Шейхул-ислам ‘Ийяд ибн Муса (476–544 жж.һ.) – мәлики мәзһабының фақиһы және мухаддис, Қади (шариғи қазы) ‘Ийяд деген атпен танымал – өзінің «Икмәлу әл-му’лим би-фәуәиди Муслим» (8/138) кітабында «тафуид» және «тәуил» екеуіде әһлу сунна жолы екенін айтты:
اختلف أئمتنا فيما ورد من ذكر اليد وشبه ذلك مما لا يليق ظاهره بالله تعالى فكثير من السلف يرى إمرارها بتنزيه الله - تعالى - عن ظاهرها، وترك تأويلها. وذهب أبو الحسن الأشعرى - فى طائفة من أصحابه - إلى أنها صفات سمعية لم نعلمها إلا من جهة الشرع نثبتها صفاتا ولا نعلم حقيقتها وشرحها. وذهب غير واحد إلى تأويلها على مقتضى اللغة، فيحمل اليد بمعنى القدرة أو النعمة.
«Имамдарымыз «иәд» (сөзбе сөз: «қол») сөзі және осыған ұқсас сыртқы мағынасы Аллаһу Тағалаға лайық емес болған басқа да мәтіндер жөнінде келіспеушілікке (ихтиләфқа) түскен. Өткен ізгілердің (сәләф-солих) көпшілігі бұл сөздердің сыртқы мағыналарынан Аллаһу Тағаланың пәк екеніне сене отырып өтіп кету және түсіндірмесін/тәпсірін Аллаһқа қалдыру керек деп есептеді.
Әбул-Хасан әл-Әшғари және оның кейбір ізбасарлары бұлар «сәмғиә» (есту арқылы білінген) сипаттар деп есептеді (бұл сипаттарды тек қасиетті мәтіндер (Құран және сүннет) көрсетеді) және олардың түсіндірмесі/тәпсірі мен ақиқатын білу мүмкін емес, егер тек сол сөзді тікелей түсіндіретін басқа сөз келмесе.
Ал басқа имамдар бұл мәтіндерді тілдік мағынаға сүйене отырып түсіндіруге (тәуил жасауға) болды деді. Олар «иәд» сөзін «құдірет» немесе «нығмет» деп түсіндірді».