Бесінші ай менімен тоқтаусыз аптасына 7 күн дәріс өтіп жүрген шәкіртімнің кезекті отчеті:
Бұл айда да Алланың қалауымен бірнеше пәндерден дәрістер жалғасты:
1) Әдеп дәрісінде мәтінді оқып, түсініп қана қоймай, сапалы аударуға үйреніп жатырмын.
2) Сарфтан 300 беттік кітапты аяқтадық.Куфалық көзқарас бойынша жазылған кітап болғандықтан, Басралық кітаптармен салыстыруға көп көмегін тигізіп жатыр. Ең бастысы бір жақты қарап қалмауға үйретеді. Осы кітаптан соң жаңа деңгейдегі басқа бір кітапты бастап кеттік.
3) Ақида. Талдауларға негізделген сабақтардан соң, кітапты оқу-түсіну жеңілірек болады екен.
4) Нахву сабақтары дақиқ ғибараларға мән беруді үйретіп, мәтіннің арғы жағындағы мағынасын түсінуді үйретіп жатыр.
5) Құран, хадис жатқа тапсырылды. Хадистің шархынан болатын дәрістер әрдайым рухани кеңейтіп отырады.
6) Қудури шархы. Өте көп пайда алдым.Зекет бабына дейін аяқталды.
7) Бина мәтінін қайталап, тағы бір рет тапсырып шықтым.
Сарф, ақида, нахву, Құран, Қудуридан емтихан тапсырып, барлығынан өттім шүкір (ұстаздың емтиханы универдікінен қиын, 2 универде оқитын адам ретіндегі ойым).
Жалпы ұстаздың сабақтарының ерекшелігі – барлығына өзің дайындалуың. Ешқашан қолыңды жайып, түк бітірмей ұстаз алдына келмейсің. Тапсырмалар да әртүрлі: жазу, оқу, аудару, жаттау, түсіндіру, рецензия жазу.
Айта берсе көп қой, Алла разы болсын ұстаз! Өте көп пайда алып жатырмын.
___
Менімен индивидуальды түрде оқуға қабылдау болып жатқан жоқ. Тек менторлық бар