Репост из: Сырымбек Әділболатұлы
📍Мантық (логика) ілімінің маңыздылығы
Усуль фиқһ кітабын оқып отырып, мантық қағидаларына жолыққан сәтте «Мантық не керек, басты қатырып? Соны білмесем де ештеңе етпейді» деп айтатын шәкірттер есіме түсіп кетті.
Егер сен мантықтан хабарсыз болсаң, ғалымдардың жазып кеткен еңбектерін қалай түсінбексің?! Фиқһ, усуль фиқһ, ақида ілімдерін айтпағанда, тіпті наху ілімін оқу үшін де мантық қағидаларын білуге мұқтаж боласың.
Мантық ілімінің маңыздылығын түсінген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (р.а.) 13-14 жасында бұл ілімді оқыған.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (р.а) бір өлеңінде былай дейді:
Бұл жерде "Шамсия" деп жатқаны – мантық іліміне қатысты жазылған атақты ғалым Нәжму әд-Дин әл-Катибидің (р.а) еңбегі. Демек, Мәшһүр Жүсіп (р.а) 13-14 жасында осы білімді оқыған.

Ғауамал, қауағидны қатар салып,
Фараиз бір жағынан қабаттанып.
Адаб міназара, иптіғара,
Кафиа, Шамсиядан сабақ алып.
Сол күнде он үш, он төрт менің жасым,
Отыз-қырық серік (ерік) болған замандасым.
"Темірді қызған күнде соғып" қалмай,
Көрдің бе құр қалғанын сорлы басым?!