Үлкен табыс үлкен жауапкершілікті талап етеді.Тек адал еңбек етіп, көбірек жұмыс істеу арқылы ғана үлкен табысқа жету қиын.
Табысы жоғары адамдардың басты ерекшелігі – олар өзгелерге қарағанда көбірек жауапкершілік алады. Шешім қабылдайды, әрекет етеді, қателесуден қорықпайды және нәтижесі үшін жауап береді.
Жауапкершілік дегеніміз – өз уақытыңызды, ақшаңызды, біліміңізді, беделіңізді немесе күшіңізді белгілі бір мақсатқа жұмсауға дайын болу.
Бірақ кез келген жауапкершілік жан жақты қарауға болады.
Басқарылмайтын жауапкершілік – нәтижеге ықпалыңыз өте аз болатын әрекет. Ондай жағдайда бәрі сәттілікке ғана байланысты. Күтіп, үміттенуден басқа амал қалмайды.
Басқарылатын жауапкершілік – шешім қабылдау тетігі өз қолыңызда болатын жағдай. Сіз өз тәжірибеңізге, біліміңізге, дағдыларыңызға немесе қажет болса, үйренуге болатын қабілеттерге сүйеніп әрекет етесіз.
Әрине, мұнда да ешкім жүз пайыз кепілдік бере алмайды. Бірақ табысқа жету мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болады. Ең бастысы – жағдайды бағалай білу, қажет кезде бағытты өзгерту және тоқтау керек жерді дер кезінде түсіну.
Сіз күн сайын мына нәрселер үшін жауапкершілік аласыз:
— ақшаңыз үшін;
— уақытыңыз үшін;
— активтеріңіз үшін;
— беделіңіз үшін;
— қабылдаған шешімдеріңіз үшін.
Бүгін өзіңізге үш сұрақ қойыңыз:
Бүгін мен қандай жауапкершілікті өз мойныма аламын?
Бұл менің бақылауымдағы жағдай ма?
Менің тоқтайтын немесе бағытты өзгертетін шекарам қай жерде?
Еңбек ет. Жауапкершілік ал. Сонда табыс та артады.Егер ақшаға, молшылыққа және бай адамның ойлау жүйесіне қатысты осындай терең ойлар мен практикаларды күн сайын алып отырғыңыз келсе,
«Бақыт пен байлық» жабық Telegram арнасына қосылыңыз.
https://t.me/baqyt_bailyq_bot