AGROPRESS


Channel's geo and language: Uzbekistan, Uzbek
Category: not specified


Страницы нашего министерства в социальных сетях:
https://taplink.cc/agropress
Страницы министра сельского хозяйства РК Айдарбека Сапарова в социальных сетях:
https://taplink.cc/saparovaidarbek

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Uzbekistan, Uzbek
Statistics
Posts filter


🔹Перспективы расширения сотрудничества в области ветеринарии обсудили представители МСХ РК и ВОЗЖ
 
📍Вопросы сотрудничества в области ветеринарии обсудил вице-министр сельского хозяйства РК Амангалий Бердалин обсудил с Генеральным директором Всемирной организации здоровья животных Иммануэль Субейран.

Основной целью встречи стало обсуждение перспектив расширения сотрудничества в области ветеринарии, проведение консультации по вопросам безопасной торговли и возможности предоставления технической поддержки со стороны ВОЗЖ.

Стороны обсудили твиннинг-проекты для получения статуса референтной лаборатории ВОЗЖ по диагностике лейкоза крупного рогатого скота для Казахского научно-исследовательского ветеринарного института, ход реализации твиннинг-проекта между Китайским Харбинским научно-исследовательским институтом ветеринарии и Казахским агротехническим исследовательским университетом им. С. Сейфуллина по созданию референтной лаборатории ВОЗЖ по инфекционной анемии лошадей в Казахстане для стран Центральной Азии.

Иммануэль Субейран отметила положительную динамику продвижения проектов и сообщила, что решение Научной комиссии ВОЗЖ по первому проекту будет объявлено в сентябре текущего года.

Вице-министром была озвучена инициатива Казахстана по созданию международного карантинного центра в Мангистауской области для экспорта животных в соответствии с международными стандартами.

В рамках обсуждения у ВОЗЖ были запрошены технические рекомендации по организации такой площадки, механизмы безопасного экспорта через Казахстан и управление региональными рисками.

Генеральный директор ВОЗЖ выразила готовность проработать данный вопрос на экспертном уровне и представить соответствующие рекомендации.

Также в ходе встречи были рассмотрены вопросы восстановления статусов северо-западных и центральных областей Казахстана по ящуру, сохранения действующих статусов юго-восточных областей, проведения тренинг-семинаров для казахстанских ветеринаров.

Отметим, что Казахстан на сегодняшний день имеет официальные статусы благополучия ВОЗЖ по таким болезням, как ящур (в юго-восточных областях), африканская чума лошадей и классическая чума свиней.

Министерством ведется работа по восстановлению статусов благополучия в северо-западных областях.


🔹ҚР АШМ мен ДДЖҰ өкілдері ветеринария саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды

📍Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДДЖҰ) Бас директоры Иммануэль Субейранмен ветеринария саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесудің негізгі мақсаты – ветеринария саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылау, қауіпсіз сауда мәселелері бойынша консультациялар өткізу және ДДЖҰ тарапынан техникалық қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыру болды.

Тараптар Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының ірі қара малдың лейкозын диагностикалау бойынша ДДЖҰ референттік зертханасы мәртебесін алуына бағытталған твининг-жобаларды, сондай-ақ Қытайдың Харбин ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті арасындағы аттардың инфекциялық анемиясы бойынша Орталық Азия елдері үшін ДДЖҰ референттік зертханасын құру жөніндегі твининг-жобаның іске асырылу барысын талқылады.

Иммануэль Субейран жобалардың ілгерілеуінің оң динамикасын атап өтіп, ДДЖҰ Ғылыми комиссиясының алғашқы жоба бойынша шешімі осы жылдың қыркүйегінде жарияланатынын мәлімдеді.

Вице-министр Қазақстанның халықаралық стандарттарға сәйкес жануарларды экспорттауға арналған Маңғыстау облысында халықаралық карантиндік орталық құру жөніндегі бастамасын жария етті. Талқылау барысында ДДЖҰ-дан осындай алаңды ұйымдастыру бойынша техникалық ұсынымдар, Қазақстан арқылы қауіпсіз экспорттау механизмдері және өңірлік тәуекелдерді басқару жөніндегі ұсыныстар сұралды.

ДДЖҰ Бас директоры бұл мәселені сарапшылық деңгейде қарастыруға және тиісті ұсынымдарды ұсынуға дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық облыстарының аусыл бойынша мәртебесін қалпына келтіру, оңтүстік-шығыс облыстардың қолданыстағы мәртебесін сақтау, қазақстандық ветеринарларға арналған оқу семинарларын өткізу мәселелері қаралды.

Айта кетейік, Қазақстан қазіргі уақытта ДДЖҰ-ның аусыл (оңтүстік-шығыс облыстар), африкалық ат обасы және классикалық шошқа обасы бойынша ресми мәртебелеріне ие. Министрлік солтүстік-батыс облыстарда қолайлы мәртебелерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде.


🔹2025 жылы Абай ауданында қуаттылығы жылына 72 мың тонна өсімдік майы өндірісін іске қосу жоспарлануда

📍«Qazaq Astyq Group» ЖШС тазартылған май өндіретін жаңа желіні іске қоспақ. Өндіріс қуаттылығы жылына 72 мың тонна дайын өнімді құрайды. Жобаға салынған инвестиция көлемі – 7,2 млрд теңге.

Бұл шешім компанияның өндірістік қуатын кеңейтуге және өсімдік майларына деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. Сұраныс тек ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да өсіп келеді.

Қазіргі уақытта зауыт тәулігіне 1200 тонна күнбағыс, рапс немесе зығыр тұқымын өңдеп, 522 тонна өсімдік майын, 430 тоннадан астам шрот және 36 тонна түйіршіктелген қабық өндіреді.

Шикізаттың негізгі жеткізушілері – отандық және ресейлік ауыл шаруашылығы өндірушілері.

Зауыттың өнімі Қазақстанның ішкі нарығында сатылып қана қоймай, ТМД елдері мен басқа да мемлекеттерге экспортталады. Оның ішінде Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Үндістан, Италия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Эстония және басқа елдер бар.

🔹Производство растительного масла мощностью 72 тыс тонн в год планируют запустить в области Абай в 2025 году

📍ОО «Qazaq Astyq Group» запустит новую линию по производству рафинированного масла. Мощность производства составит 72 тыс. тонн готовой продукции в год. Инвестиции в проект составляют 7,2 млрд тенге.

Это решение направлено на расширение производственных мощностей компании и удовлетворение растущего спроса на растительные масла как на внутреннем, так и на внешнем рынках.

В настоящее время на заводе в сутки перерабатывается 1200 тонн семян подсолнечника, рапса или льна, выпускается 522 тонны растительного масла, более 430 тонн шрота, 36 тонн гранулированной лузги.

Основными поставщиками сырья являются как отечественные, так и российские сельхозпроизводители.

Продукция завода реализуется на внутреннем рынке Казахстана, а также в странах СНГ и за его пределами, включая Азербайджан, Беларусь, Грузию, Индию, Италию, Китай, Россию, Таджикистан, Узбекистан, Эстонию и др.


🔹Ақмола облысында 39,3 мың га ауыл шаруашылығы жері тәркіленді

📍Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Жер ресурстарын басқару департаментінің (ҚР АШМ ЖРБК) талабын қанағаттандырып, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған 39,3 мың га ауыл шаруашылығы жерін мәжбүрлеп қайтару туралы шешім қабылдады.

Тексеру нәтижесінде Ерейментау ауданының Сілеті, Ақсуат және Қойтас ауылдық округтеріндегі, оның ішінде 4 747 га егістік пен 34 425 га жайылымдық жер мақсатты түрде пайдаланылмағаны анықталды.

Жер иесіне заңбұзушылықтарды жою үшін бір жыл уақыт берілгеніне қарамастан, ол қажетті шараларды қабылдамаған.

Апелляциялық инстанция шешімді өзгеріссіз қалдырды. Енді бұл жерлер тиімді пайдаланушыларға беріледі, ал олардың игерілуіне бақылау жалғасады.

🔹В Акмолинской области изъято 39,3 тыс. га сельхозугодий

📍Специализированный межрайонный экономический суд Акмолинской области удовлетворил иск департамента по управлению земельными ресурсами КУЗР МСХ РК и принял решение о принудительном изъятии 39,3 тыс. га сельскохозяйственных угодий у ТОО за длительное неиспользование.

Проверка показала, что земли в границах Селетинского, Аксуатского и Койтаского сельских округов Ерейментауского района, включая 4 747 га пашни и 34 425 га пастбищ, не использовались по назначению. Несмотря на годичный срок, предоставленный для устранения нарушений, собственник не принял необходимых мер.

Апелляционная инстанция оставила решение без изменений. Теперь земли будут переданы более эффективным пользователям, а контроль за их использованием продолжится.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🔹Касательно разъяснения Россельхознадзора относительно транзита зерновой продукции казахстанского происхождения через территорию России


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🔹Ресейдің Россельхознадзор ведомствосының қазақстандық астық өнімдерінің Ресей аумағы арқылы транзитіне қатысты түсіндірмесіне байланысты


🔹Ресейдің Россельхознадзор ведомствосының қазақстандық астық өнімдерінің Ресей аумағы арқылы транзитіне қатысты түсіндірмесіне байланысты келесіні хабарлаймыз.

📍2025 жылғы қаңтарда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Ресей Федерациясының министрі Оксана Лут арасындағы келіссөздер барысында Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясы арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мәселелері шешілді. Россельхознадзор тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қатысты сұраққа жауап бере отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров Ресей тарапынан транзитке қатысты ешқандай мәселе жоқ екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта Ресейге бидай, жасымық және майлы дақылдарды импорттауға уақытша шектеулер қойылған. Алайда, бұл өнім түрлері бойынша Ресей өз қажеттіліктерін толық қамтамасыз еткендіктен, ресейлік нарық қазақстандық өндірушілер үшін мақсатты нарық болып табылмайды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті мен Россельхознадзор өкілдерінің қатысуымен жағдайды реттеу бойынша келіссөздер тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

🔹Касательно разъяснения Россельхознадзора относительно транзита зерновой продукции казахстанского происхождения через территорию России сообщаем следующее.
 
📍В ходе переговоров Министра сельского хозяйства РК Айдарбека Сапарова с министром РФ Оксаной Лут в январе 2025 года были сняты вопросы, касающиеся транзита сельхозпродукции из РК через РФ. Отвечая на вопрос о снятии ограничений Россельхознадзором министр сельского хозяйства А. Сапаров подчеркнул, что с российской стороны нет вопросов касательно транзита.

Временные ограничения на импорт в РФ действуют по пшенице, чечевичным и масличным культурам, однако вследствие того, что РФ полностью покрывает свои потребности по данным видам продукции,российский рынок не является целевым для казахстанских производителей.

Переговоры для урегулирования ситуации с участием представителей КГИ при АПК МСХ РК и Россельхознадзора проводятсяна постоянной основе.


🔹«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліндегі аграршылар көшесін 16 мың адам тамашалады

📍Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамының маңыздылығын арттыру және жұмысшы мамандықтарды танымал ету мақсатында фестиваль өтуде.

Фестивальдің басты нысандарының бірі – Ауыл шаруашылығы министрлігі стратегиялық серіктестермен бірлесіп ұйымдастырған аграршылар көшесі.
Серіктестер қатарында «Ecoculture-Eurasia» ЖШС, «АгромашХолдинг KZ», «Евразия Агро Семей» ЖШС, Qazsut Сүт палатасы, Westfalie, Қазақстанның Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы, Қазақстан Құс өсірушілер одағы және Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті бар.

Аграршылар көшесінде егіншілік, мал шаруашылығы және механизаторлар павильондары орнатылып, саланың жетістіктері көрсетілді.

Келушілер заманауи аграрлық технологиялармен танысып, трактор жүргізу симуляторын сынақтан өткізіп, инновациялық сауу жабдығын көріп, жылыжай кешеніне 3D-тур жасай алады және басқа да қызықты тәжірибелерге қатыса алады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҰАҒББО және Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ бірлесіп «АӨК мамандары: мемлекет, бизнес және білім рөлі» тақырыбында панельдік пікірталас ұйымдастырды. Онда саланы кадрлық қамтамасыз ету мәселелері, ауыл шаруашылығының дамуындағы заманауи үрдістер, цифрлық технологиялар мен болашақ мамандарының АӨК тиімділігін арттырудағы рөлі талқыланды.

Аграрлық өндірісті жедел индустрияландырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Бұл техникалық жабдықталуды арттыру, ғылыми негізделген агротехнологияларды енгізу, ғылыми қолдау мен инновациялық әзірлемелерді күшейту, сондай-ақ нақты сектордың қажеттіліктеріне сай кадр даярлау жүйесін дамыту арқылы жүзеге асуы тиіс.

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өз жұмысын жалғастырып, келушілерге болашағы зор мамандықтар мен әртүрлі саладағы, соның ішінде ауыл шаруашылығындағы заманауи технологиялар туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік ұсынып отыр.

🔹16 тысяч человек посетили улицу аграрников на фестивале «Город рабочих профессий»

📍В рамках Года рабочих профессий в Астане проходит фестиваль, основной целью которого является повышение значимости человека труда и популяризация рабочих специальностей.
Одним из центральных элементов фестиваля стала улица аграрников, организованная Министерством сельского хозяйства совместно со стратегическими партнерами. В их числе ТОО «Ecoculture-Eurasia», АгромашХолдинг KZ, ТОО «Евразия Агро Семей», Молочная палата Qazsut, Westfalie, Ассоциация яичных производителей Казахстана, Союз птицеводов Казахстана и Казахский агротехнический исследовательский университет им. Сейфуллина.

На улице аграрников установлены павильоны растениеводов, животноводов и механизаторов,продемонстрированы достижения отрасли.

Посетители могут ознакомиться с современными аграрными технологиями, протестировать симулятор вождения трактора, увидеть инновационное доильное оборудование, совершить 3D-тур по тепличному комплексу и многое другое.

МСХ РК совместно с НАНОЦ и КАТИУ им. Сейфуллина также была организована панельная дискуссия «Кадры для АПК: роль государства, бизнеса и образования», в ходе которой были рассмотрены ключевые вопросы кадрового обеспечения отрасли, современные тенденции развития сельского хозяйства, а также роль цифровых технологий и специалистов будущего в повышении эффективности АПК.

Особое внимание было уделено необходимости ускоренной индустриализации аграрного производства посредством повышения технической оснащенности отрасли, внедрения научно-обоснованных агротехнологий, усиления научного обеспечения и инновационных разработок, развития системы подготовки кадров в соответствии с потребностями реального сектора.

Фестиваль «Город рабочих профессий» продолжает свою работу, предлагая посетителям уникальную возможность узнать больше о перспективных профессиях и современных технологиях в различных отраслях, в том числе в сельском хозяйстве.


#Еңбекадамы

🔹Абжанов Жексен Олжабайұлы
57 жаста, «Болат» шаруа қожалығының жұмысшысы, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Шақат ауылы.

📍Еңбек жолын 1984 жылы Лебяжі ауданының XXIII партия съезі атындағы совхозында механизатор болып бастаған. Кеңес әскері қатарында қызмет еткеннен кейін совхозда, орман шаруашылығында еңбек етті.

2012 жылдан бастап шаруа қожалығында жұмыс істейді. Бүгінде қожалықта 1450 бас қазақтың ақбас сиыры бар. Қарауындағы мал басының тәуліктік орташа салмақ қосуы 900 грамм, ал 100 сиырға шаққандағы жылдық төл алу көрсеткіші 95 бұзауды құрайды.

Жексен Олжабайұлы – өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары маман, ұжым арасында үлкен құрметке ие. Тәжірибелі тәлімгер ретінде жас мамандармен кәсіби және өмірлік тәжірибесімен бөліседі.

2024 жылы «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

#Еңбекадамы

🔹Абжанов Жексен Олжабаевич 57 лет, работник КХ «Болат», с. Шакат Павлодарского района Павлодарской области

📍Начал трудовую деятельность в 1984 году механизатором в совхозе имени XXIII Партсьезда Лебяжинского района. После службы в рядах Советской армии работал в совхозе, лесничестве.

С 2012 года работает в крестьянском хозяйстве. В КХ 1450 голов Казахской белоголовой. Среднесуточный привес на обслуживаемое поголовье составляет 900 граммов, ежегодный приплод на 100 коров - 95 телят.

Жексен Олжабаевич - добросовестный и ответственный работник, пользуется большим уважением в коллективе, опытный наставник, который делится своим богатым жизненным и профессиональным опытом с молодыми сотрудниками.

В 2024 году награжден медалью «Ерең еңбегі үшін».


🔹В Астане обсудили вопросы по сдерживанию устойчивости к противомикробным препаратам

📍В рамках проекта «Фонд борьбы с пандемиями (Казахстан): Готовность к пандемии и ответные меры на основе подхода «Единое здоровье» в Центральной Азии», реализуемого при финансовой поддержке Пандемического фонда, ФАО Казахстан провел круглый стол на тему «Сдерживание устойчивости к противомикробным препаратам в Казахстане: достижения, вызовы и дальнейшие шаги для межсекторального сотрудничества».

В нем приняли участие более 30 представителей ФАО, Всемирной организации здравоохранения, Комитета ветеринарного контроля и надзора МСХ РК, КСЭК МЗ РК, а также членов профессиональных объединений. Основной целью мероприятия стало разработка Концепции пилотной программы эпидемиологического надзора за устойчивостью к противомикробным препаратам в ветеринарном секторе.

УПП - одна из самых серьезных глобальных угроз для здоровья человека, животных и продовольственной безопасности. В Казахстане проблема признана стратегически важной, что подтверждается принятием Дорожной карты «О мерах по сдерживанию устойчивости к противомикробным препаратам в РК на 2023–2027 годы».

Проект является пилотной программой эпидемиологического надзора в ветеринарном секторе и важным шагом для обеспечения комплексного подхода к борьбе с УПП в рамках концепции «Единое здоровье».

В ходе обсуждений участники определили критерии выбора приоритетных регионов для внедрения пилотной программы с учетом существующей инфраструктуры и эпидемиологической ситуации, согласовали список ключевых патогенов, подлежащих мониторингу, основываясь на международном опыте и локальных особенностях.

Также участниками были рассмотрены механизмы интеграции пилотной программы с существующей системой эпидемиологического надзора в секторе здравоохранения.

«Важность межсекторального взаимодействия по контролю за УПП с последующим определением механизмов координации между ветеринарным сектором и системой здравоохранения в рамках концепции «Единое здоровье», - отметил заместитель председателя КВКН МСХ РК Самат Тюлегенов.


По итогам круглого стола участники подчеркнули необходимость межсекторального сотрудничества и обмена данными для эффективного контроля УПП.

В ближайшее время будет завершена разработка Концепции пилотной программы, а также утвержден перечень патогенов, требующих приоритетного внимания.


🔹Астанада антимикробтық препараттарға төзімділікті тежеу мәселелері талқыланды

📍Орталық Азияда «Бір денсаулық» тұжырымдамасына негізделген пандемияға дайындық пен оған қарсы әрекет етуге бағытталған «Пандемиялармен күрес қоры (Қазақстан)» жобасы аясында, Пандемиялар қорының қаржылық қолдауымен, ФАО Қазақстан «Қазақстанда антимикробтық препараттарға төзімділікті тежеу: жетістіктер, сын-қатерлер және саларалық ынтымақтастықтың келесі қадамдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға ФАО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, ҚР ДСМ КСЭК өкілдері мен кәсіби қауымдастық мүшелері қатарынан 30-дан астам маман қатысты. Оның басты мақсаты – ветеринария саласында антимикробтық препараттарға төзімділікті эпидемиологиялық қадағалау бойынша пилоттық бағдарламаның тұжырымдамасын әзірлеу болды.

Антимикробтық препараттарға төзімділік (АПТ) – адам денсаулығы, жануарлар және азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін ең үлкен жаһандық қатерлердің бірі. Қазақстанда бұл мәселе стратегиялық маңызды деп танылған, оны 2023–2027 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында антимикробтық препараттарға төзімділікті тежеу шаралары» жол картасының қабылдануы растайды.

Жоба ветеринария саласындағы эпидемиологиялық қадағалау бойынша пилоттық бағдарлама болып табылады және «Бір денсаулық» тұжырымдамасы аясында АПТ-мен күресудің кешенді тәсілін қамтамасыз етудің маңызды қадамы саналады.

Талқылау барысында қатысушылар пилоттық бағдарламаны енгізу үшін басым аймақтарды іріктеу критерийлерін айқындады, оған қолданыстағы инфрақұрылым мен эпидемиологиялық жағдай ескерілді. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен жергілікті ерекшеліктерге сүйене отырып, мониторингке жататын негізгі патогендер тізімі келісілді.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау секторындағы қолданыстағы эпидемиологиялық қадағалау жүйесімен пилоттық бағдарламаны ықпалдастыру механизмдері қарастырылды.

«Антимикробтық препараттарға төзімділікті бақылауда саларалық өзара әрекеттестіктің маңыздылығы және ветеринария саласы мен денсаулық сақтау жүйесі арасындағы үйлестіру механизмдерін айқындау қажеттілігі өте өзекті», – деп атап өтті ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Самат Төлегенов.


Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар АПТ-ны тиімді бақылау үшін саларалық ынтымақтастық пен деректер алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Жақын арада пилоттық бағдарламаның тұжырымдамасын әзірлеу аяқталып, басым назар аударуды қажет ететін патогендердің түпкілікті тізімі бекітілетін болады.


🔹 Меры по развитию мясного животноводства обсудили в МСХ

📍 В рамках обсуждений подходов по развитию отрасли с бизнесом министр сельского хозяйства А. Сапаров встретился с представителями мясного животноводства. В ходе встречи обсудили льготное финансирование, фискальные инструменты развития отрасли, а также плюсы и минусы регулирования рынка живого скота.

📍 МСХ РК ведет плановую работу по повышению эффективности и прозрачности господдержки. В этой связи планируется заменить субсидии на селекционно-племенную работу на другие инструменты поддержки. В частности, обсуждаются вопросы изменения нормативов субсидирования при сдаче на мясокомбинаты и откормплощадки, а также насыщение отрасли льготным финансированием.

📍 Мясное животноводство, как и другие подотрасли аграрного сектора, остро нуждается в доступных оборотных средствах, поэтому в текущем году Министерство планирует запустить программу льготного кредитования под 5% на срок до 15 месяцев. Кроме того, обсуждается возможность направления средств на кредиты на инвестиционные цели, также по льготной ставке.

Другой вопрос – фискальные меры.

«Помимо активно обсуждаемого НДС, важно помнить, что фискальные инструменты стимулируют “обеление” рынка сельхозпродукции. В частности, речь идет о заготовительных конторах, для которых налоговые стимулы могут стать преимуществом и дать толчок к сбору и переработке шерсти, шкур, плодоовощной продукции», — пояснил директор ТОО «MB4» Азамат Шалмагамбетов.


📍 Министр отметил необходимость подробного обсуждения налоговых изменений с госорганами и бизнесом, а также подчеркнул, что меры по стимулированию “обеления” торговли сельхозпродукцией — в числе приоритетных.

Важным вопросом обсуждения стали цены на мясо, в первую очередь говядину.

«Принятые ранее административные запреты и ограничения негативно сказались на отрасли. Запреты и квотирование привели к тому, что животноводство становится менее рентабельным, ряд фермеров прекращают заниматься разведением скота», — рассказал директор Республиканской палаты Ангус Казахстана Даурен Салыков.


«Рост цен на мясо связан в первую очередь с активной работой перекупщиков, которые самыми разными путями вывозят скот. Мы понимаем, что административные запреты — это барьеры для развития отрасли, но для открытия рынков именно по КРС важно обеспечить стабильность внутреннего рынка. Пути решения нужно обсуждать, ваши предложения будут рассмотрены», — сказал А. Сапаров.


📍 По итогам встречи будут проведены более широкие обсуждения с бизнесом в формате созданной при МСХ РК рабочей группы по развитию мясного животноводства.


🔹ҚР АШМ-де етті мал шаруашылығын дамыту шаралары талқыланды

📍Саланы дамытуға қатысты бизнес өкілдерімен талқылау аясында Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров етті мал шаруашылығы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жеңілдетілген қаржыландыру, саланы дамытуға арналған фискалдық құралдар, сондай-ақ тірі мал нарығын реттеудің артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды.

📍ҚР АШМ мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Осыған байланысты селекциялық-асылдандыру жұмыстарына берілетін субсидияларды басқа қолдау құралдарымен алмастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, ет комбинаттары мен бордақылау алаңдарына мал өткізуді субсидиялау нормативтерін өзгерту және саланы жеңілдетілген қаржыландырумен қамту мәселелері қарастырылып жатыр.

📍Етті мал шаруашылығы, аграрлық сектордың басқа да салалары сияқты, қолжетімді айналым қаражатына мұқтаж. Сондықтан биыл министрлік 15 ай мерзімге 5% жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, инвестициялық мақсаттағы несиелерді де жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша қаржыландыру мүмкіндігі талқылануда.

Тағы бір маңызды мәселе – фискалдық шаралар.

«Қазіргі уақытта белсенді талқыланып жатқан ҚҚС (Қосылған құн салығы) мәселесінен бөлек, фискалдық құралдардың ауыл шаруашылығы өнімдері нарығының “көлеңкеден шығуына” ықпал ететінін ескеру қажет. Әсіресе, дайындау кәсіпорындары үшін салықтық ынталандырулар артықшылыққа айналып, жүн, тері, жеміс-көкөніс өнімдерін жинау мен өңдеуге серпін бере алады», – деп түсіндірді «MB4» ЖШС директоры Азамат Шалмағамбетов.


📍Министр салықтық өзгерістерді мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерімен жан-жақты талқылау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауды “көлеңкеден шығару” шараларын ынталандыру – басым бағыттардың бірі екенін жеткізді.

Талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі – ет, әсіресе сиыр еті бағасының өсуі болды.

«Бұған дейін енгізілген әкімшілік тыйымдар мен шектеулер салаға кері әсерін тигізді. Тыйымдар мен квоталау салдарынан мал шаруашылығының рентабельділігі төмендеп, кей фермерлер мал өсіруді тоқтатуда», – деді «Ангус Қазақстан» республикалық палатасының директоры Дәурен Салықов.


📍
«Ет бағасының өсуі ең алдымен алыпсатарлардың белсенділігімен байланысты. Олар түрлі жолдармен малды сыртқа шығарып отыр. Біз әкімшілік тыйымдардың саланың дамуына кедергі келтіретінін түсінеміз. Бірақ ІҚМ (ірі қара мал) нарығын ашу үшін ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Шешу жолдарын бірге талқылаймыз, сіздердің ұсыныстарыңыз қарастырылады», – деді А. Сапаров.


📍Кездесу қорытындысы бойынша ҚР АШМ жанынан құрылған етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыс тобы аясында бизнес өкілдерімен кеңейтілген талқылаулар өткізіледі.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📍Директор мясоперерабатывающей компании «MB4», Азамат Шалмагамбетов


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📍Директор «Республиканской палаты Ангус Казахстана» Даурен Салыков


#agroproject

🔹Eurasian Milk өндірісті кеңейтуге 120 млн теңге инвестиция құяды

📍Eurasian Milk зауыты өндіріс орындарын жаңартуды жоспарлап отыр. Құны 120 млн теңге болатын жобаны іске асыру сүтті қайта өңдеу көлемін екі есеге арттыруға және шығарылатын өнім ассортиментін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын тәулігіне 300 тоннаға дейін сүт өңдей алатын болады, бұл жылына 100 мың тоннадан асады. Жоғары өңделген дайын өнім өндірісі де өседі, жылына 45 мың тоннадан асады.

Ассортиментті кеңейту зауытты дамытудың негізгі бағыты болады. Алдағы айларда компания қатты және жартылай қатты ірімшіктер, қаймақ және сүзбе өндірісін бастауды жоспарлап отыр.

Бұл инновациялар өнімнің қосымша құнын арттыруға және Eurasian Milk-тің нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның ең жақын жоспарларының бірі-қоюландырылған сүт өндіруге арналған жаңа желіні орнату. Бұл жобаға салынған инвестицияның жалпы сомасы 50 млн долларды құрайды және болашақта ол 70 млн долларға дейін өсуі мүмкін.

Бұл компанияның өз өнімдерінің сапасын дамыту және жақсарту жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстың дәлелі болса, сондай-ақ, тұтынушыларға және жалпы аймақтың экономикасына оң әсер етеді.

🔹Eurasian Milk инвестирует 120 млн тенге в расширение производства

📍Завод Eurasian Milk планирует модернизировать производственные мощности. Реализация проекта стоимостью 120 млн тенге позволит удвоить объем переработки молока и значительно расширить ассортимент выпускаемой продукции.

Предприятие будет обрабатывать до 300 тонн молока в сутки, что эквивалентно более 100 тыс. тонн в год. Производство готовой продукции высокого передела также вырастет, составив более 45 тыс. тонн в год.

Расширение ассортимента также станет ключевым направлением развития завода.
В ближайшие месяцы компания планирует запустить производство твердых и полутвердых сыров, сметаны и творога. Это позволит повысить добавленную стоимость продукции и укрепить позиции Eurasian Milk на рынке.

В ближайших планах - установка новой линии для производства сгущенного молока. Общая сумма инвестиций в этот проект составляет 50 млн долларов, и в перспективе она может увеличиться до 70 млн долларов.

Это свидетельствует о серьезных намерениях компании по развитию и улучшению качества своей продукции, что, безусловно, положительно скажется на потребителях и экономике региона в целом.


🔹Қазақстанда өнімділікті арттыру үшін жоғары сапалы тұқымдар орталығы құрылады

📍ҚР АШМ қолдауымен озық жоғары сапалы тұқымдар орталығы құрылуда.
Жоба 2026 жылы Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты базасында жүзеге асырылады.

Орталық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жоғары білікті мамандармен жасақталады. Оның негізгі міндеті – өнімділік пен экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін патогендерге қарсы күрес жүргізу.

Орталық тұқым шаруашылықтарымен тығыз ынтымақтастық орнатып, әртүрлі дақыл тұқымдарының сынамаларын талдаудан өткізеді. Жобаның басты мақсаты – 2030 жылға қарай отандық тұқым үлесін 80%-ға дейін жеткізу.

Фитоэкспертизаның инновациялық әдістерін қолдану және тұқымдарды сауықтыру өнімділікті арттырып қана қоймай, егіннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мамандардың бағалауы бойынша, тұқымдық қорды сауықтыру өсімдік ауруларымен күрестегі негізгі фактор болып табылады, себебі олардың 70%-ы тұқым арқылы таралады. Орталықтың жұмысы нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі кемінде 40%-ға артуы мүмкін деп күтілуде.

🔹Центр здоровых семян для повышения урожайности будет создан в Казахстане

📍Передовой Центр здоровых семян создается при поддержке МСХ РК.
Проект будет реализован в 2026 году на базе Казахского научно-исследовательского института защиты и карантина растений им. Ж. Жиембаева.

Он будет оснащен современным оборудованием и укомплектован штатом высококвалифицированных специалистов. Основной задачей центра станет борьба с патогенами, представляющими угрозу для урожайности и экологической безопасности.

Центр будет сотрудничать с семеноводческими хозяйствами по всей стране, проводя анализ проб семян различных культур. Главная цель проекта – довести долю отечественных семян до 80% к 2030 году.

Применение инновационных методов фитоэкспертизы и оздоровления семян позволит не только обезопасить урожай, но и повысить его продуктивность. По оценкам специалистов, оздоровление семенного фонда является ключевым фактором в борьбе с болезнями растений, до 70% которых передаются через семена. Ожидается, что благодаря работе центра, урожайность сельскохозяйственных культур может вырасти как минимум на 40%.



18 last posts shown.