🚙 Жолдағы қауіпсіздік: Бүйірлік қайырмасы бар құрама жол машинасы Қыста автожолдарды күтіп-ұстауда бүйірлік қайырмасы бар құрама жол машинасының атқаратын қызметі маңызды. Бұл техника жолдың жүру бөлігін қар мен мұздан тазалап, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Оның алдыңғы қайырмасы және қанаты бар, ол тазалау аймағын барынша кеңейтеді. Бірақ, бұл көліктің қасынан өткенде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Себебі бүйірлік қайырмасының
ұзындығы 2-4 метрді құрап, жұмыс барысында машинаның габариттік өлшемін айтарлықтай ұзартады.
Сондықтан бүйірлік қайырмасы орнатылған жақтан басып озуға болмайды! 📌 Енді бүйірлік қайырмасы бар жол көлігін неге басып озуға болмайтынын қарастырамыз: - Қар жауғанда немесе нашар көрініс кезінде қайырма көрінбеуі мүмкін.
- Машина үлкен көлемде қарды тазалап, қозғалыстың бағытын өзгертуі мүмкін.
- Қайырмамен соқтығысқанда көлік басқаруы жоғалып, авариялық жағдай туындау мүмкін.Жол көлік оқиғасын алдын алу үшін арақашықтықты сақтап, тыйым салынған жағынан басып озбаңыз және жол техникасының қасынан өткенде мұқият болыңыз.
Қыс мезгілінде жолдағы қауіпсіздік - барлық жүргізушілерге байланысты!Арнаға жазылу