МЕРЕЙЛІ АРНА


Channel's geo and language: Uzbekistan, Uzbek
Category: not specified


Мерей Ермұхановтың телеграм-арнасы

Related channels

Channel's geo and language
Uzbekistan, Uzbek
Category
not specified
Statistics
Posts filter


НАУРЫЗ КУИЗІ Астанада! :)


Дуплет:

1.1. Қаракөз Тұрмағанбетқызының айтуынша, ОСЫНДАЙ болған күшті: ...қалағаныңды жейсің, киесің. ОСЫНДАЙды атаңыз.

1.2. Мерей Ермұхановтың айтуынша, СОНДАЙ болған күшті: қалағаныңды жейсің, киесің
. СОНДАЙды атаңыз.


#сұрақ #iqas #квиз #куиз


Жауабы (бірден баспаңыз, өзіңіз ойланыңыз): байсыз, майсыз. Айтпақшы, СОНДАЙ деген де "жирныймен" форматталған :)


Енді ресейде тұратын беларустар және беларусьте тұратын ресейліктер жергілікті мәслихаттар сайлауда дауыс беріп, кандидат ретінде қатыса алады.

батькі пынькаға аннексияны арзанға беріп жатыр. басталды.


Реал мен Атлетиконың плейоффтағы ойыны жайлы.

Атлетико әдеттегідей «басқа районның» жігіттерінен өте алмады.

Бірақ осынша жақсы ойнаған Атлетико, осынша тізгінделген Реалды көптен көрмедім. Симеоне сұңқарлары лайық болды.
Бірақ чемпион сана дегенін істейді екен. Нашар ойнап та өтіп кете беретін мұндай команда сирек. Ораза кезінде Халал Мадридтың айы оңынан туды.


Боченскилердің кезінде Тракторды ұтып жүретін "Барыс" еді. Қазіргі деңгей осы. Қазақстандықтар көбейгендей, бірақ толыққанды емес.

Әншейін "дос" бола тұру үшін лигаға салып қойған сияқты ел клубын. Типі стратегиялық құрал.

Легионерлерді қуу керек, 0-8-ді таза өзіміздікілермен де істей аламыз :)


Дуплет:

1.1. Бұл өнім, бренд атауы – қыздыру жүйесін білдіреді. PMI ұсынған технология алғаш рет 2014 жылы Жапонияда шыққан. Бұл НЕ?

1.2. Бұл атауды түсіндіре келе, Есен Елеукен ми, ақылмен қоса, әу баста «ең үздік ұшқыш» деген мағынадан шыққан, хас шеберді білдіретін сөзді қолданады. Қай атауды?


Жауабы: IQOS, IQAS

П.с. Бүгін кешке астанада кезекті айқас, кайфас, ми оргазмы. Аузы ашылғасын тікелей келе беріңіздер, команда табылады.


Топжарған 2 турниріне арнап жазған сұрақтар, 2024.

Тақырып:
Ө.Ө.


10. Түсіндірме сөздік үлкендер жиі айтатын осы алғысты «басқа бас қосылу, үрім-бұтақты болу» деп түсіндіреді

20. «Мұнайды сатып жатқан ұстаздар», «Прокурор, судьялар пара алмай жүр», «Әкемнен бұрын тудым» - бұл Жандарбек Бұлғақовтың осы жанр шарты бойынша өткен айтыста айтқан жолдары

30. Зеравшан, Санзар, Қашқадария - ОЛАР

40. Шарасыздық жайлы қазақ мақалында тұрмыстық көліктің қирауына ОСЫ ПРОЦЕСС қана - альтернатива.

50. Шиелі аудандық газеті аймақтың өркендеуі жайлы жиі жазады. Газет осылай ата
лады


#сұрақ #iqas #тетрапак #топжарған #cвояк #свояигра


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
25 ақпан, сейсенбі, футбол және логика сүйер қауым Ермаштың Фанбарында қазақша футболкуизге жиналмақ :)

Астана, Қабанбай батыр 11, кешкі 19:45.


Forward from: ArshatGo
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ий неғо, Ақтюе кятр дидта


Айканың тізімі х**ня ма дедім ғо (с) 😃

Салық жалтару тізімінде болмағандағы сенің түрің 😃


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
IQAS жазғы кубогі, 2022. ELarna телеарнасы.

Қиын сұрақ. Кеулімжайдан :)

Өр-өрме - Брейншторм.
Естелік.

пы.сы. Сәрсенбі 19 ақпан - Астанада IQAS кеші. Жигуль бар, Қабанбай батыр 2/2, келіңіздер.

#сұрақ #iqas #тв #чгк


Кешкі асқа Құндыз келіп,
Екеулеп
Кеспек әзірледік.
Құндыз-ау, сөйлеселік,
Шыдатпас өсектен періп.



Әжептәуір поэзия ғой қарап тұрсаң, ә? Құндыз деген құрбы қыз сияқты :) Слава Скрипканың шығармашылығынан.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
IQAS жазғы кубогі, 2022. ELarna телеарнасы.

Милар - Брейншторм.
Естелік.

#сұрақ #iqas #тв #чгк


Forward from: Қазақша Куиз
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Астанадағы ойыннан көріністер


Forward from: Қазақша Куиз
Қазақша Куиз Ел Чемпионаты 1-тур жалпы кестесі


Топжарған 2 турниріне арнап жазған сұрақтар, 2024.

Тақырып:
-көт-

10. Биіктеу қып қазған арықты да, ірі топтамалармен сауда жасауды да осылай атайды

20. Құлыншақ, Молда Мұса, Бақтыбай, Түбек, Мәделіқожа, Бөлтірік, Майлықожа, Сүйінбай – бұл оның қарсыластарының бірнешеуі ғана

30. Бұл сұрақта жауап талапты екі рет қанағаттандырады
1847-1858 жылдары Кіші жүзде болған Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысты атаңыз.

40.
gov.kz ОНЫ растайтын басты құжат ретінде әдетте жасыл түсті кітапшаны атайды

50. Сыр жақта - екі жағынан жерге қағылатын ағаш не қайықтың адам отыратын көлденең тақтайы; Жангелдин жақта - былтыр салынған маяның орнында қалған шірігі; Мақтарал жақта - мақтаның толысып пісе бастаған кезін осы сөзбен атайды. Құдай сақтасын, анаңғара, неткен көп мағына!

#сұрақ #iqas #тетрапак #топжарған #cвояк #свояигра


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
ХХІ ғасыр көшбасшысы жайлы сұрап келгесін, оның өмірге ықпалы жөнінде тоғыстыруға тура келді. Шын мәнінде, ол қызық естелік пен уақыт өткізу.
Алайда, аса бір ерекше ғажап нәрсе демес едім. Біздің лидерлердің бәрі - жақсы адам емес, бәрі жауапты жан не күшті ғалым болмады. Яки, адами қасиеттер алуан.

Қазіргі балаларды сөге беретіндер де бар, дым білмейді дегендей... Бәлки, біздің заманда оқудан басқа қызық сирек болған шығар.
Осы біздің толқындағы оқушы эрудиттер арасында әлі сол линияны ұстап келе жатқан адам - сирек, ал ұйымдастыру мен авторлығын қосқанда жалғыз мен бе дедім :) Сол ЧГК, свояк, куиз ойыншылығы - және жүздеген сол бағыттағы шара ұйымдастыру мен тв-бағдарламағаға дейін сұрақтарын жазып, жүргізу.

Архивтен видеоларды тауып алу қызық болар еді. Мен үйтіп-бүйтіп жылдық ойынға дейін орын алған адаммын, алғашқы сотовыйды осы "Лидер" берген (2 элджи телефоны).

пы.сы. Айтпақшы, анау локация - Қабанбай батыр 11-дегі Ермаштың Фанбары. Келесі футбол куизіміз - 11 ақпан (сейсенбі) 19:45.а


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Қазақстан дуинг э Бредбери істеп кетті ме?

Шорт-тректен 5000 м-лікте чемпион болған Қазақстан құрамасы тіпті әлемде де топтарға жақын-жақын жүрген. 2002 жылы бәрі құлап, чемпион болған Бредберидің құрметіне тіркес те бар ағылшын тілінде. Бірақ ол аса күш салмай жетістікке жетуді білдіреді. Біздің жігіттер, әрине, еңбек пен жігердің арқасында жетті.

Дегенмен, алдымызда келе жатқан қытай мен кәрістің бір-бірімен жарысып, бірінің темпі түсіп, бірі құлап, біз стивендеттік, рас.


Мынау жолдар кімге арналғанын есіме түсіре алмадым, бірақ логикамен топшылап едім - шынымен осы датада ойлаған адамым қайтқан екен.

Кім екенін тауып көріңіз.



#сұрақ #iqas


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
IQAS жазғы кубогі, 2022. ELarna телеарнасы.

Милар - Астана.
Естелік.

#сұрақ #iqas #тв #чгк

20 last posts shown.