Мырзалар мен ханымдар!
Біз байлықты тек мал-дүниемен өлшейміз. Мал-дүние дегенің не тәйірі. Баяғы заманда бір патша өмір сүрген екен. Күндердің күнінде сырқатқа шалдығып, ас ішуден қалыпты. Сан алуан тәтті тағамдарды жасап әкелсе де, олардан бір үзім болса да жей алмапты. Күндердің күнінде, мойнын бұрып терезеге ұңілсе, терезенің арғы жағында, сыртта бау-бақшаға қарайтын бағбан отыр екен. Қолында қара наны мен қара зайтуны бар, екеуін қосып жеп отыр екен. Әр үзімін рақаттана үзіп жеп, рақаттана жұтады. Сол сәтте патша көзіне жас алып: «әттең, мына бағбанның орнында мен болсам ғой, ол ұқсап бір үзім нан жей алсам ғой» деп армандаған екен.
Ендеше, құрметтілер, алтынға бергісіз нығметтерге ие бола тұра, неге алтын іздейміз? Көз алтын емес пе? Есте сақтау жадыңыз баға жетпес асыл зат емес пе? Денсаулық алтын емес пе? Уақыт алтын емес пе? Неге уақытымызды дұрыс пайдаланбаймыз? Неге өмірдің қадірін білмейміз?
Құрметті оқырман, сіздердің барлықтарыңыз бақыттысыздар, бірақ соны жете ұғына бермейсіздер! - Шейх Али Тантауи, бақыт жайында эссе.
https://islam.kz/kk/articles/islam-jane-otbasy/baqyt-jaiynda-oi-tolgau-3642/#gsc.tab=0