Журналист Айдос Садықовты атқан киллер қайда жүр?!👆
Журналист Айдос Садықовты атып өлтіруге қатысқан күдіктілер Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев 18 маусымда "Паланка" кеден бекетінен Молдоваға қашқан. Олар 19 маусым сағат 01.20-да Кишиневтен Антальяға (Түркия) ұшып кеткен. Бұл туралы шекара қызметіндегі дереккөздеріне сүйенген "Молдова: Актуально" телеграм-арнасы хабарлады.
Қазақстан ІІМ күдіктілердің бірі Жақанбаев 21 маусымда ішкі істер органдарына өз еркімен берілгенін хабарлаған. Қаратаевтың қазір қайда екені белгісіз. ҚР Бас прокуратурасы оны іздеп жатқанын айтты. Айдос Садықов басына тиген оқтан айықпай 13 күн ес-түссіз жатып қайтыс болды. Екі күдікті де ҚР ҰҚК офицерлері. Айдос Садықовтың жесірі Наталья күйеуінің өліміне президент Тоқаевты айыптап жатыр.
ЖЕЛге жаңалығыңды жібер 👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл👉 @jelide