Postlar filtri


Адам адамның есінде мәңгі қалу үшін, үлкен ерліктің керегі жоқ шығар. Мәңгілікке татитын бір әрекет жетіп жатыр.

Шерхан Мұртаза
“Ай мен Айша"


Қарт Семейге ат басын тіредік…✨🦅


арманыңның шыңы – көлік алып, үйленумен, тойды жасап, сый берумен өлшенбесін.

2.6k 0 22 2 155

Жағымпаз досқа

Әлі де жібі үзілмес сырларың көп,
Байқадым қолды алыстан бұлғадың кеп.
Бұл жолы көңілімді таппай-ақ қой,
Өзіме де онша ұнап тұрғаным жоқ.

Досым-ау, домалаған басың сенің,
Арқалап жүргендей ме ғасыр шерін?
Сен бұрын долы теңіз секілденіп,
Долдансаң, тасушы едің.
Мен сондв қашушы едім.

Бұл күні кісілерге сенім беріп,
Мақтауды жеңіл көріп,
Мақтайсың көңілденіп,
Андағы ауызыңнан бұрын, досым,
Ақылың бар еді ғой сенің берік.

Кеседен ішіп-жұтып үміттерді,
Көсегең көгерді ме?
Ұмыт төрді!
Төсеген көрпеңді шал еледі ме?
Төсінен қай медалін жұлып берді?

Айналып бара жатқан танысыма,
Аядым досқа ақылды тағы, сірә.
Өмірден дәмесі бар ақымақты,
Өмір де бұрып апты ағысына.

О, тоба! Досым үшін жан беремін!
Досыма мән беремін,
Біз қазір оның байқап әлгі өнерін,
жақсылап қарбыз жейміз, оған дейін,
біреудің мақтап келсін әңгелегін.

Жалғас ҚАЗЫБЕК


жан тыныштық таппайды тән қамын жеп…


естіген сайын жүрек қарс айрылатын сөз:

– Біз мәңгі жаныңда жүрмейміз, балам.💔


Мені емдету үшін анамның әкемнен қарыз алғанын қалай есімнен шығарамын?…

#қысқаәңгіме


қазір “Асаудың”, одан қалса, асау-өмірдің қарбаласымен шапқылап жүрміз… сол үшін осы шақтарда сіздердің де ойларыңыз аса маңызды!

әдебиетті бір адамдай қолдайтын кісілер болса, өтіп, жебеп, демеп қойыңыздар🦅🤍


ASAU dan repost
Бізден келесі басылым ретінде қай кітапты күтесіздер?🚀


маған көзіңмен қарасаң, мені көресің, көңіліңмен қарасаң, өзіңді көресің!🤍

5.8k 0 42 1 158

Жаңбырдай жалғыздықта себелеген,
Бұл тағдыр мен дегенде неге керең?
Онсызда бақытым көп елемеген,
Неліктен сығаладым керегеден?

Өзімді жек көремін, көре берем!

6.1k 0 43 1 159

Қоғам үшін ең ауыры, ең қауіптісі — орыстанған қазақтың қазақ тіліне қарсы шығуы. Бұл — азаматтық соғыс отының тұтануы.

5.8k 0 14 1 215

Бір күні қарт кісі немересінің ойын білгісі кеп: “Саған қандай әйел керек?” – деп сұрапты. Сөйтсе немересі:
– Маған аштыққа, шөлге, ыстық-суыққа шыдамды, жұмыс пен қиындыққа төзімді әйел керек,- десе,
атасы:
– Саған әйел емес, түйе керек екен депті)


тура осы сәтте болашақ тәртіп сақшыларымыз парамен оқуын жауып, болашақ дәрігерлеріміз ChatGPT көмегімен емтихан тапсырып жатыр. қазірден денсаулығымызды күтейік!

5.3k 0 12 7 181

қазақтың ақшасы жақсы боп, тілі жаман ба екен?

соңғы жағдайларды естіген боларсыздар. бізге дәл осы алаң-елең шақта болсын, кейін де болсын, тілдің құрметі үшін бойкотына да, басқасына да қоғам боп атсалысу қажет🇰🇿

балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды.




арамызда SDU-лықтар бар ма?

бүгін осы кездесуге келіп, қатыссаңыздар болады🌻🙌


Шешіміңді қабылдап болған соң, кеңес сұрауды азайт.

Әл-Ғанзи


“Асаудың” кітаптарын оқыдыңыздар ма?🌼

5.9k 0 8 12 101

Бірде белгілі екі адамның келіспеушілігі үлкен дау-дамайға айналып кетіпті. Сол тұста бір танысы Гетеге келіп:
– Мына айтыс-тартыста екеуінің қайсысынікі дұрыс, қайсысы кінәлі? - деп сұрапты. Сонда Гете:
– Бұл дауласушы екеудің ішінде кім ақылдырақ болса, сол кінәлі, - деп жауап беріпті.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.