Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы


Гео и язык канала: Узбекистан, Узбекский
Категория: не указана


Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел – бүгіншіл,
Менікі – ертеңгі үшін. © Ахмет Байтұрсынұлы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Узбекистан, Узбекский
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Пітір садақаны туыстарға берсе бола ма? Және ата-анасына, немерелеріне пітір ақшасын берсе бола ма? https://www.youtube.com/watch?v=A0O6jyKclcw




Бірақ Израиль өз ойынын қояр емес. Сириядағы Дурзилер қауымдастығын және күрдтерді қолдап, Сирияны бөлмекші. Бірақ Түркия кедергі келтіруде. Сол үшін Нетанияху Путинге әскери базасын қайта ашуын сұрап жатыр. Башар Асадтың билікте қалуы және Ресей әскерлерінің ол жерде болуы Нетанияхуға және Иранға пайдалы. Ресей келіссе, Ресей мен Түркияны соғыстырып, ақырында Сирияны өзі алып алмақшы. Путин көнер ме екен? Ердоған тірі болса, Сирияны алуға жол бермейді.
___
#сирия #түркия #израиль #ресей


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Сирияның жаңа президенті мешітке Таң намазынан қалмайды екен. Таң намазында жамағатқа кешегі қақтығыс жайында түсіндіріп тұр. Таң намазынан қалмайтын басшыда қайыр бар. Алла Сирия еліне ұзағынан сүйіндірсін.


🟣Осы тұрғыда Йемендік Хст-тер расында батыр халық екен. Хст-тер Зәйдия мәзхабының өкілдері. Зәйдия мәзхабы – шиизм тармақтарының ішіндегі сунниттерге ең жақыны. Алла жәрдемшілері болсын! Алла Тағала залымдарға жер бетінде зұлымдық жасауларына жол бермесін!
_____
#деймінда #йемен #бейбітшілік #келісім #мир #palestine


🔴Рамазанның екінші күнінен бастап Израиль Ғазза секторына кіріп жатқан гумманитарлық көмектің жолын мүлдем жапты. Қасиетті Рамазан айында жергілікті халықты аш қалдырып, Хмс-ты қаруын тапсыруға мәжбүрлемек. Соғысып жеңе алмаған басқыншы тарап, енді шантажбен жеңуді ойлауда. Бұған Хмс көне қояр ма екен?!

🟢Мүмкін Хмс Ғаззаның игілі үшін деп сондай қадамға баруы да ғажап емес. Алайда, онымен Ғазза жұрты бақытты боп кете ала ма?
Негізігі план – Ғазза жұртын жер аудару. "Трамп Ғазза" курортын ашу. Жерасты байлығын иемдену. Сондықтан да, Хмс жағы қаруды тапсырып, бас иген күннің өзінде, Ғаззалықтарға тыныштық жоқ. Мұны олар да түсініп отыр. Сол себепті, не істесекте бәрібір қорқыттың көрі, одан да арпалысып өлелік дейді деп ойлаймын!


Ауыз ашқаннан кейін темекі шегуге бола ма? Кешке шексе оразасы бұзыла ма?
Ауыз ашқаннан кейін темекі шегуге бола ма? Кешке шексе оразасы бұзыла ма? - Абдусамат Қасым (Видео)


АҚШ билігінің өкілдері Хамас өкілдерімен Израильсіз тікелей байланысқа шығып, келісім жасасып жатыр деген ақпар тарауда!...

Израиль өкіметі Ғаззаға гумманитарлық көмектің кіруін белгісіз мерзімге дейін мүлдем тоқтатып тастаған болатын.
Осылайша Хамасқа шантаж жасау арқылы, қаруларын тапсыруларын талап етуде. Бұл болса, өткенде жасасқан бейбіт келісімнің шарттарына қайшы.

Келісім бойынша, бейбіт келісімнің екінші кезеңінде Израил әскері түгелдей Ғазза секторынан шығуы керек болатын. Алайда Трамптың қолдауымен, Израиль тарапы бұл келісімді дұрыс көрмей, өздерінің жаңа жоспарларын қабылдатқысы келеді. Хамас Израильдің талабын қабыл етпесе, қайта соғысты бастамақшы. Трамп Израильдің қай шешіміне де қолдау білдіретіндігін айтып, Ғаззаның тағдырын Нетанияхуға тапсырды.
____
#gaza #palestine #бейбітшілік #мир #келісім@abdusamatkasim


Кеше араб елдерінің саммиті өтіп, олар ғаззаға қатысты өз жоспарларын әйгіледі, алайда Трамп ол жоспарды қабыл етпейтінін білдірді. Қысқасын айтқанда ол "Исраильдің дегені болады" дегенді ұқтырып жатыр әр сөзінде. Ал мемлекеттік хатшының мынау әрекеті: "араб елдері, дегенді істемесеңдер крест жорығын жасаймыз" деген ымы іспетті қабылданып жатыр.

Негізі біртүрлі адамдар екен. "Симпсоны" деген мультфильмде мімбеде сөйлеп тұрған өкімет өкілдерінің маскасын шешкен кезде, адам емес, рептилоидтар шығады ғой, кейде расында да сондай ма деп ойлап қалады екенсің #деймінда ! Құдай бетін аулақ қылсын! Әлемде тыныштық орнасын!
___
#бейбішілік #мир #келісім #газа #gaza #palestine


Мемлекеттік хатшының бұл әрекетін, оның католик дініне беріктігімен түсіндіріп жатқандар бар, католиктер өздерінің пасхалары қарсаңында осылай маңдайына жағып алады-мыс.

Алайда мұсылмандар мұның ол әрекетін араб әлеміне көрсеткен дөнайбаты деп ұғып жатыр, өйткені араб мемлекеттері Трамптың Ғазза халқын жер аударып, Ғаззаны өзіне алу жоспарын сынап, бәрі бір ауыздан қарсы шықты.




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Мисвактың бір пайдасы, ауыздағы микробтарды өлтіреді.








Репост из: TRT на русском
🤩🇮🇱🇵🇸 Нетаньяху заблокировал гумпомощь в Газу, чтобы сорвать второй этап перемирия

Премьер Израиля Биньямин Нетаньяху распорядился прекратить поставки гуманитарной помощи в сектор Газа на неопределенный срок после завершения первого этапа прекращения огня, говорится в заявлении его канцелярии.

✍️ Подробнее:
По данным израильских СМИ, правительство Израиля объявило о блокировке поставок всего через несколько часов после официального завершения первого этапа соглашения о прекращении огня и обмене заключенными.

Офис Нетаньяху поддержал предложение США продлить первый этап прекращения огня на время Рамадана и Песаха, который закончится 20 апреля. Согласно этому предложению, ХАМАС должен освободить половину заложников в первый день, а остальных — когда будет достигнуто соглашение о постоянном прекращении огня.

ХАМАС осудил решение Нетаньяху о прекращении поставок помощи в Газу как «дешевый шантаж» и «переворот» против перемирия, призвав посредников оказать давление на Израиль, чтобы тот отменил карательные меры.

Приостановка поставок вызывает обеспокоенность по поводу ухудшения гуманитарной ситуации в Газе на фоне продолжающегося конфликта.


📺 Будьте в курсе последних новостей с «TRT на русском»


1. Оразада дәрет алғанда тамақты шаймайсыздар, өйткені су жұтылып кетеді.

2. Және мұрынға суды қатты тартпайсыздар, орташа әдеттегідей тартасыздар.

3.Тіс пастасын қолданатын кезде аз мөлшерде тіс пастасын жағу керек, әйтпесе қатты көпіріп, жұтылып кетуі мүмкін.




Хадис

«Рамазан айында ізгілік түрлерінің бірін (мұстахаб істердің бірін) істеген адам – өзге айларда парыз амалын істеуші адамға тең. Ал Рамазан айында бір парыз амалын орындаған адам – өзге айларда жетпіс парыз амалды орындаушы адамға тең».

Имам Бәйһәқи, «Шуъабуль иман».


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Израильде бір еврей өзін тоқтатқан жергілікті полицейлерге наразы болып, қырсығып әдейі "мен мұсылман болдым, уә Мухаммад, мен сені жақсы көремін!" деп сәждеге жығылып жатыр.
😁

Показано 20 последних публикаций.