Beisenali Olzhas


Гео и язык канала: Узбекистан, Узбекский
Категория: Религия


Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.
Әлеуметтік парақшаларым:
Инста: https://instagram.com/beisenali.olzhas
Кітапхана: t.me/mufakkirr

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Узбекистан, Узбекский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Бүгін Тахауия дәрісі сағат 16:10 басталады. Ұл балдарға


Бүгін Тахауия дәрісі сағат 16:10 басталады. Қыз шәкірттермен


Менің "тегін дәрістер" топтамасы (көрмегендер болса):

1) Әбу Ханифаның өсиеттері https://t.me/nasaihabukhanifa

2) Тағлим мутағаллим (орыс тілінде) https://t.me/+vSV-fOX8fIkxZTIy

3) Риядус-салихин (орыс тілінде) https://t.me/+3cqMVZJdKR1iNmNk (жалғасуда)

4) Ислам Әдебі http://t.me/islamadebi (Жаңа жалғасуда)

5) Әш-Шәмәил әл-Мухаммадия (толық):
https://youtube.com/playlist?list=PLZgHxa7d9h1UUKeCVjCkf3jyruDMRsBtG

6) Нәпсі дертінің дауасы (толық):
https://t.me/+XlI4hBoWta44NmZl

7) Имам Ғазали, Балама өсиет (толық):
https://t.me/+HVsU7hgCZKAxNGRi

8) Орыс тіліндегі фиқһ дәрістері (толық):
https://t.me/rawdat

9) Имам Ғазали, Тура жолдың бастауы (толық)
https://t.me/bidayathidaya


Тарауихты мешітте қалдырмай оқитын жігіт неткен жақсы?!

Тарауихты үйінде қалдырмай оқитын қыз бала неткен көркем?!


Бұл дүниеде ұйықтап амал жасамай, ақыретте бірақ оянған адамнның мысалы – Кәһф үңгірінде 300 жылдан астам ұйықтап, оянғанда ештеңе сезбей қалған жандардың мысалына ұқсайды.

Сол үшін ұйықтама, әрекет ет. Әйтпесе өмірің тез өтіп кетеді


Ұстаздың шәкірттеріне айтқан өсиеті мен насихаттары әрдайым елге жариялана бермейді.

Кейде ұстаз белгілі бір шәкіртке белгілі бір насихатты айтады. Ол тек оған қатысты болған соң, оны жарияламау қажет.

Әсіресе қара халық түсіне бермейтін немесе контекстен жұлынып алып, түсіндірмеге мұқтаж сөздерді әлеуметтік желіге жарияламаған жөн


Тарауихтан соң Риядус-салихин дәрісі иншаАлла жалғасады


Бүгін Тахауия дәрісі сағат 16:10 басталады. Ұл балдарға


Далада аузыңды жауып жүр. Қар кіріп оразаң бұзылып кетпесін)

6.7k 0 31 6 372

Бүгін Тахауия дәрісі сағат 16:10 басталады. Қыз шәкірттермен


Аллаға шүкір, Рамазанның үшінші түні Құдай берген жалғыз қарындасым, жаны аман қалып дүниеге бір батыр әкелді. Мен енді официально "нағашы" атандым)

5.7k 0 0 12 618

Салиқалы құлдармен бірге бол, өзің салиқалы болмасаң да

Кәһф үңгіріне кіріп дінін сақтап қалған салиқалы жандардың арасында бір ит болды. Ол ит ғалымдарымыздың айтуынша жас салиқалы жігіттердің арттарынан қалмай үңгірге кірген екен. Солардың берекетімен сол ит қиямет күні жәннатқа да кіреді делінеді.

Егер де, салиқалы жандармен болған иттің жағдайы қияметте осындай болса, онда Алланың салиқалы құлдарымен әрдайым бірге жүретін қарапайым адамның да қияметте жағдайы жақсы болар үміт болмайды ма?!

6.4k 1 57 2 360

Тарауихтан соң мешітте (НМУ-дың) орыс тілінде "Риядус-салихин" кітабы бойынша дәріс болады.

Алла қаласа күнде, тарауихтан соң арнайы орыс тілді жамағат үшін, студенттер үшін

5k 0 6 7 210

Бүгін осы кітаптарды оқыдық. Біреуін тіпті жаңадан бастадық. Рамазанның берекесі

5k 0 0 1 234

Каналымның ақысы берілмей жүр, білемін. Бар ойым – шәкірттер мен дәрістерде болғандықтан, каналым жайға қалды.

Не істеймін енді, приоритет – солар)

Архивтен де пост шығаруға ұялып жүрмін. Неғыса өздеріңіз оқып аларсыздар.

Шабыт болса жазамын. Болмаса, осылай тұра береді. Көбінесе хабарламалар болады.

Аман болыңыздар. Рамазандарыңыз берекелі өтсін!


Рамазанға аман-есен жеттік, енді аман-есен, күнәдан кешірілген халде оны бітіруімізді нәсіп ет!


Менің былтырғы шығарған Мүбарак 30 күн кітабымды таратпауларыңызды сұраймын. Себебі, ол кітапты өндеп қағаз түрінде шығаруға ниетіміз бар сосын. Биыл оны таратпасаңыздар деген өтінішім бар. Алла разы болсын


Күнтізбені ашатын уақыт та келді. 29 күн бойы кім қайда шақырғанын қарап жүретін болдық)

Айтпақшы, менің уже екі күнім бос емес)

6k 0 6 1 180

"Тәзкират-самиғ" бүгіннен бастап Рамазаннның соңына дейін тоқтайды. Баршаңызға Алла разы болсын


Кейбір шәкірттерді топтан шығарудын да керегі жоқ. Олардың жарамдылық мерзімі біткен кезде, өздері-ақ кетеді

Показано 20 последних публикаций.