2024 ЖЫЛ ҚАЛАЙ ӨТТІ?
Есеп жүргізетін әдетім жоқ. Еске түскенін жазайын. Жылдың басында мешіт қызметіне қайта оралдым. Байқоңырда басқа жұмыстың реті келмеді. Азанғы сағат 8:00-ден бастап деген график маған өте ауыр. Жеті жарым жылдай мешітте жұмыс істеген соң басқа салаға бара алмадым.
Жазда Санат бауырым ұйымдастырған табиғат аясындағы рухани сапарға бардым. Алматыда студент болсам да, тауға шығып көрмеген едім. Тауға бару маған ұнамайды екен. Қатты шаршап қалдым. Қыр баласы қол созады аспанға деп жүре бергенді жөн көрдім.
Өміржан бауырым iPhone 15 Pro Max сыйлады. Тегін! Он жылда бір-екі рет сыйлық бұйыратын болған соң ерекшелеп жаздым. Жалпы, тегін дүниеге көп ұмтыла бермеймін. Өз уақытында өз орнымен болады. Көбіне өз ақшама сатып алармын деп көрінген ұтысқа қатыса бермеймін. Бірақ сатып та алмаймын. Тегін дүниеден көп бұйыратыны — шәй ішу, тамақтану. Шүкір, арасында қонақ қылатын мұсылман бауырлар бар.
Қызылордаға көштік. Орталық мешіттен бір-ақ шықтық. Қалаға үйренісу қиын болмады. Бірақ шаршатқаны бар. Қаланың өзі екі-үш көшеден тұрады екен ғой. Автобуспен жүруді үйрендім. Яндексті де арасында байытып қоямыз. Әлі қаланың біраз жерін аралаған жоқпын. Аса қызық та емес. Қаражат та жоқ.
Қаражат демекші, Mihrab жобасынан кеттім. О баста сондағы айлыққа да үміт артып келген едік. Нәтижесі біз ойлағандай болмады. Десе де, қайырлы шешім болған секілді. Екі жылдай жұмыс істеген екем. Жастарға да жол беру керек.
Көші-қон кезінде қарызға да кіріп үлгердік. Жаңа жылға да сол қарыздармен кіріп кеттік. Қосымша табыс жоқ, бір ғана айлық болған соң қарыз құдығынан шығу оңай емес екен. Шүкір, миллиондаған қарызымыз жоқ. Қазіргі қосымша табыс тек Мұзаффарға берілетін жәрдемақы.
Мәтін саласына кіре алмадым. Жаңа жылда бір реті болар деп үміттенемін. Мәтін арқылы табыс табу үшін орта да қажет екен. Нетворкинг те нөл болды. Адам баласымен араласпайтын «жақсы» қасиетім бар. Мәтінде мықты емеспін. Бірақ азды-үкөпті тіл ережесін білемін. Бір жағынан Құдайдың берген қабілеті де осы. Монетизация қыла алмай жүрмін ғой жалпы. Жаңа жылда түрлі тақырыпта электронды кітапты көбейтемін деп ойлаймын. Көше жазушысы болсақ та жарар. Ең бастысы, электронды кітапты өзім істей беремін. Дизайнын да, басқасын да. Жаңа жылда бір мәні болар.
Анау айтқандай нетворкинг болмаса да, бірнеше бауырмен таныстым, жақын араласа бастадым. Енді жаңа жылда кіммен танысып, кіммен рухымыз үндесетіні беймәлім. Ең қызығы, көпке ұнайтын, аудиториясы баршылық аккаунттардан шығып кеттім. Бізді бала кезде фанатизмге үйретпеген еді. Ол тұлғаларсыз да өмір сүруге әбден болады екен.
Әзірге осы. Келесі жазбада менің есебімнен қандай пайда алуға болатынын жазармын.