Фильтр публикаций


Алла Тағала адамзат баласын ақылмен ардақтап, пендесі құр босқа ғұмыр кешіп, құмарын қандырып құрдымға кетпеуі үшін қасиетті Кітабын түсірді. Сол арқылы ақыл иелерін ең тура жолға бастады. Бұл туралы

Құран Кәрімде «Исра» сүресі, 9-аятында:
إِنَّ هَذَا الْقُرْآنَ يَهْدِي لِلَّتِي هِيَ أَقْوَمُ وَيُبَشِّرُ الْمُؤْمِنِينَ الَّذِينَ يَعْمَلُونَ الصَّالِحَاتِ أَنَّ لَهُمْ أَجْرًا كَبِيرًا
Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді.




📜 *Тарауих намазы*
🎙️ Ұстаз Асқар Мұқанов


📜 *Тарауих тасбихы бидағат па?*
🎙️ ұстаз Ерсін Әміре


Аудио от Салтанат


Аудио от Салтанат


📜 *Тарауих 20 ракағат па?*
🎙️ ұстаз Ерсін Әміре


Пайғамбарымыз ﷺ бір сөзінде былай деген:

"Бұл айда төрт нәрсені көп істеңдер. Оның алғаш екеуі – Раббыларыңның ризашылығын алуға себеп, ал қалған екеуіне сендер өздерің мұқтажсыңдар. Раббыларыңның ризашылығын алатын екі амал – “Лә иләһә илләллаһ” деп көп айту және истиғфар (Алладан кешірім тілеу). Ал мұқтаж болатын екі амал – Алладан Жәннатты сұрау және Тозақтан сақтауды тілеу".


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram








Репост из: Мұсылман естеліктері
Рамазан айы келгенде...

Аллаһ елшісі ﷺ айтады:

«Рамазан айының алғашқы түні келгенде, шайтандар және жындардың азғындары кісенделеді, тозақтың қақпалары жабылып, бірде-бір есік ашылмайды; жәннаттың есіктері ашылып, бірде-бір есік жабылмайды.
Әр түн сайын: "Ей, жақсылық іздеуші, ұмтыл! Ей, жамандық қалаушы, тыйыл (тоқта)!" — деген дауыс жар салынады.
Сондай-ақ, Аллаһ Тағала әр түн сайын тозақтан адамдарды азат етеді».


Қайнаркөз: Тирмизи (682), Ибн Мәжә (1642) – Әбу
Һурайрадан

@mulimsnotes


Жума Мүбәрак болсын
Жума намазы оқылады
Жума Тарауих намазы оқылады
Жума Ауыз бекіту Түни🤲


☪️ТАРАУИХ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР

Тарауих қандай намаз?
Тарауих намазы – Рамазан айында оқылатын 20 рәкағаттық намаз. Үкімі – сүннет муәккәдә (бекітілген сүннет). Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала Рамазан айында оразаны парыз етті. Мен де тарауих намазын мұсылмандарға сүннет еттім. Шынайы иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам жаңа туған нәрестедей күнәдан пәк болып тазарады», – деген. «Тарауих» сөзі – «таруиха» сөзінің көпше түрі. Мағынасы аздаған демалу дегенді білдіреді. Әр төрт рәкағаттан соң бір сәт демалғаны үшін осылай аталған. Үзірлі жағдаймен оқылмаған тарауих намазы қаза етіп өтелмейді. Әр екі немесе төрт рәкағатта сәлем беріп оқылады. Әр төрт рәкағаттан соң демалу уақытында тарауих таспихын айтса болады. Сондай-ақ зікір айтып, дұға етуге, тіпті, үндемей отыруға да рұқсат.

Тарауих намазы қалай оқылады?
Әуелі құптанның төрт рәкағат парызы, сосын екі рәкағат сүннеті оқылады. Мұнан соң 20 рәкағат тарауих намазы оқылады. Соңынан үтір уәжіп намазымен тәмамдалады. Жамағатпен оқыған адам имамға ұйып, соның әрекеттерін қайталайды. Имамдыққа шыққан немесе жеке оқыған адам тарауих намазын 2-2 рәкағаттан бөліп оқығаны абзал. Тарауих намазы мына реттілікпен төмендегідей оқылады:
1. «Ниет еттім тарауих намазын оқу үшін жүзімді құбыла тарапына қараттым, Алла үшін халисан лилләһи таъала», – деп 20 ракағаттық тарауих намазына ниет ету.
2. «Аллаһу әкбәр» деп ифтитах тәкбірін айтып, қол байлайды.
3. Оң қолын сол қолының үстіне, кіндіктен төмен байлап, сәна дұғасын айтады: «Субханака Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәракәс-мукә уә тәъалә жәддукә уә лә иләһә ғойрук».
4. «Әғузу» мен «Бисмиллә» дұғасы айтылады. Содан кейін «Фатиха» сүресі мен қосымша бір сүре оқылады.
5. «Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барып, 3 рет «Субхана роббиәл ъазим» деп айтады.
6. «Сәми ъаллаһу лимән хамидәһ» деп айтып, рукуғтан тұрады. Бойын тіктеген соң «Роббәнә уә ләкәл-хамд» дейді.
7. «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барып, 3 рет «Субхана роббиәл аълә» деп айтады.
8. Сәждеден басын көтеріп, отырады.
9. «Аллаһу әкбар» деп екінші сәждеге барып, 3 рет «Субхана роббиәл аълә» дейді.
10. «Аллаһу әкбар» деп екінші рәкағатқа тұрып қолдарын байлап, «Фатиха» мен қосымша бір сүре оқиды.
11. «Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барып, 3 рет «Субхана роббиәл ъазим» деп айтады.
12. «Сәми ъаллаһу лимән хамидәһ» деп айтып, рукуғтан тұрады. Тік тұрғаннан кейін «Роббәнә уә ләкәл-хамд» дейді.
13. «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады да 3 рет «Субхана роббиәл аълә» дейді.
14. Сәждеден басын көтеріп, отырады.
15. «Аллаһу әкбар» деп екінші сәждеге барып, 3 рет «Субхана роббиәл аълә» дейді.
16. «Аллаһу әкбар» деп сәждеден басын көтеріп отырады. Отырыста «Әт-тәхият», «Аллаһумма салли», «Аллаһумма барик» және «Раббана» дұғаларын оқиды.
17. Соңында бірінші оң иыққа «Әс-сәләму ъаләйкум уа рахматуллаһ» деп, сосын сол иыққа қарап дәл солай сәлем береді. Келесі екі рәкағатты да дәл осы реттілік бойынша оқиды.

Осылайша төрт рәкағатты толық оқып, сәлем бергеннен кейін аздап тынығады. Осы арада тарауих таспихын айту құп саналады. Тарауих намазын әр екі рәкағатта сәлем беріп емес, әр төрт рәкағатта сәлем беріп оқитын болса, алғашқы отырыста «Әт-тәхият» дұғасымен қоса, «Аллаһумма салли», «Аллаһумма барик» дұғасын да айтады. Сосын сәлем берместен «Аллаһу әкбар» деп үшінші рәкағатқа тұрғанда оны «сәна», «әғузу» және «бисмилләмен» бастап, әрі қарай әдеттегі тәртіп бойынша оқиды.

Тарауих намазы қай уақытта оқылады?
Тарауих намазының уақыты – құптан намазы мен сәресі аралығы. Құптаннан бұрын оқылған тарауих намазы саналмайды. Тарауих намазын оқудың ең абзал мезгілі – түннің үшінші бөлігі кіруден бұрын. Имам тарауих намазын оқып тұрған болса, кешігіп келген адам алдымен құптанның парызы мен екі рәкағат сүннетін оқып, кейін тарауих намазына тұрады. Мешітке бара алмаған жағдайда тарауих намазын үйде оқуға болады. Алайда мешітте жамағатпен оқығанның сауабы мол.

Дереккөзі: «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабы

©️ mihrab.kz🤲


« Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін, дұғалар мен құлшылықтардың қабыл болатын, мың айданда қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай » деп жатамыз ғой.

Сондықтан осы айда, Аллаға ұнамсыз істерден аулақ болып (ғайбат, өтірік, көреалмаушылық, қызғаныш сынды) , көп құлшылық жасап, көп дұға ету керек екен.

Рамазан айын қалай өткізсеңіз, қалған айларыңыз солай өтеді…


Ертең ИнШаАллаһ Рамазанның алғашқы тарауихын оқимыз🥹

Рамазан мүбарак!✨
Осы тұста айтқым келетіні, ораза ұстасаңыздар қабыл болсын. Бірақ осы айға кірмей тұрып, ниеттеріңізді жаңартып алсаңыздар, дұрыс. Себебі, жылда ораза тұтқаннан соң ішіңізде “автоматтандыру” болуы мүмкін. Оразаның Мәнін ұғынып тұту, ұғынбай тұтудан хайырлы.

«Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине, сақтанарсыңдар»
Бақара сүр, 183 аят

«Ұлылығы шексіз Алла Тағала: Адам баласының ұстаған оразасынан басқа барлық амалдары өзіне. Ал оразаның жөні бөлек. Өйткені, ораза Менің разылығым үшін ұсталады. Сондықтан да, оның қарымын (сауабын) Өзім беремін – деген»

Рамазанның ерекшелігі де сол, біз жеп жатқан адалдан да бас тартамыз. Мұнда негізі өте көп хикмет бар, солардың бірі:
- нығметтің қадірін ұғыну
- Алла үшін сабыр ету
Және осы айда халалдан бас тартсақ, кейін харамнан бас тартуымыз жеңіл болады.
Аллаһ үшін тәрк ету.🤲


Репост из: 𝐚𝐦𝐢𝐧𝐚💭
"Әй, Адам баласы! Шайтанның азғыруынан абай бол! Өйткені, ол ежелден келе жатыр, ал сен болсаң жақында ғана келдің. Оның уақыты бос, ал сен болсаң бос емессің. Оның мақсаты біреу - сені құрдымға жіберу, ал сен болсаң өз алдыңа көптеген мақсаттар қойған пендесің. Ол сені көреді, ал сен болсаң оны көрмейсің. Сен оны ұмытып кете бересің, ал ол болса сені ешқашан ұмытпайды."

©Яхия ибн Мұғаз (рахимаһулла)


Репост из: ✑ Қара сөзбен
iPhone 16-ны бес жыл қолданамыз. Көп жағдайда екі-үш жыл сайын жаңасына ұмтыламыз.

Пәтер де, баспана да, көлік те — дүниенің бар дәулет-базары, сән-салтанаты уақытша. Дәм-тұзымыз қашан таусылады?! 60 жас?! 70-80?!

Кеудеден жан шыққан сәтте бар жиған-тергеніміз жер бетінде қалады. Жердің астына тек жүректің ісін әкетеміз.


Рамазан айына жасалатын амалдар!

1.Күнде шам намазында ертеңгі рамазан оразасын тұтуға ниет ету.
2.Тахажжуд намазын оқу.(Зікірлер,салауат,истиғфар,дұғалар.)
3.Таң намазы.
4.Құран хатым.( Кемінде бір пара)
5.Күн шыққан соң Ишрақ намазы екі ракағат, Дұха намазы екі ракағат.
6.Бір күндік қаза намазын орындау.
7.Ясмн сүресін жаттау.
8.Жаттаған сүрелерді қайталап пысықтау.
9.Құран оқуды білмейтіндер құран әріптерін үйрену.
10.Тарауих намазын 30-күн толық 20-ракағаттан оқу.
11.Кемінде 100-салауат айту.
12.Кемінде 100-Истиғфар айту.
13.Күніне көптен хабарласпай кеткен туыс, құрбыларыңызға хабарласу.
14.Бойымыздағы кемшіліктерді анықтап қағазға жазып, қасиетті айда жаман мінез құлығымыздан арылу.
15.Жақсы қасиеттерден күніне бір жақсы қасиетті бойымызға дарыту.
16.Рамазан айында ораза ұстаған бес адамға сыйлық жасау.
17.Садақа беру.(шамасына қарап.)
18.Ауызашар жасау.
19.Рамазанда бір діни кітап оқып бітіру.
20.Құран айы болғаны үшін бір адамға болса да бір құран кітап сыйлау.
21.Күнде дұғаларымызда Пайғамбар үмбетіне дұға жасау.
22.Мешітке бір құран кітап алып, жамағат оқып пайдалану үшін қалдырып кету.
23.Алланың 99-есім сипаттарын жаттау.
24.Рамазан айының құрметіне үйімізді безендіру. Шам, шар, жазулар мен т. б.
25.Рамазан құрметін, қасиетін түсіну үшін перзенттерімізге сыйлық беру.
26.Рамазанда, айтта перзенттерімізге жеке өздеріне сыйлық әперіп әкесіне, әжесіне, атасына, анасына немесе бауырларына сыйлық беру.(Үйрету,жеке өзі сыйлық сыйлау керегін түсіндіру үшін)
27.Рамазан айы құлшылық айы, базар дүкен, көше аралап жүрмеу.
28.Туыстық бауырлармен бауырмашылдықты күшейту.
29.Ренжіскен адамдармен татуласу, кешірім сұрау, кешіру, кек сақтамау.
30.Дінді көркем тұрде жеткізу.
31.Әрбір дәрет алғанда екі ракағат нәпіл намаз оқуды әдеттену.
32.Таң намазына 10-15минут қалғанда ауызды бекітіп, жайнамаз үстіне дәретті халде отырып истиғфар айту. Өткен күнәларымызды еске алып Алладан кешірім сұрау.
33.Рамазан айында ешкімге ренжімеу.(ренжітседе кешіру.)
34.Рамазан айында көп уақытты ас үйде өткізбеу.
35.Күнде тамақты жоспарлап пысырып, көбірек құлшылық жасау.
36.Ас үйде тамақ жасағанда тілімізді бос сөзбен емес зікірде болу.
37.Ғайбат айтпау. Егер айтқан жағдайда тезде садақа беру.
38.Күнде отбасымен отырып имандасу. Перзенттерімізге қызықты діни оқиғалар айту.
39.Күнде бір хадис оқып, жаттап амал жасау.
40.Рамазанда тамақтарды ысырап етпеу. Қалған тамақ пен ауыз жауып, ауыз ашуға әдеттену.
41.Ауыз ашар дастарқанымызды күнделікті қарапайым болу.(Рамазан айы тамақ житын ай емес, құлшылық айы)
42.Ұйықтағанда дәретпен жату.
43.Ұйықтарда оң жақ пен жатып, шахадат калимасын айту.
44.Оянғанда айтатын дұғаны айту.
45.Рамазанда қолымыздағы телефоннан бас тарту.
46.Рамазанда теледидардан бас тарту.
47.Қасиетті қадір түнін жамағат пен, құлшылық пен өткізу.
48.Жалған сөйлемеу.
49.Күнде осы сұрақтарға терең үңіліп ойлану.
Мен кіммін? Қайдан келдім? Қайда барамын? Менен Алла тағала нені қалайды? Менің міндетім не?
50.Әрбір намазға тұрғанда соңғы намазым деп сезіну.

Показано 20 последних публикаций.