aldarqatar


Channel's geo and language: Uzbekistan, Uzbek
Category: Quotes


жарнама және ұсыныс бойынша: @zhalgastyr

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Uzbekistan, Uzbek
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


өз кітапханаңыздағы ең ескі, бірақ ең жылы кітап қандай?✨


Елдің ұлдары аналарын қыдыртып, көйлек әперіп, шаштарын бояп береді. Бірақ та біз де бояп жүрміз-ау. Ақ түске.

#қысқаәңгіме

2.3k 0 9 44 136

қасқыр қасқырдың етін жемесе де, мұсылман мұсылманның етін алаңсыз жеуде💔

2.8k 0 9 21 183

өмір егер ащыны бермесе, тәттіні білер ма едік?

3.5k 0 28 28 176

Түн. Такси жүргізушісінің басқа бағытқа бұрылып, қараңғы көшелерге енгенін үнсіз сезіп келемін. Кім-кімді өлтірер екен?…

#қысқаәңгіме

5.1k 0 9 23 215

Сол кеште ішімдікке масайған көкеміздің батасы сондай жинақы болды. Тіпті, қабыл болады деп сендік.

#қысқаәңгіме

4.8k 0 5 31 146

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."
...көр соқырдай қалай жетелесе, солай ере береміз... Кім үшін, не үшін өмір сүрерімізді ақыл таразысына салмай сандаламыз. 

“Атау-кере”


бұл өмірде сені сүйіп, сені риясыз ұғатын жанды жолықтыру – бақыт. ал ол адаммен ғұмыр кешу, бірге ойланып, ізденіп, тағдырдың тарыдай сыйын таудай көру, бірге кітап қопарып, бірге жұмақты мақсат ету – ол, енді, шын бақыт💘

#дегенойым

6.9k 0 91 8 235

Қазақ әдебиеті үшін қаралы күн!💔

Заңғар жазушы, қазақтың қара нары, тарихи романдардың авторы Мұхтар Мағауин дүниеден озды.

Жүрекке мұң, көңілге қаяу сыйлаған хабар болды…

6.8k 1 17 21 399

Көздері жәудіреген көп қарттың арасына кірдік. “Балам, атаңмен амандас”- деді әкем.

#қысқаәңгіме


бір адамның өлімі – трагедия, мың адамның өлімі – статистика.

6.2k 0 9 14 246

– Осы аялдамадан түсіп қалайыншы- деп, ақ жүзің сұрланып, жан ұшыра келген бетінде, жүргізуші жігіт мен боп қалып: “Махаббат” станциясына жетпедік әлі десем…💘

#осындайымбар

6.8k 0 14 6 224

біз біреудің күнәсін көріп, тәубесін көрмейміз.


бірнәрсе алу үшін, бірнәрсе беруің керек. жұмақ та өлімді талап етеді…

6.4k 0 32 3 232

Көңілімде жасырынған ән болса –
Ол да сені шырқар, көмей талғанша.
Мен аспаннан жұлдыз іздеп жүріппін,
Сен кезігіп қалғанша…💘

6.7k 0 37 14 162

адамға жақсылық қылған сайын сауабың көбейіп, құның төмендейді екен.

7.2k 1 53 11 260

ең ұлы оқырмандар – ең ұлы жазушылар🌻


Анасынан қапада айырылған бүлдіршіннің ендігі мақсаты – жұмақ екен. Өзінің жететініне сенбесе де, анасының жететініне кәміл сенгені болар…

#қысқаәңгіме


қанды қаңтар сіздің есте немен қалды?

6.3k 0 1 31 146

сүйген аруына жыр арнайтын досымның сол кейіпкері өзге ақындардың өлеңдеріне қызығады…)

#біркемдүние

6.9k 0 26 3 228
20 last posts shown.