PR туралы


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский


PR және соның айналасы.
Пікір-мікірлер gulimeo@gmail.com адресіне және @gulimeo чатына қабылданады.
Осы тақырыпта әңгімелескім келеді дегендер @prkzchat тобына қосылуына болады.
PR туралы кітап іздегендерге: @prkitap

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Статистика
Фильтр публикаций


Кешіріңдер, жарнама беру қанша тұрады деп сұраушылар қаптап кетті. Біреу осы өлмелі каналды эксел базасына қосып қойған ғой дейм, енді ол эксел кім көрінгеннің лаптобында жүрген сияқты. Ктулхудың құтты күні біреу жазады, шамалы збмды шығарып жіберді.


Потенциальным рекламодателям
Я не размещаю рекламу в канале. Ни за деньги, ни за ответку в виде рекламного поста. Прайса нет и не будет.
Любая реклама в этом канале – личная рекомендация автора.
Вы можете рассказать о себе и рекламируемом продукте, а я решу, нравится мне он и нужен ли моим подписчикам, стоит ли это рекомендовать.
Просьба вообще учитывать, что канал авторский, ведется только на казахском, прежде чем мне писать, имейте ввиду, пожалуйста, два этих важных нюанса.
Нет, мне неинтересны межредакционные коллаборации.


#вакансия #алматы
Каналымның шаңын қағып-қағып жіберіп, іздеу салайын деп ем.
Әлеуметтік салада істейтін ұйымның баспасөз қызметіне маман іздеп отырған жайымыз бар.
Біздегі талап аз болса да, қатты:
- қазақша сөйлеп, жаза білгені және онысы асқан сауатты болуы - ең басты шарт
- орысша білуі маңызды емес, түсініп, ауызша тілдесе алса жеткілікті, бірақ қандай да бір шет тілін меңгергенін тым құп көреміз
- андай-мындай артық-шатақ мінезін үйде тастап кете алуы – тамаша қабілет деп қабылдаймыз
- құжаттармен жұмыс істеген тәжірибесі керемет плюс, ондайды өмірімде көрмегем десе – өзім үйретем
- шамалы айфонмен видео түсіріп, монтаждай білсе тіпті жақсы, негізі мобилографымыз бар, бірақ ол жоқ кезде кәдімгідей шиқылдап қаламыз, соның орнын анда-санда жоқтатпай отырса болар еді. Су жаңа айфон бар, уайымдамаңыз, тілін білсеңіз соның өзі ғанибет
- бөлімнің майда-шүйде жұмысы бітпейді жалпы, басқа да тапсырмаларды орындауға тура келеді кейде ) бірақ мұрын қанататын ештеңе жоқ
- жұмыс офисте, онлайн істеуге болмайды. Қарастырмаймыз и точка. А то білем, қазір басталады, андай едім, мындай едім, қаскелең-талғар-аягөзде тұратын ем деген әңгімелер.

Қорқынышты бөлігі бітті, енді приятты жағын айтайын:
- аса лоял, ұйымшыл ұжымбыз, креативіміз екі вагон
- шай-кофеге ақша жинамаймыз, бастық өзі әпереді, кофеварка тұр
- 15-20 мин мызғып алам десе, пуфигымыз бар, марқабат, тек фанатизмсіз) жұмысқа ұйықтауға келмейміз
- офис қаланың орталық бөлігіндегі әсем жерде орналасқан
- түнеп істеу, демалыста шығу жоғынан, тапсырмалар түгел орындалып, шаруа бітсе, ертерек қайтуға болады, кептеліс басталмай тұрып
- бастық примерно алтыннан жасалған, кейде тым еркелеп кетсек жынымызды қағып алады, а так өзінен өзі кеп тиіспейді. Инфа – сотка. Жоқ, бастық мен емес.

Ал енді резюмені менің жекеме тастай берің. Болмашы бір тест тапсырма беруім мүмкін, бермеуім де мүмкін – көреміз 🙂
Емейл сұрамаңдар, осында жекеге жіберген дұрыс, әйтпесе телеграмы жоқ адамдарға күдікпен қарайм. Ойын жинақтап, бірден өзін таныстырып, резюмесін жібере қойғандар бірден шорт-листке өтеді – сәлем деп алып, екі күн жауабымды тосып отырмай, бірден шаруаға өтіп, басқаның уақытын бағалай алатындарға ықыласым ерекше 🍷
Кандидаттың жасына талап жоқ, бірақ иерархия бойынша төмендеу сатыдағы позиция болғандықтан және жалақы мөлшері мұнайгаздағыдай еместігі себебінен, ұсынысымыз тәуір командада тәжірибе іздеген жастарға лайықтау шығар. Шіли көп ақша емес, бірақ жол-пұлын, шамалы арендасын төлеп, айына 1-2 рет кафеге баруға точно жетеді.
А, иә, медицина саласында істейтін ұйым бұл 🧑🏽‍⚕👨‍⚕👩🏻‍⚕
Ал байланысқа шыға берің 🤓


Негізі норм идея болар ед Касановты әкелгені 🤔


Репост из: YerlanGo - 44+
Прессек Әміржан Қосан дейді. Ақпар шылқыған өтірік, нағыз өсек; "Магнумде" таразыға кезекте тұрғанда естідім, айтқандардың кескіндерін ұмытып қалдым, тіпті жыныстары да есімде жоқ.


Осы жаңалықтың арқасында каналға кенет жан бітті.
Уф.
Прикол ұстау үшін хотя бы әлгі Орынбек айтқан Нұрлыбекті қоя салуы керек ед.
#соңғыжаңалық


Репост из: BES.media
⚡️⚡️⚡️⚡️ Сколько денег тратят кандидаты на свои PR-кампании

Выборы депутатов мажилиса пройдут уже в это воскресенье. При этом впервые за долгое время за места в парламенте смогут побороться самовыдвиженцы. Редакция BES.Media собрала в региональных акиматах информацию о том, сколько поступило средств на счета избирательных фондов таких кандидатов.

Сколько кандидаты вложили в свои кампании самостоятельно, и какие суммы получили из других источников, читайте на нашем сайте:
➡️ https://bes.media/category/vybory-2023/skolko-deneg-tratyat-kandidaty-v-deputaty-mazhilisa-882

📱 https://t.me/bessimptomno






Соджорнер Трут 80-нен асып қайтыс болды. Әріп танымайтын күңнің әйелдер теңдігі мен десегрегация үшін сіңірген өлшеусіз еңбегі тарихта қалды.


Әлемді өзгерткен сөздер қатарында әдетте Мартин Лютер Кинг, Кеннеди, Линколн, Тэтчер мен Черчиллдің спичтері аталады.
Бірақ осылардың қатарында сирек көрінетін бір спич бар. Оның ауторы - Соджорнер Трут (Sojourner Truth).
"Мен әйел емес пе ем?" (Ain't I a woman?) деген ұлы спичі әйелдер мен қаранәсілділер құқығы турасында.
Бұл әйелдің тағдыры адам айтқысыз ауыр болған. Күң боп туған Соджорнер тепкіден көз ашпай өскен, талай зорланған, күйеуге шығуына тиым салынып, кейін зорлықпен күйеуге берілген, туған балалары тартып алынып, жекелеп құлдыққа сатылған.
Ню-Йорк штатында туған Трут - құлдықтан босатылған алғашқы қаранәсілділердің бірі. ХІХ ғ. бірінші жартысында non-slavery state, яғни құлдардан азат штат құру науқаны басталады, процестің ауыр әрі ұзақ жүргеніне қарамастан, ақыры Сорджорнер де азаттық алып, әйел теңдігі мәселесін көтерген жаршыға айналады.
Оның ең танымал спичі аяқасты айтылған, алдын-ала жазылмаған. Оның аудиожазбасы да жоқ. Бұл спич дәл осы күйінде айтылғаны да екіталай, өйткені ол кезде дыбыс жазу құралдары болмағандықтан оның бірнеше нұсқасы сақталған - сол сөзді тыңдағандардың аузынан кейін туғандар қағазға түсіріп алған.
Бұл сөзді Трут 1851 жылы Охайо штатындағы әйелдер конгресінде сөйледі. Қатысушы спикерлер әйелдерді сыйлау керек, оларға арбадан түсіп жатқанда көмектесу керек дегеннен ары аса алмайды, олардың нақты тең құқы, саяси құқықтары және ақылы еркектердікінен кем түспейтіні туралы жақ ашпайды.
Сол кезде ортаға Соджорнер Трут шығып, залдағылар жаға ұстайды. Өйткені қанша жерден әйелдер туралы, әйелдерге арналған шара болса да, еркектер отырған жерде әйелдің әу деп сөз сөйлеуіне кеңінен рұқсат берілмеген заман еді.

"Қарақтарым, мына жерде азан-қазан боп жатыр екенсіңдер, әйтеуір бір әбігерге түсіп жатқандарың анық. Оңтүстіктің негрлері мен Солтүстіктің қатындары ма, біреулердің құқы ма – айтып жатқандарыңның бәрі енді шамалыда ақ еркектердің желкесінен шығатыны түсінікті маған. Бірақ не айтып отырсыңдар мында? Ана бір еркек әйелдерге арбаға отырарда, батпақтан секіріп өткенде қол созып көмектесу керек, ең жақсы орныңды ұсыну керек деп жатыр. Маған келгенде ешкім арбаға отырып, шалшықтан секіріп өтуге қол созбапты, жақсы орнын да бере қойған ешкім жоқ. Сонда мен әйел емес пе ем?
Түріме қараңдаршы! Қолымды көріңдер, міне! Жер жыртып, егінді де ектім, астықты да теріп, қамбарға тасыдым, еш еркек шаңыма да ілеспейтін. Ал мен әйел емес пе ем?
Еркектікіндей жұмысты мен де істеймін, беріп жатса, ол жеген тамақты мен де жей аламын, оны сабаған қамшы мені де сабаған! Ал мен әйел емес пе ем?
Он үш баланы дүниеге әкелдім, олардың қаншамасын көз алдымда құлдыққа сатты, аналық қасіреттен жаным қарс айрылып жылағанымда, мені Исадан басқа ешкім естімеді. Мен әйел емес пе едім?
Мыналардың тағы бір айтып отырғаны, қалай деп еді, мына бастың ішіндегіні? [Интеллект деп аудиториядан біреу айтып жіберді] Иә-иә, көкем, сол нәрсе. Әйелдердің құқы мен негрлердің құқының не қатысы бар оған? Сенің басыңа сыйған бір тостаған ақылдың жартысы менің шақшама сыймайды деймісің, бақыршығымды толтыруға мүмкіндік бермесең, қай құқыңды айтып отырсың?
Ақыр соңында артта отырған анабір майда біреуі әйелдердің дәл еркектікіндей құқы болуы мүмкін емес, өйткені Иса қатын болмаған дейді. Айналайын, пайғамбарымыз қайдан пайда болып еді? Пайғамбарымыз кімнен жаратылып еді? Құдай мен әйелден! Оған еркектің қатысы болған жоқ, шырағым.
Құдай жаратқан алғашқы әйелдің күші осы әлемді төңкеріп тастауға жеткен болса, мына отырған әйелдер бірігіп сол әлемді қайта төңкеріп, орнына қоюға шамасы жетпейді деймісіңдер? Сол мүмкіндікті беріңдер деп отырған әйелдердің сөзіне еркектер құлақ асқаны жөн.
Болды, Соджорнер апаларыңның сөзі осымен тәмам".


Спич біткен соң зал тынып, шок күйде отырады. Сосын естерін жиып, батыл әйелге қол шапалақтайды.
#спичрайтинг #пайдалы


Мына бірмандатниктерге өзін ұсынушыларға қатысу құқын қайтарғалы ненің қалай екенін түсінбей жатырмын.
Сонда қалай, тіркелген 15 мың адам енді жарнамасын жүргізе ма?
Шынымен гонка бола ма екен, жан берісіп, бет жыртысқан?
Күшті ғой! 🥳
Иксайтидпын 🍷


"Бәдигүл и точка!" деп агитация кампаниясын жасауға идеал кандидат екен
#соңғыжаңалық #сайлау


Репост из: BES.media
🤔 В Алматы снова депутатом мажилиса хочет стать кандас без фамилии и отчества. Теперь не от Nur Otan

В Алматы баллотируется в депутаты мажилиса от НПК по 3 округу безработная Бадигуль без фамилии и отчества.

В 2020 году Бадигуль также шла на выборы в мажилис. Тогда она пыталась попась в партийный список от Nur Otan, участвуя в праймеризе.

В ТИК Алматы сказали, что у Бадигуль нет фамилии и отчества. У неё в удостоверении личности так и указано – только имя.

В 2020 году пресс-секретарь партии Nur Otan Тимур Базарбаев пояснил, что Бадигуль – кандас (оралман) и у неё только имя. Фамилии у Бадигуль нет. Пришлось ставить точку из-за настроек сайта, на котором можно было ознакомиться с кандидатами.

🚀 https://t.me/bessimptomno


2023 жылдың эпикфейлдар хитпарадын мемлекеттік автонесиелеу бағдарламасы ашады
#соңғыжаңалық


Соғыс басталғалы Украина бізге өзгеше боп көріне бастады ғой. Демократиясы да демократия, президенті де президент, пиары да пиар, не то, что біздікі.
Бірақ бұл керемет өлке де совет боғынан арыла қоймаған анығында.
Мысалы Зеленськидің жеке каналын да, ресми каналын да оқим.
Ақпараттық соғысты сауатты жүргізу үшін ел үкіметі 20 шақты шетелдік, негізінен британ пиар агенттіктерін жалдағаны белгілі. Алайда мына сілтемедегі кезекті жаңалық ешкімді де жалдамаған, тупой пропагандистерінің қызметін пайдаланатын қазақ үкіметінің ақпараты сияқты: президент тапсырмасына орай, офис кеңесшісі біреулердің есебін тыңдап шықты дейд.
Нуйолы-палы. Тапсырма болмаса жасамайсыңдар ма жұмысты сонда?
Ең бір жыным ұстайтын осы сарын.
#пропаганда #мемпиар
https://t.me/OP_UA/8702


#вакансия #астана
Aitas компаниясы 2 тілде еркін жазатын, тәжірибелі пиаршы іздеп жатыр.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0wvXzvLrDPuvUoXU9wkMaNoo99C7aQpLnUTbG1Zc2jPVGZrPgvoeiVoYDaHcVox96l&id=100000858210634&mibextid=Nif5oz


"Пока молодёжь митингует, пожилые идут на выборы и побеждают" © депті әлгі подхалимка шульмандарың біздегі саяси өмір туралы.
Еуропада ешкімге керек емес, енді мадаққа зәру ортаазиялық лохтарды айналдыруға келді. Елдегі универлердің бірінде лекция оқитын профессор боп жұмысқа да тұрып алыпты.
Кім соны саясаттанушы деп жүрген жалпы? Құсық.
#соңғыжаңалық


Осы нұсқа әлдеқайда сүйкімді


Репост из: BES.media
📝Учёные определили окончательный вариант казахского алфавита на латинице

Основные научные разработки для перехода казахского языка на латиницу завершены учёными, сообщает Informburo.kz.

Этой работой занимался Институт языкознания имени Ахмета Байтурсынова.

«Надеемся, что опубликованная в апреле 2021 года версия казахского алфавита на латинице является окончательной. Ортологические труды мы направили в вышестоящие инстанции для принятия политического решения», – сказали в институте.

Окончательным вариантом будет версия опубликованная в апреле 2021 года.

📚Чем занимался институт

Редакции Informburo.kz в институте сообщили, что «тщательно проанализировали лингвистические различия между кириллицей и латиницей».

Учёные завершили разработку нового орфографического справочника казахского языка и большого орфографического словаря на основе латинографического алфавита.

Работа включает в себя аргументацию орфографических норм, правила правописания и варианты, «наблюдаемые в современном казахском письме из-за динамических изменений».

«Сейчас для принятия решения по переходу на латиницу институт представил правительству РК только один вариант – проект усовершенствованного алфавита, который подготовили и доработали в институте и в орфографической комиссии. В комиссию вошли учёные отечественной лингвистики и филологии», – говорится в сообщении.

Последний вариант алфавита был представлен на сайте «Открытые НПА».

🗂Переход на латиницу

В 2017 году бывший президент Казахстана Нурсултан Назарбаев подписал указ о переходе казахского алфавита с кириллицы на латиницу.

Была создана Национальная комиссия по алфавиту. Планировалось осуществить переход с 2023 по 2031 год.

В 2022 году президент страны Касым-Жомарт Токаев заявил, что нет необходимости спешить с лингвистической реформой пока нет правил новой орфографии казахского языка.

https://t.me/bessimptomno

Показано 20 последних публикаций.

753

подписчиков
Статистика канала