✒ Сұрақ: Кейбір адамдар: «Мен намаз оқымаймын. Бірақ кедейлерге көмектесіп, жануарларға қамқор боламын. Бұлар да ғибадат. Тек намаз оқумен ештеңе бітпейді. Міндетіміз де маңызды. Бірінші орында жұмыс, одан кейін намаз.» дейді. Намаз оқымайтын адамдардың жасаған жақсылықтары қабыл бола ма?
Жауап: «Тек намаз оқумен ештеңе бітпейді» деп айтуы намазға жеңіл қарау деген сөз. Намаз иман секілді. Имансыз адамдардың ғибадаттарына, жақсылықтарына қалай сауап берілмейтін болса, намаз оқымайтын адамдардың да ешбір ғибадаттарына, жақсылықтарына сауап берілмейді.
«Намаз оқымайтын адамның ғибадаттары қабыл болмайды.» (Әбу Нуайм)
«Міндетіміз маңызды. Бірінші орында жұмыс, одан кейін намаз» деп өзгелерге намаз оқытпау да дұрыс емес. Намаз оқумен жұмыс берушінің (басшының) ақысы желінген болмайды. Яғни басшының намазға кедергі болуға ақысы жоқ.
Міндет деген не? Міндет – басшының берген тапсырмаларын, әмірлерін орындау және тыйым салғандарын істемеу деген сөз. Бірнеше бастықтың берген бұйрықтары бір-біріне сәйкес келмесе, лауазымы ең жоғары болған бастықтың бұйрығы орындалады. Мемлекеттік қызметте және әскерде де бірінші міндет лауазымы үлкен болған басшының әмірін орындау. Ал енді ең үлкен бастық дегеніміз кім? Міндетіміз әрине маңызды. Өйткені хадис шәрифте: «Адамдардың ең жақсысы адамдарға пайдалы болғаны.» делінген. (Кудаи)
Адамдарға ненің пайдалы екенін ұлы әміршіміз болған Алла Тағала білдірген. Бірінші міндет – ең жоғарғы лауазымдағы әміршінің бұйрығын орындау болса, онда ең ұлы әміршіміз, жаратушымыз болған Алла Тағаланың бұйрығы қандай? Алла Тағала «Иман келтіргеннен кейінгі ең үлкен міндет – намаз оқу.» деп бұйырған. Намаз оқымайтын адамның ғибадаттары, жасаған жақсылықтары қабыл болмайтыны секілді тапқан табысы да берекесіз болады.
Намаз оқу жұмыс қарқынын бәсеңдетпейді, керісінше жұмысқа деген құлшынысты арттырады. Намаз оқитын адам құл ақысынан, харамнан қорқады. Өз міндетіне немқұрайлы қарамайды. “Менің намаз оқитын уақытым жоқ” немесе басқа да себептер айту бейнамаз адамның намаз оқымау үшін тапқан сылтаулары. Бұл намаздың маңыздылығын білмеуден туындайды. Хадис шәрифте: «Бір кісі намазын әдейі, ешбір үзірсіз оқымаса, Алла Тағала оның басқа ғибадаттарын пайдасыз қылады.» делінген. (И. Ғазали)
Алла Тағала намаз оқымайтын адамның жақсылықтарына сауап бермейді. (Сәфәри ахирет)🤲