Қарақалпақ елінің атақты ақыны Тілеуберген Жұмамұратовтың мына өлеңінің қазақ келіндеріне де бір пайдасы тиіп қалар. "Басқа бәле тілден" демекші, отбасындағы ынтымақты сақтауға үндеген өлеңді сіздер де оқи отырыңыздар. Қазақшаға тәржімалаған Дәурен Мақсұтханұлы (Dauryatm)
Шернияздың дуасы
(Халық аңызы)
Шопан жігіт бар екен
Көріп жүрген Шерекең.
Келіншегі тентектеу,
Қасарысқыш өр екен.
Айша менен Оразбай,
Ата дұшпан араздай.
Күнде қиқу үйінде,
Шоқысқан бір қораздай.
Көпке сыры білінді,
Гәпке, сөзге ілінді.
Қайта-қайта араша,
Қоңсылары бүлінді.
Айша қатты зорықты,
Ішіне дерт толыпты,
Мұңын айтып шағынып,
Шерниязға жолықты:
- Ерім мені ұрады,
Құлағымды бұрады,
Күнде жанжал, күнде дау,
Болады да тұрады.
Қарасам да айнаға,
Мені кем деп ойлама.
Түзегендей ерімді,
Бір дуа бер, қайнаға!-
Деп жалынды жас келін,
Өркөкірек мес келін.
Шерекең бірден сезді де,
Келіннің кекірейіп өскенін.
«Білмесем де дуаны,
Даудан шатақ туады.
Егер дуа бермесем,
Ерің сені қуады.
Болсаң да сен ерікті,
Мақтаныш етпе көрікті»-
Соны жазып үш бүктеп,
Дуа етіп беріпті.
- Айналайын келінім,
Ашуы келсе еріңнің
Қағазды бекем тістеп тұр,
Бүлк етпесін ерінің! -
Деп ақын оны сынапты,
Өткеріпті сынақты.
Содан бастап күйеуі,
Келіншегін ұрмай ұнатты.
Ашщы тілдік - келінде,
Гәп жоқ екен Ерінде.
Жанталаспапты еш себеп,
Бүлк етпеген ерінге.
Тату тұрмыс құрыпты,
Балдан тәтті тұрыпты.
Ақынның сол дуасы,
Дау-жанжалды құртыпты.
Бір сөзден қалсаң «әу!» деме,
Сәл нәрсені дәу деме.
Өз үйіңнің адамын,
Бітіспестей жау деме!
#ҚазақпенҚарақалпақ
#қазақтыңдүниетанымы
#dauryatm
Шернияздың дуасы
(Халық аңызы)
Шопан жігіт бар екен
Көріп жүрген Шерекең.
Келіншегі тентектеу,
Қасарысқыш өр екен.
Айша менен Оразбай,
Ата дұшпан араздай.
Күнде қиқу үйінде,
Шоқысқан бір қораздай.
Көпке сыры білінді,
Гәпке, сөзге ілінді.
Қайта-қайта араша,
Қоңсылары бүлінді.
Айша қатты зорықты,
Ішіне дерт толыпты,
Мұңын айтып шағынып,
Шерниязға жолықты:
- Ерім мені ұрады,
Құлағымды бұрады,
Күнде жанжал, күнде дау,
Болады да тұрады.
Қарасам да айнаға,
Мені кем деп ойлама.
Түзегендей ерімді,
Бір дуа бер, қайнаға!-
Деп жалынды жас келін,
Өркөкірек мес келін.
Шерекең бірден сезді де,
Келіннің кекірейіп өскенін.
«Білмесем де дуаны,
Даудан шатақ туады.
Егер дуа бермесем,
Ерің сені қуады.
Болсаң да сен ерікті,
Мақтаныш етпе көрікті»-
Соны жазып үш бүктеп,
Дуа етіп беріпті.
- Айналайын келінім,
Ашуы келсе еріңнің
Қағазды бекем тістеп тұр,
Бүлк етпесін ерінің! -
Деп ақын оны сынапты,
Өткеріпті сынақты.
Содан бастап күйеуі,
Келіншегін ұрмай ұнатты.
Ашщы тілдік - келінде,
Гәп жоқ екен Ерінде.
Жанталаспапты еш себеп,
Бүлк етпеген ерінге.
Тату тұрмыс құрыпты,
Балдан тәтті тұрыпты.
Ақынның сол дуасы,
Дау-жанжалды құртыпты.
Бір сөзден қалсаң «әу!» деме,
Сәл нәрсені дәу деме.
Өз үйіңнің адамын,
Бітіспестей жау деме!
#ҚазақпенҚарақалпақ
#қазақтыңдүниетанымы
#dauryatm