біздің Қарағандының таулары бұндай емес.
жазықта жүгіріп, Ақшағылдың қыратын, Қарқаралының тас-төбе, адырларын басқан аяғымның өзі Алатауға келгенде жоқ таңдайын қағып қалатыны рас. қараған көзге бірден сезілер асқақтық һәм рух бар. тарпаң.
біздің орталықтағы еркіндікке жетпегенімен, көңілге – жігер, жанарға – от сыйлайтын Алатауға қызыға да, қызғана да қараймын. біз ғой “қыр баласымыз”- деп, Табылдының әнімен өзімізді жұбатамыз. Мұқаңды, Бердібекті, Тұманбайды түлеткен тауларға кеп, үзілмес үмітпен қол созамыз. асылында, бір тудың астында, бір ұлттың құшағындамыз ғой. Алматы да, Алатау да – туған жерім!
Мұзафарша айтқанда: “Табиғаттың қатесін түзеткім келеді - тауы жоқ елдерге тау үлестіргім келеді”✨🤍