Алты хадис жинағын тәпсірлеушілер (әл-Бухари, Муслим, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәджә)Уаһабилік шейх Хаммад әл-Ансари айтты:
إن من الأمر المستغرب أن الكتب الستة لم يشرحها أحد من العلماء السلفيين، ولو أن شيخ الإسلام ابن تيمية وابن القيم ونحوهما من العلماء شرحوا أحد هذه الكتب الستة لأخرجونا من ظلمات نعاني منها
«
Бірде-бір сәләфи (уаһаби) ғалымы алты хадис жинағының біріне шарх жазбағаны таң қалдырады. Егер шейхул-Ислам ибн Тәймия, ибн әл-Қайим және осыған ұқсас ғалымдар алты хадис жинағының біреуіне түсіндірме жазғанда еді, қазір біз өмір сүріп жатқан қараңғылықтан алып шығар еді».
(Абдул-Әууәл ибн Хаммад әл-Ансари, «Маджмуғ фи тәрджәмәти Хаммад ибн Мухаммад әл-Ансари», 2/573).
Пікір
1. Шейх Хаммад хадис жинақтарына түсіндіріме (шарх) жазуды қолға алғандардың бидғатшылар – әшғарилер және т.б. екенін мойындап тұр және уаһабилер хадис жинақтарына түсіндірме жазуда Аллаһтан иләһи жәрдем болмағандықтан ешқандай түсіндірме жазбағанын мойындайды, бірақ әйтседе хадис жинақтарына ешқандай түсіндірме/шарх жазбасадағы, олар әһлу сунна деп жалғыз өздерін ғана санайды.
2. Уаһабилер әшғарилердің сүннетке ешқандай көңіл бөлмейтінін үнемі айтады, бірақ сонымен бірге олар әрқашан өздері сол сүннет жинақтарының әшғари ғалымдар жазған түсіндірмелерге жүгінеді және сол шархтарға сүйенеді. Сіз бұндай қызық нәрсе естідіңіз бе?
3. Шейх Хаммадтың сөздерінен уаһабилердің Пайғамбардың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеттерін түсінуге аз көңіл бөлетінін түсінуге болады, өйткені олар осы күнге дейін сүннет (хадис) кітаптарына бірде-бір түсіндірме/шарх жазбай, басқа нәрселермен шұғылданған және сүннетті түсіну тұрғысынан олардың еңбектерін «бидғатшы» әшғарилер мен мәтуридилердің кітаптарымен салыстырсаңыз, онда олар әшғари/мәтуриди ғалымдарының қасында ақылы таяз балалар секілді екенін көресің.
4. Қазіргі уаһабилер үммет (әшғари/мәтуриди) ғұламаларының көпшілігінің кітаптарын пайдаланып, осы ғалымдардың кітаптарынан көптеген пайда алып, кейін оларды қорлап, сенімдерін қаралайды!
Источник:
https://t.me/whb1206https://t.me/darulfikr