✅ КЫСТ ӘЛ-ХИНДИДІҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?
Тамырының емдік қасиеті бар бұл өсімдіктің ұзындығы 2 метрге дейін жетеді. Емдік қасиеті болғандықтан Үндістан мен Қытай елдерінде арнайы өсіріледі.
Тамыры ақ немесе қара түсті болады. Қара түстісі ащылау болса, ақ түстісі жұмсақ әрі оның емдік қасиеті көп.
Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ):
«Мына үнді ладанын пайдаланыңдар, өйткені онда жеті (түрлі дертке) шипа бар: тамағы ауырған оның түтінін жұтады, ал өкпеқабы қабынған оны аузына салады»,—деген (Бұхари)
Дәрігерлер кыст әл-хиндидің түрлі ауруларға қарсы тұратын пайдасы өте көп екенін айтқан.
Атап айтсақ:
1⃣ Зәр шығару жолдарын тазалайды;
2⃣ Бүйрек, бауыр аурулары мен ас қорыту мүшелерінің бұзылуының алдын алады;
3⃣ Ауыз рагын емдейді;
4⃣ Безгек (лихорадка), тырысқақ ауруларынан айығуға көмектеседі;
5⃣ Потенцияны күшейтеді;
6⃣ Ішек құртын жояды;
7⃣ Қан қысымын ретке келтіреді;
8⃣ Иммунитетті көтереді.
https://t.me/ruqya_kz