ҰСТАЗ ЕРКІНБЕК ШОҚАЙ (РЕСМИ)


Гео и язык канала: Узбекистан, Узбекский
Категория: не указана


Еркінбек ұстаздың Телеграмдағы ресми парақшасы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Узбекистан, Узбекский
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Уа Жаратушы Тағалам, бізді әділ сөзден, игі істен, хақ жолдан, кең пейілден тайдыра көрме 🤲


📗ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН КӘРІМНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 40 ХАДИС.

✍️(ҒҰЛАМА МУЛЛА АЛИ ИБН СҰЛТАН МҰХАММЕД ӘЛ-ҚАРИ)

1️⃣2️⃣-ХАДИС:

Абдулла ибн Бурайда әл-Әсламиден, ол әкесінен (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кім Құранды оқып, одан тағылым алып, оған амал етсе, Қиямет күні оның ата-анасына нұрдан болған тәж кигізіледі. Ол тәждің нұры күннің нұры сияқты жарық болады. Және ата-анасына мына мұқым дүниенің құны жетпейтін киім кигізіледі. Ата-анасы таңданып: «Біз бұл киімді киюге қалайша лайық болдық?» - деседі. Оларға: «Балаларыңның Құранды жаттап, оған амал еткені үшін», - деп айтылады», - деген»

(әл-Хаким

Хадистің мағынасы:
Бұл хадисте
балаларын Құран жаттауға баулыған ата-ананың сауабы еселеніп берілетіндігі туралы баяндалған. Яғни ондай ата-ана тұтас мына дүниенің құны жетпейтін киім кию құрметіне ие болады.

https://t.me/ustaz_erkinbek_shokai


Мерекеңіз құтты, еліміз аман, жұртымыз тыныш, шекарамыз бүтін болсын🌹✅🇰🇿


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
ХАЛАЛ АСТАН ЖЕҢДЕР: Алла халал дегенде нені меңзеді?

Алла бізге тек халал тамақ жеуді бұйырды, яғни таза, пайдалы және адал жолмен келген тағам. Халал тамақ — бұл тек дәмнің мәселесі емес, сонымен қатар этикалық және діни нормаларды сақтау. Біз не жейтінімізге мұқият болуымыз керек, осылайша біздің тағамымыз таза болып, Алланың бұйрықтарына сай болуы тиіс. 🥗🙏

Алла Құранда былай дейді: “Уа, адамдар! Жер бетіндегі адал әрі таза нәрселерді жеңдер және шайтанның ізімен жүрмеңдер; ол сендерге анық дұшпан.” (Құран, 2:168)

Бұл аят бізге Аллаға ұнамды жолдарды ұстанудың маңыздылығын еске салады және харамнан аулақ болуды насихаттайды. 🍽️✨


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Жұма уағызы


Уа Раббым, менің елімді және жерімді дайым бейбіт әрі қауіпсіз қыл, біздің ризқымызды кең ете көр 🤲


Құранның бірнеше көшірме нұсқасын ең алғаш жасатқан сахаба?
Опрос
  •   Осман ибн Аффан (оған Алла разы болсын)
  •   Омар ибн Хаттаб (оған Алла разы болсын)
285 голосов


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📌Тәжуид сабақтары

🔶3-дәріс: Жұтқыншақ әріптері

❗Дәрісті жоғары сапада ұстаздың YouTube арнасынан көре аласыздар


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Алланың қамқорлығымен бұл күнге де жеттік!

Бүгін оқуы мен ізденуін сегіз жыл бұрын бастаған “Такфиризм идеологиясы: тарихи қалыптасуы және теологиялық аспектілері” тақырыбындағы докторлық диссертациямды Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетінің диссертациялық кеңесінде сәтті қорғау нәсіп болды.

Ең алдымен осынша уақыт маған ақыл-кеңесін аямаған отандық ғылыми кеңесшім ұстазым Профессор Шәмшәдин Керімге, шетелдік кеңесшім Профессор Рафат Миқатиге және университет басшылығына, барша қолдаушыларға алғысым шексіз. Алла екі өмірімізге және үмметке пайдасы болатын жетістік еткей. Әумин!!!


Уа Аллаһым, бізге ғылым иелерімен, білім іздеуші шәкірттермен бірге болуды және оларға қызмет етуді нәсіп ет, екі өмірімізге пайдалы білімімізді арттыра көр 🤲


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Исламды жамылатын психологтар


Құран тәпсірі

♦️24-Дәріс. "Бақара" сүресінің 36-аятының тәпсірі

✨ Ұстаз Еркінбек Шоқай

http://t.me/ustaz_erkinbek_shokai


Туған жердің марапаты өзгеше

Адамның ең бақытты сәті - оның еңбегінің еленгені деп ойлаймын. Кеше осындаи‌ бақытты халге бөлендік. Елге жасап жатқан кішкене еңбегімізді бағалап туған ауданым “Бәйдібек ауданының құрметті азаматы” марапатын тапсырды. Бұл одан сайын ел алдындағы жауапкершілігімізді арттыратын, дініміз бен отанымызға қызметке құлшындыратын қуаныш деп ойлаймын.

Бәрінен бұрын бұл - менің ата-анамның, ұстаздарымның, мені тәрбиелеген ауылымның, маған қолдау білідіріп жүретін жақындарымның және әріптестерімнің, имамдардың еңбегінің бағаланғаны. Себебі жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпасы белгілі. Сондықтан баршасына да басымды иіп алғыс білдіремін. Ең бастысы Алла ақиреттің марапатынан мақрұм қылмасын. Әумин!

Жұма мүбарак болсын🤲


Уа Раббым, бізге жанымызға жайлы, жақынымызға қамқор, көршінің дайым ақысын беруді және тату әрі жақсы қатынаста болуды нәсіп ет 🤲


Құранды ең алғаш "мұсхаф" (кітап) етіп жинаған сахаба?
Опрос
  •   Осман ибн Аффан (оған Алла разы болсын)
  •   Әбу Бәкыр Сыддық (оған Алла разы болсын)
319 голосов


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Алла Тағала бізге берген несібе мен рызқтың бәрі – Оның бізге деген ерекше мейірімі мен шексіз нығметі. Осы аяттарда Алла адамдарды берген несібені қабыл алып, оны таза әрі жақсы нәрселерден ғана пайдалануға шақырады. Бізге келетін әрбір несібе Алланың сыйы болғандықтан, сол үшін шүкіршілік етіп, алғыс айтуымыз керек. Шүкіршілік еткен сайын рызқымыз молайып, берекетіміз артады.

Алланың берген нығметтеріне ризашылық білдіріп, тек адал жолмен келген ризықтарды ғана пайдалану – иманымыздың белгісі. Құранда да айтылғандай, тазалық пен адалдық – мұсылманның басты қасиеттерінің бірі. Сондықтан әрбіріміз Алла берген ризықтың қадірін біліп, оны шынайы алғысымызбен қабылдауға міндеттіміз 🌾🙏.

Бізге келетін барлық жақсылық пен нығметтің қайнар көзі – Алла Тағала. Сол үшін әрқашан Оған тәуекел етіп, алғысымызды айтып жүрейік.


📗НАПСІ ДЕРТІНІҢ ДАУАСЫ

✍️ҒҰЛАМА ӘБУ АБДУРРАХМАН ӘС-СУЛӘМИ

5️⃣-ҚҰЛШЫЛЫҚТАН ЛӘЗЗАТ АЛМАУ


Нәпсінің кемшіліктерінің бірі - жасаған құлшылығынан ләззат алмау. Бұл пенденің құлшылығына рия араласуынан және ықыласы аздығынан пайда болады немесе сүннеттердің бірін тәрк етуінен туындайды.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:
1️⃣. Нәпсісінен ықыласпен (іс жасауды) талап ету.
2️⃣. Әрбір іс-әрекетінде сүннетке сай болуды ұстану.
3️⃣.Әр ісінің соңы (шариғатқа сай) дұрыс, нәтижелі болуы үшін әуел бастан істің бастапқы негіздерін дұрыстау.

https://t.me/ustaz_erkinbek_shokai


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Жұма уағызы


Уа Жаратушы Хақ Тағалам, бізді сау жүректі, таза пейілді, саф көңілді құлдарыңның қатарынан ете көр, рухтың дерттерінен сақта 🤲

Показано 20 последних публикаций.