МЕРЕЙЛІ АРНА


Channel's geo and language: Uzbekistan, Uzbek
Category: not specified


Мерей Ермұхановтың телеграм-арнасы

Related channels

Channel's geo and language
Uzbekistan, Uzbek
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Триплет:

1. Мадоннаның ОСЫЛАЙ аталатын алғашқы кітабы 1992 жылы жарық көрді. Тура Erotica деп аталатын альбомының алдында.

2. Дота 2 ойынындағы БҰЛ мистикалық скипетр желдің күшін шақыруға мүмкіндік береді.

3. ОНЫҢ Қазақстанда үш түрі өседі деседі: ақ, қара, Зайсандық. Орманшы-қорықшы Бисүгіров ОНЫ "шөл даланың падишасы" деп атаған.


#сұрақ #iqas #тетрапак #топжарған #cвояк #свояигра #куиз #квиз


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Футбол куиз ойнауға келген перспективті комментаторлар ғо 😆😆
Ермаш Мәулен мен Жандос Байділда 😀


Шаң басқан патшалы Ресей архивтерінен Мералақ жыраудың сирек фотосуреті табылды!!!

1823, Омбы.




#қырт #фейк #әзіл


Кинбозан Токиодағы Қаңтар басесін 12-3 көрсеткішімен, жалпы 3-орынмен аяқтағанын естіген шығарсыздар. Соңғы күні Оходан ұтылды, жанып кетті деуге болады.

Канто-се жүлдесін, үш жүлденің бірін алды: рухы мықты, техникасы күшті деген сияқты сыйлар.

Осы турнирде сумо әлемі йокодзунасыз қалды. Соңғы, әлі күресіп жүрген чемпион Тэрунофудзи отставкаға кетті. Жапон ассоциациясына демеушілерден ақша сору, имидж үшін йокодзуна керек.

Содан осы баседе жақсы күрескен, осы атаққа ең жақындауы Хосерюді йокодзуна қылып жатыр. Асығыстау шешім, өз плюсі мен минусы бар.

Король өлді, король жасасын! - деуші ме еді?

Ал Кинбозан рейтингте жоғарылайды, реалист болсақ, енді Император кубогін ұтуға осы қаңтардағыдай шанс бола ма, болмай ма, кім білген?

Айнұр әпше айтпақшы, түпсананы өзгертсе, бәрі мүмкін. Хосерюдің алдында дірілдемеуді үйренсе, қалғандары одан мықты емес.

Жалпы, жоғары жетістік, дегенмен, беріп тұрғанда баса беру керек. 14-маэгасирадан наурыз басесінде 5-6 маэгасираға көтеріледі деп топшылаймын.


Топжарған 2 турниріне арнап жазған сұрақтар, 2024. Сұрақтар номиналы қымбаттай береді.
Тақырып:
Сабақтар

10. Егер өсімдік – ағаш категориясына жатса, оның сабағы әдетте осылай аталады

20. 2013 жылғы бұл отандық фильм атауында қазақша - баланы аты, ал орысша – жалпылама сөз, мысалы, музыкалық та болып келетін термин бар

30. Нәби Аймұратов айтқан әнде сабақтағылар осы екі өзенді шатастырады

40. 2020 жылғы туындының бастапқы эпизодтарында нацистік концлагерьге түскен бельгиялық еврей атып тастамас үшін неміс офицерлеріне өзін осы этнос өкілімін деп алдайды

50. «Сабағы әлсіз сары гүл» өлеңінің авторы – Сүлейменнің осы ұлы


#сұрақ #iqas #тетрапак #топжарған #cвояк #свояигра


Саламыч саламалейкум болд 😁


Желі қолданушысының мына әзіліндегі екі бос орынның кез келгенін - сан есім мен зат есімнен тұратын сөз тіркесімен толықтырыңыз.

#сұрақ #iqas #әзіл


Юпи iшiп көрмеген, Пикниктiң билеп тұрған түйелерiн танымайтын ұрпақ өсiп келедi. 😄


Жаңа жылға 340 күн қалды. 😃


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Өй, оңай ғо деді пікіршілер.
Иә, оңай, қиыны офлайн куизде.
@Kommentator_Maulen-нің фанбарында.

пы.сы. келесі футбол куиз (астанада) 28.01.


Forward from: МЕРЕЙЛІ АРНА
Сал жігіт:
"Бұл үйде Сара бар ма, келсін бері,
Іздеген келіп тұрмын Біржан сері?! " деп бастырмалата Жетісуға іздеп барып, шырқай жөнелгенде, үйдің тірліктерімен қыз бала шыға алмай қалыпты.
Біржан жарты сағаттай тұрып-тұрып кетіп қалыпты.


Аудиоестелік 😃


Топжарған 2 турниріне арнап жазған сұрақтар, 2024. Сұрақтар номиналы қымбаттай береді.
Тақырып:
М.М.М.
Жауапта - үш сөз, бәрі м әрпінен басталады.

10. 1976\77 жылғы чарттардың үздігі - АББАның осы әні топқа көп қаржы әкелді

20. Дейзи Дак, Гуфи мен Плуто – 2013 жылдан бері маусым-маусыммен қайта шығып жатқан осы туындының кейіпкерлері

30. Бірінші сұрақтың жауабы - АББАның басқа 21 әнімен бірге осы қойылымда шырқалады. Мәссаған!

40. Италиялық еркін тәрбиелеу әдістемесімен білім беретін педагогтар Ирина Шымбай, Индира Досболова, Айнұр Мейірбекова - ОЛАР

50. Түрлі газеттер мен порталдарға шыққан «Абайтану – ххі ғасыр көгінде», «..Өкімет қадағаламаса, көрешекті уаһабизмнен көреді», «Қарындасымды қасқырлар жеп кетті» - бұлардың бәрі -
...


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
деп әндетіледі мына әуен, кальмарыңдыссссс :)

пы.сы. 22-сі IQAS, шайқас, байқа-с!


Топжарған 4 турниріне арнап жазған сұрақтар, 2024. Сұрақтар номиналы қымбаттай береді.
Тақырып:
-НАХ-
Осы үш әріп жауапта қатар келеді.

10. Оған Тора, Невиим және Ктувим кіреді
20. Астана, Өскемен, т.б. қалалардағы шешен-ингуш ансамбльдері осылай аталады
30. Бұл орыс актрисасы «Универ» сериалында Белованы ойнады
40. 1927 жылы Сыр өңірінде «Жыл құсы» атты ОЛ шықты. ОҒАН Майлин, Сейфуллиндер белсене қатысқан
50. Бұл біртүрлі рэпер «Әйелімді ұрып тұрамын» деген еді, шынында да желіде әйелдерді қамшылау видеосы тарады.


#сұрақ #топжарған #iq #актуально #өзекті


Қазақша IQAS куизінің биылғы алғашқы ойыны.
Астаналықтардың жолы болды деуге болады.
Кез келген адам қатыса алатын көңілді орта мен сайысқа келіңіздер.

Сәрсенбі (среда), 22 қаңтар, кешкі 19:45.
Жигуль бар, Қабанбай батыр 2/2 (сол жаға мен оң жаға шекарасы)

Бұған дейін келіп көрмедім деп уайымдамаңыздар, тәжірибелілер мен жаңашылдар бөлек лигада ойнайды. Терең білім қажет емес, логика - басты ұстаным.
Бір ұжым командалары бөлек - корпоративтік лигада қатысады.
Ашық лигада жаңа командаларға да орын бар.

🤩 Ең қызық сұрақтар
🧠 Топтық ми-жарыс
👫 Жаңа таныстар, зияткер орта
💃🏻 Оңай инста-байқау
🎁 Оригинал жүлделер
🥗 Қолжетімді мәзір
📸 Кәсіби фотосессия

ТІРКЕЛУ және анықтама: wa.me/77013472474
Инста парақша, фото, видео: www.instagram.com/iqas_astana/
Командада: 3-12 адам. Достармен келіңіздер!
Жарнасы: бар болғаны 2500 тг; студенттерге 1500 тг.


Кеше қаңтардың қақаған ортасында Қазақша футбол куиздің бірінші ойыны болды. Сонда Екібастұзда тұратын Жасұлан Омар деген ойыншы қазір куизге келу үшін шығамын жолға дейді әбетте. :)

Кешке ойынға келіп тұр. Астананың оң жағасынан куизге келе алмайтындар көп заманда құрдасым Жасұландікі мықтылық енді :)

п.с. #2 Футболкуизден сарқыт, 2023.
#сұрақ #iqas #логика #футбол


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Неге орысша "айырып" жатыр деп ойлап қалмаңыздар.

Біріншіден, орысша ұмытып қалыппын, тілімді қалыпқа келтіріп сол.

Екіншіден, "орыс" ортаға арналған бірнеше қызық дерек бөлісіп түсіргем.
Тың фактаж.

Мая твая нипанимайт. :)


Қазақ ғалымы Б.К.Бейсенов алғашқы адамның қазақ болғанын дәлелдей келе, осы зат есім мен етістіктің бірдей екенін алға тартады. Ол омоним сөздерді атаңыз.

Бірнеше жыл бұрын (2021-ден кеш емес) жазылған сұрақ еді. Жалпы, бұл деректің өзі жымитатын нәрсе болса да (әдетте, жабық куиздерде сұрақты бастап оқып келе жатып, "Анаңғара" деп кекетінмін), философия ғылымдарының докторы Бағдат Бейсенов осының негізінде Інжілдегі Адамның қазақ тілінде сөйлегенін де айтып еді.
Жартылай шовинистер фрик-лингвист деп атаған Мұрат Аджиде қызық нәрселер бар, әсіре "құлақтан тартып байланыстыру" жиі болса да, сұрақ құруға ұстын болар фактажы көп. Аджиден бірақ жазғанмын бір-екі сұрақ қана, оны да шығарармын осында.


#сұрақ #iqas #логика


Forward from: ArshatGo
Биыл Астанада @merey_yermukhanov екеуіміз интеллектуал ойындар бастағанымызға 9 жыл болыпты. Әлі 10 жыл емес әрине. Осы уақыт ішінде кәдімгідей интеллектуал орта қалыптасып қалды. Тіпті түрлі форматтағы, тақырыптағы куиз түрлері пайда болды. Оның бәріне бірдей бару мүмкін емес, әркім өз уақытына және қызығушылығына қарай барады.

Бұл да бір киноға, театрға, спортқа бару сияқты демалыс түрі болып кетті. Билетіңді төле де демала бер. Басқа адамдармен танысасың, араласасың.

Солардың бірі MediaQuiz. Негізінен кино, музыка тақырыбында. Алғашқы ойынында 1-орын алдық, екінші барғанымда соңғы орын. Бүгін 2 баламды алып барғым келіп отыр. Оларға оңайлауы осы куиз. Солай үйрене берсін, қызықсын деген оймен.

Осы тақырып қызық болса: бүгін 19:30, Қабанбай батыр 2/2, Жігул бар

20 last posts shown.