🔹
Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 16 мыңнан астам өтінімді өңдеді2025 жылғы 24 ақпан-2 наурыз аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 16 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді.Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 4016 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделді. Байланыс орталығының операторлары 9779 қоңырауға жауап беріп,
www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы арқылы 1384 өтінімді, сондай-ақ WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы 1554 жуық өтінім қабылдады.
Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады:
- 1403 байланыс орталығы; www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы; Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 775 001 1403). Арнаға жазылу