Қазақ ғалымы Б.К.Бейсенов алғашқы адамның қазақ болғанын дәлелдей келе, осы зат есім мен етістіктің бірдей екенін алға тартады. Ол омоним сөздерді атаңыз.
Бірнеше жыл бұрын (2021-ден кеш емес) жазылған сұрақ еді. Жалпы, бұл деректің өзі жымитатын нәрсе болса да (әдетте, жабық куиздерде сұрақты бастап оқып келе жатып, "Анаңғара" деп кекетінмін), философия ғылымдарының докторы Бағдат Бейсенов осының негізінде Інжілдегі Адамның қазақ тілінде сөйлегенін де айтып еді.
Жартылай шовинистер фрик-лингвист деп атаған Мұрат Аджиде қызық нәрселер бар, әсіре "құлақтан тартып байланыстыру" жиі болса да, сұрақ құруға ұстын болар фактажы көп. Аджиден бірақ жазғанмын бір-екі сұрақ қана, оны да шығарармын осында.
#сұрақ #iqas #логика