ҚР Президенті Тоқаевқа!
ҚР Ішкі істер министрі Талғардағы жағдайды шеше алмаса, Жаңа Қазақстанды ОПГ басқарған, қазақтың сенімін жыққан, ең соңғы үмітін үзген, құрдымға кеткен қоқыс деп қоя саламыз.
Талғардағы бір әулеттің тас талқанын шығарған оқыс жағдай құқық қорғау органдарының кім екендерін, кіммен кімнің сыбайлас, байланысы бар екенін анықтайтын емтихан болып тұр. Құқық қорғау органдары бұл емтиханнан өте ме, өтпей ме, ол жағы мүлде белгісіз.
Өткенде Талғардағы оқыс жағдайды Ішкі істер министрі қолға алды, Бас прокуратура бақылауға алды деген еді. Дұрыс болыпты ғой деп қуанғанбыз. Бүгінгі болып жатқан жағдайлардан тіпті адам шошиды.
Президент Тоқаев таққа алғаш отырғанда Жаңа Қазақстан деген ұранды алға тартып, үлкен дипломатиялық лауазымдарда жұмыс істеп келген, бірнеше тілді біледі, өте интеллигент азамат, әділдік болар, шындық бой түзер деген сенімім болған.
Талғардағы жағдайды заң үстемдік ететіндей шешпесе, президент өзі араласпаса, жыл сайынғы желтоқсан мен қаңтар айларындағы үрей мен қорқыныш, дүрбелең белең алуы мүмкін. Бізде жағдай тек жоғарыдан берілетін тапсырманы ғана орындайды. Президенттің жалпы мынау сорақы жағдайдан хабары бар ма осы!?
Құрметті, президент мырза!
Мынау сорақы іске тікелей араласуыңыз керек! Құқық қорғау органдарының әрекетінде күмәнді жағдайлар өте көп сияқты.
Талғардағы жергілікті билік, полиция, прокуратура, ішкі саясат бөлімінің бәрінің кадрларын толығымен ауыстыру керек.
Әйтпесе, мынау сұмдық әрі сорақы жағдай Жаңа Қазақстан деген атауды өте жеккөрінішті етіп тұр. Бекболат Қаржан