Beisenali Olzhas


Гео и язык канала: Узбекистан, Узбекский
Категория: Религия


Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.
Әлеуметтік парақшаларым:
Инста: https://instagram.com/beisenali.olzhas
Кітапхана: t.me/mufakkirr

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Узбекистан, Узбекский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Кейде жай отырып, шәкірттермен "Қиматуз-заман" кітабын оқысам ба деймін)


Айтпақшы, "Бинә" кітабын ұлдар және қыздар топтарымен бастадық.

Аллаһым берекелі еткей!

2k 0 0 2 117

Ұстазымыз шейх Али Һанидың “Бинә” кітабына жазған шархы сатылымда. Бұл - “Бинә” мәтінінің ең ауқымды шархы.

Аламын деушілер болса,
8707 1540549 нөмеріне жазыңыз

Кітап саны шектеулі




Ассалаумағалайкум! Бүгін "Тәзкират-самиғ" дәрісі болады, иншаАлла!


Білім тек жаттанды болмау керек, оны түсіну маңызды. Білімді терең түсіну де жетпейді, оған рух керек. Ал оның рухы – білімге амал ету. Яғни, сен жаттап түсінген білімге амал ете бастағанда, оған рух бересің. Яғни, оны тірілтесің, өзің де тірілесің.

Сонда, жаттау + түсіну + амал = нұр.

Демек, нұрға жету үшін, жаттаудан бастау керек.


Репост из: Хадис ізденуші
Тәдлис әл-булдән: Өздері Қазақстанда жүрсе де баяғы дубайдағы фото-видеоларын қазір де сол жақта жүргендей салады.

Тәдлис әш-Шуйух: Тікелей Коучтарынан сабақ алмаса да соның кітап-видеоларын қарап алып: “Бізге Тони Роббинс былай деп еді” деп риуаят қылады.

Тәдлис әл-иқтибәсә: “Өздері негізгі дереккөзді жасырып, бір цитатаны өзінің сөзі секілді етіп риуаят етеді”.


Бүгін хадис сабағында: “Инстаграм – нағыз тадлистің әлемі. Блогерлер – мудаллистер, өздерінде жоқ нәрсені, бар деп көрсетеді", - дедім.


Кезінде неге көп пост жаздым десем, уақытым бар болғандықтан екен ғой.

Қазір бұрынғы жазылған постты көшіріп қайта салуға уақыт таппай жатырмын)

Бүгін таптым)


Қосымша сабақтар:

Жоғары курстарға және араб тілін жақсы меңгерген шәкірттермен шейх доктор Заһабидің "Тәпсір және тәпсіршілер" кітабын оқып жатырмыз.

Біздікі жай оқу емес, әр оқығанды ортаға салып талқылау. Керек болса, қосымша тапсырма беріп, оны орындау.

Сондай-ақ, бір тәпсірші жайлы өтсек, соның тәпсірін оқып, талдау – біздің негізгі мақсатымыз.

Бұл сабақтарға соңғы рет қабылдау ашамын (тек НМУ шәкірттеріне).

Қосылу шарттары:

1) арабша өте жақсы білу. Себебі, оқитын кітаптарымыздың 90% араб тілінде және деңгейлері жеңіл кітаптар емес.
2) Сабақтан екі реттен артық қалған шәкірт, топтан шығарылады. Тапсырмаларды орындамай екі ескерту алған шәкірт топтан шығарылады.

Дәріс ұлдарға:
Сәрсенбі және Сенбі күндері сағат 12:00-де университетте өтеді.

Қыздарға: Бейсенбі сағат 13:00, Сенбі сағат 15:00-де болады.

Қосылу үшін, мені университетте тап)


Дәріске артық сөзсіз келіп, тапсырмасын толық орындайтын, сұрақтарға кәміл жауап беретін, ұқыпты шәкірт - кез-келген ұстазға ұнайды.

Сөзі көп, шағымданғыш, ұстаздан бір нәрсе талап етеді де, өзінен талап етілген нәрсені толық орындамайтын шәкірт - көбінесе ұстаздарға ұнамсыз болады.


Бүгін, Алла бұйырса, Құптаннан соң Нұр-мүбәрәк мешітінде "Тәзкират-самиғ" дәрісіміз жалғасады


Қарапайым ереже, өмірлік ұстаным болу керек нәрсе – бұйырған кетпейді, бұйырманға ешкім жетпейді.

4.8k 0 44 1 227

Имам Әлуси тәпсірге керек ілімдерді тізіп жазған соң, өз сөзін былай жалғастырады:

"Имам Суюты болса, "тасриф" ілімі мен "иштиқақ" ілімдерін тәпсіршіге керек ілімдердің қатарына қосыпты. Менің ойымша, біз жоғарыда айтып кеткен кейбір білімдерді өте жақсы меңгерген адам, жанағы екі ілімнің беретін пайдасын солардан ала алады".

Имам Әлусидің, "Рух әл-Мағани" тәпсірі, 1/107

Яғни, тасриф ілімін лұғат, нахву секілді ілімдер қамтиды. Сондықтан, олардың жемістері бір дейді.

Бірақ, оларды оқымау керек деген сөз емес. Себебі, тасриф оқымай, нахву мен лұғат дұрыс меңгерілмейді.


Түнгі үнсіз, бірақ берекелі мәжілістеріміз 📖✏️🌃🌙


Сенімді кісілердің айтуынша:

"Әрбір аяттың алпыс мыңға жуық түсінігі бар".

Хасаннан жеткен риуаятта, Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені бар:

"Әрбір аяттың арқасы мен іші бар. Әрбір әріптің шекарасы бар. Әрбір шекараның басталатын жері бар".

Ибн Нақиб: "Аяттың арқасы – оның ғалымдар түсінген сыртқы мағынасы. Оны іші – ақиқат иелеріне (әулиелерді меңзеп тұр) Алла Тағаланың ашқан сырлары", - дейді.

Ал, "әрбір әріптің шекарасы" дегеніміз – әрбір әріптің Алла Тағала меңзеген соңғы мағынасы бар. Ал, "әрбір шекараның басталатын жері бар" дегеніміз – әрбір жасырын мағынасы бар аяттың мағынасын анықтауға апаратын жолдың басы бар.

Имам Әлусидің "Рух әл-Мағани" тәпсірі, 1/109


Кейбір шәкірттер әдепті әлі үйренбеген бе, күндіз сұрауға болатын мәселені түнгі 12-де жазып сұрап жатқаны қалай болады екен?

Әсіресе демалыс күні, ұстазының тыныштығын бұзып. Иә, ол кісі онлайн да шығар. Бірақ, өзінің жеке шаруасымен шұғылданып жатуы әбден мүмкін.

Сондықтан, мәселе жан мен өмірдікі болмаса, сұрақты ертесіне ұстаздың өзінен жеке барып сұраңыз немесе күндіз ыңғайлы уақытта жазыңыз.

Тек маған қатысты емес, барлық ұстаздарға жазар алдын ескеру керек дүние


Имам Әлуси Құранды тәпсірлеу үшін керек ілімдердің қатарына:

1. Лұғат. Сөздердің мағыналарын білу.
2. Нахву. Сөйлемдердің ережелерін білу.
3. Мағани, баян және бадиғ ілімдері. Бұлар тәпсір іліміндегі ең маңызды рүкіндер.
4. Хадис ілімі. Насихат мансух, сабаб нузулді білу үшін.
5. Усул әл-фиқһ. Умум, хусус, мутлақ, муқаййад, мужмал, баян секілді дүниелерді білу үшін.
6. Кәләм ілімі. Бұл ілім болмаса – тәпсірші көптеген бәлелерге ұшырайды.
7. Қырағат ілімі. Құранды қалай дұрыс оқу және мағыналарды түсіну үшін керек.

Имам Әлусидің, "Рух әл-Мағани" тәпсірінен. 1/106


Бір күні бұл канал да, каналдың иесі де өз жұмысын тоқтатады

Қашан екені бір Аллаға мәлім. Сондықтан өзім қанша жаман болсам да, жақсы дүниелермен көбірек толтыруға үлгеруім қажет


Имам Мужаһид айтады:

"Кімде-кім арабтардың тілдерін білмесе, оған Құранды тәпсірлеуге болмайды".

Имам Маликтің ойынша, бұндай (арабтардың тілін білмей тәпсірлеген) адамды жазалау керек.

Имам Әлусидің "Рух әл-Мағани" тәпсірінен, 1/105

Показано 20 последних публикаций.