға жауап беріп, өміріңізді жеңілдететін 156 аудио подкастыма мәңгі доступ алыңыз.

Бұл — 2022-2023 ж. жазған аудио сабақтарым. "Өзіміз отырып шәй ішейік" жобасының архиві. Файлды ашып, тақырыптар тізімімен таныса аласыз.

Мәңгі доступ: бір төлейсіз, болды, 156 аудио подкасттың мәңгі иесі боласыз. Кез келген уақытта сұрақ туса, сәйкес тақырыптағы аудионы тыңдап, жауап таба қоясыз. Өміріңіз жеңілдей түседі.

156 аудионың бәрін тыңдап шыққан адамның ойы сөзсіз өзгереді. Менің ойлау стилімді "жұқтырасыз". Ой өзгерсе, болды, қарым-қатынас, мінез, әдет, қаржы жағдайы — бәрі өзгереді.

Өзгерем, өмір сүру өнерін меңгерем деген ниетіңіз болса, подкастарыма мәңгі доступ алыңыз.

Реквизиттер:

+7 778 601 6131
Марал Б.

20,000 тг жіберіңіз.

Чек: @bmq01


Әр қазағым жалғызым
қаржылық білімін арттырып,
қарыздан құтылып,
ақшаны дұрыс жаратуды үйреніп,
бай және еркін болғанын қатты
қалаймын.

Сол үшін тегін аудио дәрістер өтіп жүрмін.

"Қаржы қағидалары" деген кітабымды негізге алып, білімімді бөлісіп жатырмын.

Кітап сатып алуға мүмкіндігің болмаса,
оқуға ерінсең,

онда жай Play батырмасын басып,

осы аудио дәрістерді шетінен тыңдай берші.

Сөзсіз пайдасын көресің.

Еш алғыс пен ақы күтпеймін. Сенің өмірің жақсарса, болды.

Міне сілтеме. қосыл:
t.me/qr_zhi

Құрметпен,
Данияр Жігітбек


Достар!

"Қаржы қағидалары" тәпсірі" деген канал аштым.

Бұл каналда мен, Данияр Жігітбек, өзімнің "Қаржы қағидалары" кітабымда қозғалған тақырыптарды аудио түрінде тәпсірлеп, түсіндіремін.

Кітапты оқу бір бөлек, оны ауызекі тілде түсіндіру бір бөлек.

Каналдағы барлық аудио жазбалар тегін. Сақтап, тарата беріңіздер.

Сілтеме: https://t.me/qr_zhi


"Не үшін кітап оқу керек?" кітабына алғысөз

Құрметті оқырман! Қолыңыздағы кітапты үш замандасыңыздың кітапқа деген махаббатын көрсететін туынды деп біліңіз. Біз, Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев және Шразаддин Каниязов, осы кітабымыз арқылы сізді "кітап" деген ғажайып әлемге шақырғымыз келеді.

5000-ға жуық кітап оқыған, 10-нан аса кітап жазған жандар ретінде кітап жайлы кітапты біз жазбасақ, кім жазады?

Бұл кітапта біз кітап оқудың пайдаларын, біздің өмірімізді қалай өзгерткенін айттық. Сондай-ақ кітапты қалай оқу керек, қалай таңдау керек, оқығанды амалға асырудың жолдары жайлы да сөз қозғадық.

Кітап үш адамның еркін әңгімесі форматында жазылған. Барынша қарапайым сөздерді қолдануға тырыстық. Арасында ауызекі стильдегі сөздер де кездеседі. Үшеуміз ғана сөйлей бермей, арасында сізге де пікір білдіруге, әңгімеге араласуға мүмкіндік беріп отырамыз.

Әдебиеттен хабары бар жандар біледі, Әзілхан Нұршайықовтің "Ақиқат пен аңызы", Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтің "Құз басындағы аңшының зары" кітабы осындай диалог түрінде жазылған. Біздің кітабымыз да сонысымен ерекшеленбек. Үш адамның бір нәрсеге қатысты үш түрлі пікірін оқи отырып, сіздің де өз пікіріңіз қалыптасады. Әрі әңгіме жалықтырмайды. Былайша айтқанда, бір деммен оқып шығасыз.

Бұл – кітап оқу жайлы кітап. Бірақ біз тек кітап жайлы әңгімемен ғана шектелмедік. Кітапқа тікелей қатысы бар ғылым, дін, пәлсапа, өнер тақырыптарына да түрен салдық. Оқып, таным көкжиегіңіз кеңіп қалады деп сенеміз.

Біздің мақсатымыз: Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру. Мына туынды да сол мақсаттан туған. Егер кітабымыз сіздің кітаппен достасып кетуіңізге себеп болса, мақсатымызға жеткеніміз.

Ал, ыңғайланып отырыңыз. Әңгімемізді бастайық.


Айт құтты болсын, ағайын!

Рамазанда 30 күн ас-ауқаттан тыйылдық. Бүгін бейне бір еркіндікке жеткендей қуанып, арқаны кеңге жайып отырмыз. Айт күнгі қуаныштың дәмін тек 30 күн ораза ұстағандар жақсы сезінсе керек.

"Бұл өмір кәпір үшін — жәннат, мұсылман үшін — зындан" дегенді естіп едім. Бұл өмірде мұсылман болсаң, қалағаныңды істей бере алмайсың. Белгілі бір тыйымдар бар.

Тамақтың адалын таңдап жейсің. Киімнің ұяттысын таңдап киесің. Сөздің түзуін таңдап айтасың. Себебі сен — Алланың таңдап алған құлысың!

30 күн ораза сияқты тыйымдарға толы бұл өмір де өте шығар. Содан кейін сені еркіндік күні — Жұмаққа кіретін күнің күтіп тұр. Сол күнгі қуаныштың қандай болатынын білмеймін. Бірақ бүгінгі айт күнгі сезімдер сол күні кешетін күйімізден хабар беріп тұрғандай.

Біз Рамазандағы тыйымдардан азап шегіп, қазір енді содан құтылғанымызға қуанып тұрған жоқпыз. Жоқ! Әсте олай емес. Керісінше ол бізге ләззат сыйлайтын тыйымдар еді. Әйтпесе, қасиетті аймен қимай қоштаспас едік.

Дәл сол сияқты мұсылман адам үшін бұл өмірдегі тыйымдар — азап шектіретін емес, ләззат сыйлайтын тыйымдар. Олай болса, өмір бойы тыйылып, содан ләззат алып, одан кейін сол тыйымдардан құтылып, Жәннатқа кіріп, содан да ләззат алатын мұсылманның күйі қандай ғажап!

@dzhigitbek


Өзгенің ісін жеңілдету

"Өзгеге көмектесу" емес, "өзгенің ісін жеңілдету" деген сөзді қолданғым кеп тұр. Екі сөздің энергиясы екі түрлі. Мені "өзгенің ісін жеңілдету" деген сөз көбірек шабыттандырады.

Жан-жағыма қарап, "кімнің ісін жеңілдете алам?" деп ойлана бастадым. Бір танысым кітабын сата алмай, жарнамасын қалай жасарын білмей басы қатып отыр. Бір әжей банкоматтың тілін түсінбей, қиналып тұр.

Олардың ісін жеңілдетуге шамам мен білімім жетіп тұр ғой. Танысыма хабарласып, 1-2 копирайтинг тәсілді көрсетіп, саудасын көтере аламын. Әжейдің ақшасын шығарып бере аламын.

Мен оларды елемей, өз жөніммен кете берсем де болар еді. Бірақ олай істесем, әлемде кемінде 2 адам қиналып тұрар еді.

Біз өзгенің ісін жеңілдетуді емес, қиындатуды көбірек ойлайтын сияқтымыз. Біреуге жол бермей, біреуді күттіріп, біреуге қағаз толтыртып, біреуге артық іс істетіп, біреуге қырсығып уақытында жауап бермей жатырмыз. Егер жалпы ел болып өзгенің ісін жеңілдетуді ұстаным етіп алсақ, жемқорлықты да жеңер едік-ау осы.

Біреудің көмек сұрағанын күтпей, өзің бірінші барып, ісін жеңілдетсең, кайф! Фишка сұратпай көмектесуде. Жан-жағыңа қарашы. Қиналып, басы қатып жүрген, мейлі ол кішкентай іс болсын, жандарды іздеші. Тез табасың. Сен үшін оп-оңай, бірақ ол үшін қиын істің күрмеуін шешіп бер. Сөйтіп әлемдегі қиналып жатқан адамдардың санын аз-аздан үздіксіз азайта берейікші.

@dzhigitbek

51.8k 2 135 35 689

Күннің батуы, айдың тууымен келіп жеткен Рамазан айы құтты болсын, құрметті мұсылмандар!

Праздник к нам приходит. Үлкен сарайды елестетші. Іші толған алтын кесектері. Бір кесекті сатсаң, құны: $50. Жерде шашылып жатыр. Бассаң, тізеңе дейін батып кетесің. Сарайдың есігі ашылып, "30 күнің бар, үлгергеніңше теріп ал" деді. Сондай күйде тұрмын.

Биыл тек ішіп-жеуден ғана тыйылып қоймай, көз, құлақ, тіл, қол, аяқ та ораза ұстайтын екінші деңгейге ниет етіп қояйық, уа, мұхтарам жамағат!

@dzhigitbek

33.8k 3 63 21 527
Показано 20 последних публикаций.