🔹Астанада антимикробтық препараттарға төзімділікті тежеу мәселелері талқыланды
📍Орталық Азияда «Бір денсаулық» тұжырымдамасына негізделген пандемияға дайындық пен оған қарсы әрекет етуге бағытталған «Пандемиялармен күрес қоры (Қазақстан)» жобасы аясында, Пандемиялар қорының қаржылық қолдауымен, ФАО Қазақстан «Қазақстанда антимикробтық препараттарға төзімділікті тежеу: жетістіктер, сын-қатерлер және саларалық ынтымақтастықтың келесі қадамдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға ФАО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, ҚР ДСМ КСЭК өкілдері мен кәсіби қауымдастық мүшелері қатарынан 30-дан астам маман қатысты. Оның басты мақсаты – ветеринария саласында антимикробтық препараттарға төзімділікті эпидемиологиялық қадағалау бойынша пилоттық бағдарламаның тұжырымдамасын әзірлеу болды.
Антимикробтық препараттарға төзімділік (АПТ) – адам денсаулығы, жануарлар және азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін ең үлкен жаһандық қатерлердің бірі. Қазақстанда бұл мәселе стратегиялық маңызды деп танылған, оны 2023–2027 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында антимикробтық препараттарға төзімділікті тежеу шаралары» жол картасының қабылдануы растайды.
Жоба ветеринария саласындағы эпидемиологиялық қадағалау бойынша пилоттық бағдарлама болып табылады және «Бір денсаулық» тұжырымдамасы аясында АПТ-мен күресудің кешенді тәсілін қамтамасыз етудің маңызды қадамы саналады.
Талқылау барысында қатысушылар пилоттық бағдарламаны енгізу үшін басым аймақтарды іріктеу критерийлерін айқындады, оған қолданыстағы инфрақұрылым мен эпидемиологиялық жағдай ескерілді. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен жергілікті ерекшеліктерге сүйене отырып, мониторингке жататын негізгі патогендер тізімі келісілді.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау секторындағы қолданыстағы эпидемиологиялық қадағалау жүйесімен пилоттық бағдарламаны ықпалдастыру механизмдері қарастырылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар АПТ-ны тиімді бақылау үшін саларалық ынтымақтастық пен деректер алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Жақын арада пилоттық бағдарламаның тұжырымдамасын әзірлеу аяқталып, басым назар аударуды қажет ететін патогендердің түпкілікті тізімі бекітілетін болады.

«Антимикробтық препараттарға төзімділікті бақылауда саларалық өзара әрекеттестіктің маңыздылығы және ветеринария саласы мен денсаулық сақтау жүйесі арасындағы үйлестіру механизмдерін айқындау қажеттілігі өте өзекті», – деп атап өтті ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Самат Төлегенов.