Манчестер Сити Реал Мадридтен жеңілген соң жалмауыз жатыпішер, арсыз арамтамақ, өмірі мәнсіз масыл «пікіршілер» Хусановты күлкі қып, өзбек ұлтын тек палау және құрылыспен келемеж қылған екен.
Спорт адамның психикасына, ішкі дүниесіне өте қатты әсер беретін сала. Хусановтың жаттығуы мінсіз болуы мүмкін. Бірақ әрбір ойында үздік нәтиже көрсете бермейді. Әлеуметтік желі Роналдуның соққан добының тек үздік сәтін көрсетеді. Оны ойын бойы бақылайтын болсақ, оның да әлсіздігін, кемшіліктерін көреміз.
Хусанов допты екі аяқтың арасынан өткізіп алдым деп қайғырып, өмірден түңіліп кетпейді. Мбаппе де бірнеше ай бұрын жер сүзгілеп, шетте қалған болатын. Футбол — олардың нан тауып жүрген кәсібі. Бұл мәселеде тек «пікіршілер» ғана бықсып, сасып қалады. Ал Хусанов ойынын ары қарай жалғастыра береді.