ШАҒБАН қандай ай? 🌙
Усама ибн Зәйдтен (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ):
"...Бұл айда жасалған барлық амалдар әлемдер Раббысының құзырына көтеріледі. Мен өз амалдарымның аузым берік кезде (Аллаға) көтерілгенін ұнатамын", – деген.
(Тирмизи, Насаи)
Яғни, Шағбанның да басты амалы - ораза.
Шағбандағы құлшылықтың құпиясын Алла Елшісінің ﷺ өзі ашық айтып, үлгісін көрсетіп кеткен.
🍃 Айша анамыз (р.а): «Пайғамбарымыз (ﷺ) оразаны шағбан айында ұстағандай, басқа ешбір айда ұстамайтын...», – дейді. (Бұхари, Муслим)
Алайда, бұл айды толығымен ораза ұстаумен өткізуге болмайды. Арасында үзіліс болуы керек.
Әбу Салама (р.а.): «Мен Айша анамыздан Алла Елшісінің қалай ораза тұтқандығын сұрағанымда, Ол (р.а.) кісі: «Оразаны ұзақ тұтқаны соншалық бұдан былай ораза тұтумен болатын шығар дейтінбіз. Сонан соң оразаны тоқтататын, тіпті мұнан былай енді ораза тұтпайтын болар деп қалатынбыз. Бірақ, Шағбан айындағыдай көп ораза тұтқанын көрмедім... Кейде Шағбанның аз күндерін ғана қалдырып, қалған күндерінде толығымен оразамен өткізетін», – деп айтты».🤲