Postlar filtri


Алматының вокзалы,
түн ұлып тұр.
өмірім сен кеткесін түңіліп бір –
көңілім сен кеткесін бүлініп тұр.

Келгесін жетім қалған жүрегімді,
тауып ап, вокзалыңа жылынып кір.


Ағам соғысқа кеткенде қимай қоштасқан жан досы мен жылай, қимаған жұбайы бүгін отау құрды.

#қысқаәңгіме

2.1k 0 3 23 150

Мінсіз сөздерді күткен жазушы ешқашан жазбайды.

2.6k 0 10 6 161

қос дос, қос алып…💔


Ата-ау, мені естимімің сен осы?!
Бәрі сені жоқтап жатыр…
О, несі?
Қай жеріңді қопарам деп жалмады,
Қазағыңның жебесі –
Қай теңізге апарам деп алдады,
Ажалыңның кемесі?!…💔

22.02.25

3.8k 0 13 25 387

"Жүрек көр болғаннан кейін, көздің көруі ешқандай пайда әкелмейді".

Мәулана Руми


Қызымен кездесуден “Мен сені дұғама қосамын”- деді маған, деп шаттана келген досымның бүгін зиратының басында тұрмыз.

#қысқаәңгіме

4.7k 0 6 53 201

кеткеніңді сезбесе, келгеніңді де байқамаған.

5.9k 0 54 5 205

біздің Қарағандының таулары бұндай емес.

жазықта жүгіріп, Ақшағылдың қыратын, Қарқаралының тас-төбе, адырларын басқан аяғымның өзі Алатауға келгенде жоқ таңдайын қағып қалатыны рас. қараған көзге бірден сезілер асқақтық һәм рух бар. тарпаң.

біздің орталықтағы еркіндікке жетпегенімен, көңілге – жігер, жанарға – от сыйлайтын Алатауға қызыға да, қызғана да қараймын. біз ғой “қыр баласымыз”- деп, Табылдының әнімен өзімізді жұбатамыз. Мұқаңды, Бердібекті, Тұманбайды түлеткен тауларға кеп, үзілмес үмітпен қол созамыз. асылында, бір тудың астында, бір ұлттың құшағындамыз ғой. Алматы да, Алатау да – туған жерім!

Мұзафарша айтқанда: “Табиғаттың қатесін түзеткім келеді - тауы жоқ елдерге тау үлестіргім келеді”✨🤍

5.4k 0 7 18 101

– Анаң ба, мен бе?
– Ойланатын сұрақ екен.

#қысқаәңгіме

4.9k 0 4 38 173

сенімен өткен әр күнім “ғашықтар күні”💘

5.8k 0 62 12 236

Жоқ, әлде, жаралы боп өтеміз бе?
“Мұңлық” деп жазып алып шекемізге.
Ақылын айтып болсын, бағыт берер,
Дені сау жоқ екен ғой көкеміз де.


– Біздің зауыт, фабрикалар не шығарады осы?
– Түтін.

#қысқаәңгіме


Абай айтса, айтқандай-ақ: “Қазақтың өлгенінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ”


“Орныңды ешкім баса алмайды”- деген жан, орныма басқасын іздеп кетсе керек. Оған да солай айтар ма екен?

#қысқаәңгіме


пенде, шіркін, түсіп жүрген суретінің дәл қайсысы көктасына қойылатынын білмей кетеді-ау, осы.

7k 0 28 6 208

кеше Алматыдағы 14-ші кітапханада сұқбатта болдым.

сұқбаттан соң, сәскеде сәл ойланып, түптеп қарасам, осы арнада от алып, оқырмандардың қолдауымен басталған дүние осы деңгейге жеткізіп отыр екен🌻🫂

сол үшін, aldarqatar — мен үшін өте ыстық жоба🤍

осы күні, арнама көңіл бөліп үлгере алмай жүрсем де, әлі-ақ әдебиет пен мәдениетті, тіршілік пен құлшылықты, ізгілік пен игілікті осы арнада сөз етіп, жаратынымызға сенемін!

бастысы, ықыласты оқырман сенсе болды.

7k 0 2 2 146

таң қаласың: кез келген адам қанша қойы бар екенін жатқа біледі, бірақ қанша досы бар екенін айта алмайды


Қаладан кеп, жылқыдан жиіркенген әпкемнің ұлы қазы-қартаны асап-асап жеп отыр. Жиенімнен билікті көріп, қызықтап қалғаным…

#қысқаәңгіме


жер басқанға мәз болма,
жерде ізің қалмаса…

8k 0 50 4 235
20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.