✑ Қара сөзбен


Гео и язык канала: Узбекистан, Узбекский
Категория: не указана


✑ Жансанов Медеттің жеке парақшасы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Узбекистан, Узбекский
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Herkesin kendi talihini denemeye hakkı var.

📕 Reşat Nuri Güntekin. «Yaprak Dökümü»


İnsanların paradan başka şeylerle de mesut olacaklarına inanarak yaşadım. O kanaatle öleceğim.

📕 Reşat Nuri Güntekin. «Yaprak Dökümü»


Жарты жолдан қосылғандар жарты жолдан қайтады.


Parasız namus nihayet bir, iki göbek dayanır.

📕 Reşat Nuri Güntekin. «Yaprak Dökümü»


Bir babanın çocuklarına bırakacağı en kıymetli miras, temiz bir isimdir.

📕 Reşat Nuri Güntekin. «Yaprak Dökümü»


Репост из: «ҚҰЛАГЕР»
ІСЛӘМ ЖАРЫЛҒАПОВТЫҢ СӨЗ МАРЖАНДАРЫ

Ісләм Жарылғаповтың бұл салада ұзақ жылдар табанды еңбек етуі, көптеген әдеби-көркем, саяси әдебиеттерді үзбей оқуы, қазақтың ғұлама ғалымдарымен, оқымыстыларымен бірге жүріп, әңгімелесуі халқымыздың сөздік қорында бұрыннан бар сөздерді әрлеп, қосымша, жұрнақтар қосып, екі сөзді біріктіріп, ұғымға жатық жаңа сөздер мен сөз тіркестерін ойлап табуға ықпал етеді. Бұл сөздердің көпшілігі халқымыздың байырғы сөздеріндей күнделікті қолданысқа кеңінен еніп кеткен.

Мәдениет, әдебиет, баспа ісі және журналистика

Афоризм — Нақылият
Аннотация — Таныстырма
Антирубрика — Қыңыршын

©️ Өтеш Қырғызбаев. Сөз зергері Ісләм Жарылғапов


https://t.me/qulagerkz

Қазақ әдебиеті қызық деген қауым үшін арнайы арна аштым. Әзірге тегін. Кейін контент көбейген соң тіркелу ақылы болады.


Репост из: «ҚҰЛАГЕР»
ҚЫЗЫМ МЕНІҢ

Үйлендім. Балалықтан із қалмады,
Жана өмір қол бұлғады бізге алдағы.
Өмірге сен келдің де гүлін жарды
Менің жас семьямның қызғалдағы.

Көңілге сырын құйып дала, көлдің,
Сен маған әкелік ат ала келдің.
Жатқандай жақсы арманым тербетіліп,
Айналып бесігіңе бара бердім.

Көп шеккен азабымды байғұс анам,
Құшағын менен де кең жайды саған.
Кім білсін, жылдар бойы аңсап күткен,
Шығарсың аяулысы айға ұсаған.

Ұзақ күн уілдесең бермей тыным,
Сол сені қызғанышпен тербейтұғын.
Бұл шаттық бәлкім заман күйі болар,
Аналар қайта туып гүлдейтұғын.

Әйтеуір сен туғанда ол күле берді,
Бойынан бір тың қуат түрегелді.
Ән бастап таңертеңнен домбырасыз,
Кеудесі күйге толып жүре берді...

©️ Төлеген Айбергенов. Шығармалары. 1-том


Репост из: «ҚҰЛАГЕР»
Уақыт деген кері ақпайтын бұл өзі
Бұрқ-сарқ етіп таудан құйған тас бұлақ.
Қызық-ақ тым, қатал-ақ тым мінезі,
Асықпасаң бара жатыр басқылап.

Әкелердің әр тайдырып жүзінен,
Аға болып өтіп жатыр арынды.
Іні болып қуалайды ізіңнен,
Сенен тіпті әлдеқайда дарынды.

Қарап тұрсаң сен шыққан тау олардан
Әлдеқайда, әлдеқайда аласа.
Өтіп жатыр қыз боп жаны толы арман,
Сүйгеніңнен әлдеқайда тамаша...

©️ Төлеген Айбергенов. Мен саған ғашық едім: Өлеңдер


Сізге қазақ әдебиеті қызық па?
Опрос
  •   Иә
  •   Жоқ
100 голосов


Мән-мағынасыз әндерді тыңдаймыз. Бірақ қоғамнан мағыналы қарым-қатынас күтеміз.


Өмірдегі тағы бір маңызды сабақтың бірі — ешкімге сөзі, ісі үшін ренжімеу, өкпелемеу.

Ата-анаңның, ағайын-туыстың, бала-шағаңның, мұсылман бауырыңның т.б. қандай да бір орынсыз, ашу үстіндегі сөзі мен ісі үшін ренжіп, өкпелеу, кек сақтау орынсыз, пайдасыз.


2020 жылдың ақпан айынан 2024 жылдың маусым айына дейін iPhone 8 Plus смартфонын қолдандым. Содан болар оқырман санының 800-ден аса алмай тұрғаны.

Қазір 15 Pro Max қой. Бірақ 1500 оқырманға жетем дегенше зейнетке кетеміз-ау.


Бір айдан кейін түрлі парақшаларда жыл қорытындысы шығады. Мен де осы жылды қорытындылайын десем, ауыз толтырып айтатындай түк бітірмеген екем.


Рэп жазамыз-ау…


Үйлену мәселесінде де дайын дүниеге алданып қалмаған абзал. Мәселен, көп жағдайда қыз баласына жігітте әлеуметтік жағдайдың, қаржының, мансап-мандаттың, абырой-атақтың дайын болғаны маңызды. Бірақ бүгін бар нәрсе ертең нөлге түсуі бек мүмкін. Сол кезде сенім артқан жігіт бәрін нөлден бастай ала ма? Ештеңесі жоқ жігіттің қолына ертең дүние түспейді деп кім айтты?! Дүние алма-кезек. Тіршілікте адамның тек адамшылығы, болмысы маңызды.


Адамға қазіргі жағдайына қарай баға бермеңіз. Оның ертеңін білмейсіз. Көптеген аға-інілерді көрдік. Кеше ғана лапылдаған от еді. Ал бүгін өшіп қалған. Еліміздегі атақты әнші-әртістерді де көрдік. Кеше қандай бұлбұл еді? Ал бүгін әрең дегенде нанын тауып жүр. Тіпті, сахнадан алыс.

Әлеуметтік желіде де парақшаның деңгейін бағалауға асықпаңыз. Егер авторға сенім артсаңыз, соңына дейін бірге болыңыз. Егер сенім болмаса, тек пайда көздесеңіз, онда оның есігін жаба салыңыз. Менің де дәл қазір оқырманға ұсынатын тәуір дүнием жоқ. Бірақ ертең бірнеше жылдан соң не боларын кім білсін?! Ерте не кеш екенін тек Алла шешеді.


🤓 Жыл соңына дейін 1000 оқырманға тола ма екен мынау түсініксіз парақша?! 🧐


Адамның сөзі, ой-пікірі, көзқарасы әрдайым дұрыс, саналы, білімді бола бермейді. Ақымақтың да, наданның да аузы бар.


Желтоқсан желі ызғарлы…

Показано 20 последних публикаций.