Қиямет күні барлық адам жиналған кезде әркім өз басымен қайғы болып, ешкімнің күнәсін, жауапкершілігін ешкім көтергісі келмейді. Сонда кісі күнәларын арқалаған дос, туыс, күйеуі, әке, бала өзінің күнәсін бөлісуді сұрап, жәрдем тілеген кезде жақыны бас тартып, күнәсінің бір бөлігін болса да өзіне алудан қашады: «Ешбір жан, ешбір жанның күнәсін көтермейді. Сонда егер арқалаған күнәсін көтеруге шақырса, жақыны болса да одан еш нәрсе көтеріліп алынбайды...». («Фатыр» сүресі, 18 аят). Мейлі ол әкесі болсын, мейлі ұлы болсын әркім өз басымен әлек болады: «Сол күні кісі бауырынан, анасынан, әкесінен, әйелінен және баласынан қашады. Ол күні әркімнің өзінің әлек қылар өз жағдайы болады...». («Абаса» сүресі, 34-37)...
https://islam.kz/kk/articles/aqida/arturli/qiyamet-kunindegi-jagdai-4731/#gsc.tab=0