📗ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН КӘРІМНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 40 ХАДИС.
✍️(ҒҰЛАМА МУЛЛА АЛИ ИБН СҰЛТАН МҰХАММЕД ӘЛ-ҚАРИ)1️⃣
4️⃣-ХАДИС:
Абдулла ибн Амр ибн Астан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «(Қиямет күні) Құран иесіне: «Оқы және жоғары өрле. Дүниеде Құранды тәртилмен оқығаның сияқты оқы. Оқыған соңғы аятың - сенің дәрежең», - деп айтылады», - деген».
(әт-Тирмизи, Әбу Дәуд, Ибн Мәжаһ, Ибн Хиббан).Хадистің мағынасы: Мәтіндегі «Құранды иесі» дегені Құранды үнемі оқып, ондағы бұйрықтарға үнемі амал еткен адам мағынасында қолданылған. Әл-Хаттаби: «Хадисте Құран аяттарының саны жаннат сатыларының санымен тең екені баяндалған. Дүниеде Құранды тастамай оқып, оған амал етіп
жүрген адамға: «Құраннан қанша аят оқысаң жаннат дәрежелерімен сонша
көтеріл», - деп айтылады. Ал кім Құранның барлығын жаттап алса, ол жаннаттың ең биік төрінен орын алады. Кім Құранның бір бөлігін жаттаса, жаннатта соған лайық орынға ие болады. Осылайша сауаптың мөлшері Құранды қаншалықты жаттап, оған амал еткенге қарай беріледі», - деген.
https://t.me/ustaz_erkinbek_shokai