Журналист Айдос Садықовты атқан кім?
Украина бас прокуратурасы қазақстандық журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деп күдікке ілінген Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаевқа халықаралық іздеу жариялады. Ол екеуі Садықовты өлтіруге “тыңғылықты түрде дайындалған”. Екі күдікті де Қазақстанның полициясында қызмет етеді.
Екеуі Украинаға 2 маусымда Польша-Украина шекарасынан өтіп, Киевте пәтер жалдап, көлік сатып алған. Олар Садықовты аңдып оңтайлы сәтті күткен.
18 маусымда күдіктінің бірі көлікке келіп, оқ атқан. Ал екіншісі жағдайды үйдің маңында аңдып тұрған. Кейін қылмыстан соң олар оқиға орнынан кеткен. Күдіктілер сол күні Молдова шекарасын кесіп, Украинадан кетіп қалған. Бірақ Украина бас прокуратурасы алғашында "Жақанбаевқа процессуалдық құқығы мен күдіктінің міндеті түсіндірілді" деп жазған.
ЖЕЛге жаңалығыңды жібер👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл👉 @jelide