Посольство Казахстана в Узбекистане


Channel's geo and language: Uzbekistan, Kazakh


Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Uzbekistan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Forward from: ҚР Парламенті Мәжілісі
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі

t.me/mazhilis_kz


Forward from: ҚР Парламенті Мәжілісі
Председатель Мажилиса выступил на 150-й Ассамблее Межпарламентского союза

Юбилейное заседание Ассамблеи Межпарламентского союза прошло в Узбекистане. Участники форума обсудили роль парламентов в обеспечении социального развития и социальной справедливости. Делегацию Парламента Казахстана возглавил Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов.

Спикер Мажилиса подчеркнул, что в условиях новых глобальных вызовов всё большую актуальность приобретает идея нового общественного договора, представленная Генеральным секретарем ООН Антониу Гутерришем. Парламенты всех стран как институты, представляющие народ, могут сыграть ключевую роль в практической реализации этих принципов, считает Ерлан Кошанов.

Казахстан выступил инициатором создания в Алматы регионального центра ООН по Целям устойчивого развития для стран Центральной Азии и Афганистана. В этой связи Ерлан Кошанов выразил искреннюю благодарность парламентариям всех государств-членов ООН за единогласную поддержку соответствующей резолюции.

Председатель Мажилиса рассказал о том, как реализуются системные политические и экономические реформы Президента Касым-Жомарта Токаева, направленные на построение Справедливого Казахстана. Он обратил внимание на шаги по развитию инклюзии, доступности здравоохранения и образования, справедливому распределению национальных богатств, которые находят отражение в законах, принимаемых Парламентом.

На второй день с приветственным словом к высоким парламентским делегациям всего мира обратился Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев. Он отметил высокую роль Межпарламентского союза в продвижение мира, демократии и обеспечении устойчивого развития во всем мире.

Глава Узбекистана принял спикеров парламентов стран Центральной Азии, поблагодарил их за участие в Ассамблее и обсудил приоритеты по усилению межпарламентского взаимодействия в регионе.

В рамках форума Ерлан Кошанов провёл ряд двусторонних встреч с зарубежными коллегами. Стороны обсудили пути укрепления взаимодействия в рамках межпарламентской дипломатии и обмена опытом в сфере законодательства.

В мероприятиях в Ташкенте приняли участие парламентские делегации свыше 140 стран мира. Помимо основной сессии, депутаты от Казахстана участвовали в заседаниях комитетов по вопросам мира и безопасности, устойчивому развитию, форуме женщин парламентариев, геополитической группы «Евразия».

Подробнее на сайте parlam.kz.

t.me/mazhilis_kz


Forward from: ҚР Парламенті Мәжілісі
Мәжіліс төрағасы Парламентаралық Одақтың 150-ші Ассамблеясында сөз сөйледі

Өзбекстанда Парламентаралық Одақ Ассамблеясының мерейтойлық отырысы өтті. Форумға қатысушылар парламенттердің әлеуметтік даму мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудегі рөлін талқылады. Қазақстан Парламентінің делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.

Мәжіліс спикері жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ұсынған жаңа қоғамдық шарт идеясының маңыздылығы арта түскеніне мән берді. Ерлан Қошанов Қазақстан оның идеясының әділеттілік пен ынтымаққа негізделген басты қағидаттарын толық қолдайтынын, ал парламенттер оның жүзеге асырылуында халық атынан өкілдік ететін институт ретінде басты рөл атқара алады деп есептейді.

Қазақстан ішкі реформаларды белсенді халықаралық ынтымақтастықпен ұштастыра отырып сәтті жүзеге асырып келеді. Біздің ел Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның өңірлік орталығын Алматы қаласында құру бастамасын ұсынған болатын. Осыған орай Мәжіліс төрағасы БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарарын бірауыздан мақұлдағаны үшін аталған ұйымға мүше барлық елге шынайы ризашылығын білдірді.

Мәжіліс Төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған жүйелі саяси және экономикалық реформаларының қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. Ол инклюзияны дамытуға, денсаулық сақтау мен білімнің қолжетімді болуына, ұлттық байлықтың әділетті бөлінуіне бағытталған қадарамдарға айрықша назар аударды. Мұның бәрі Парламент қабылдап жатқан заңдарда көрініс тауып отыр.

Екінші күні әлемнің жоғары парламенттік делегацияларына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев құттықтау сөзін арнады. Ол бейбітшілік, демократия және тұрақты даму идеяларын әлем бойынша ілгерілетуге қосқан қомақты үлесі үшін Парламентаралық Одаққа ризашылығын білдірді.

Өзбекстан басшысы Орталық Азия елдері парламенттерінің спикерлерін қабылдап, Ассамблеяға қатысқандары үшін алғыс айтты және өңірдегі парламенттер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі басым бағыттарды талқылады.

Форум аясында Ерлан Қошанов шетелдік әріптестерімен бірқатар екі жақты кездесу өткізді. Тараптар парламентаралық дипломатия аясындағы өзара іс-әрекетті нығайту, заңнама саласында тәжірибе алмасу жолдарын ортаға салды.

Ташкентте өткен іс-шараға әлемнің шамамен 140-тан астам елінен делегаттар қатысты. Қазақстан депутаттары негізгі сессиядан бөлек, бейбітшілік және қауіпсіздік, тұрақты даму мәселелері бойынша комитет отырыстарына, әйелдер парламентарийлерінің форумына, «Еуразия» геосаяси тобының отырысына қатысты.

Толығырақ parlam.kz сайтында.

t.me/mazhilis_kz


🔹2025 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Парламентінің делегациясы Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 150 жылдық мерейтойлық отырысына қатысу үшін Өзбекстанға келді.

Бұл – әлемнің 180-нен астам елінің Парламент өкілдерінің басын біріктіретін бірегей әрі беделді халықаралық алаң.

Қазақстан делегациясының басшысы, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов Форумның ресми басталуына дейін Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасының төрағасы Нуриддин Исмоиловпен және Бахрейн Корольдігінің Өкілдер кеңесінің спикері Ахмед Альмусаламмен екіжақты кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында парламентаралық байланыстарды нығайту және заң шығару саласында тәжірибе алмасу мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша ынтымақтастықты тереңдету жайын талқыланды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі депутаттарымен сұхбаттасу барысында мемлекеттеріміздің басшыларының алдыңғы күні Самарқандта қол жеткізген уағдаластықтарын іске асыру бойынша бірлескен жұмысқа ерекше назар аударылды. Айқындалған басым бағыттардың ішінде жасанды интеллектіні қолдануды заңнамалық реттеу бойынша тәжірибе мен әзірлемелер алмасу бар. Қазіргі уақытта екі елдің парламенттерінде осыған қатысты заң жобалары дайындалып жатыр. Бұл туралы жақында Алматыда өткен кездесу барысында Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев те атап өткен болатын.

Сондай-ақ мамыр айының соңында Қазақстанда өтеді деп жоспарланған Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысының күн тәртібі де талқыланды.

Сонымен қатар, бұл күні 150-ден астам елдің делегаттары қатысатын Парламентаралық Одақтың 150-ші Ассамблеясының ресми ашылуы болды. Онда талқыланатын негізгі тақырып – әлеуметтік даму мен әділеттілік жолындағы парламенттің қызметі.

Мұндай жоғары деңгейдегі диалог әлем елдері парламентарийлері арасындағы өзара сенімді нығайтып, тұрақты әрі жемісті әріптестікке жол ашады.

​🔸5 апреля 2025 года делегация Парламента Казахстана прибыла в Узбекистан для участия в 150-м юбилейном заседании Ассамблеи Межпарламентского союза.

Это самая авторитетная и уникальная в своем роде международная площадка, которая объединяет парламентариев более 180 стран мира.

Глава казахстанской делегации, Председатель Мажилиса Парламента Ерлан Кошанов ​в преддверии официального начала форума провёл двусторонние встречи с Председателем Законодательной палаты Олий Мажлиса Республики Узбекистан Нуриддином Исмоиловым и спикером Совета представителей Королевства Бахрейн Ахмедом Альмусаламом.

​В ходе встреч были обсуждены вопросы укрепления межпарламентских связей и обмена законодательным опытом, а также углубление сотрудничества по актуальным региональным и глобальным вопросам, представляющим взаимный интерес.

В разговоре с депутатами Олий Мажлиса Республики Узбекистан особое внимание было уделено вопросам совместной работы по реализации договоренностей, достигнутых накануне главами наших государств. Среди обозначенных приоритетов обмен опытом и наработками по законодательному регулированию применения искусственного интеллекта.

В настоящее время в парламентах двух стран ведется работа над соответствующими законопроектами. Именно об этом говорили президенты Касым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев на недавней встрече в Алматы.

Также была обсуждена повестка предстоящего второго заседания Совета межпарламентского сотрудничества, проведение которого запланировано на конец мая в Казахстане.

​В этот же день состоялось официальное открытие Ассамблеи МПС, в которой приняли участие представители парламентов более 150 стран. Центральной темой обсуждения стала парламентская деятельность в интересах социального развития и справедливости.

Важно отметить, что такой диалог на высоком уровне укрепляет взаимное доверие между парламентариями всех стран, открывает путь к устойчивому и плодотворному партнёрству.


Forward from: Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Президент Казахстана завершил свое участие в мероприятиях саммита «Центральная Азия – Европейский Союз»

В аэропорту Самарканда Главу государства Касым-Жомарта Токаева проводил Премьер-министр Узбекистана Абдулла Арипов.

t.me/aqorda_resmi


Forward from: Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Қазақстан Президентінің «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аясында жоспарланған іс-шаралары аяқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Самарқанд әуежайынан Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов шығарып салды.

t.me/aqorda_resmi


Forward from: Aqorda 🇰🇿
Участники саммита «Центральная Азия – Европейский Союз» осмотрели выставку Aral Culture Summit

➤ Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев, Президент Кыргызстана Садыр Жапаров, Президент Таджикистана Эмомали Рахмон, Президент Туркменистана Сердар Бердымухамедов, Президент Европейского Совета Антониу Кошта, Президент Европейской комиссии Урсула фон дер Ляйен после участия в климатической конференции осмотрели выставку Aral Culture Summit.

✔️Данная площадка демонстрирует инициативы, направленные на восстановление экосистемы Арала, сохранение культурного наследия региона и содействие устойчивому развитию.

✔️Визуальные, сенсорные и интерактивные элементы зкспозиции рассказывают о природном и культурном богатстве Приаралья.

t.me/aqorda_resmi




Forward from: Aqorda 🇰🇿
«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысушылар Aral Culture Summit көрмесін тамашалады

➤ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен Климат конференциясынан кейін Aral Culture Summit көрмесін аралап көрді.

✔️Аталған алаңда Арал экожүйесін қалпына келтіруге, аймақтың мәдени мұрасын сақтауға және орнықты дамуына ықпал етуге бағытталған бастамалар көрініс тапқан.

✔️Визуальді, сенсорлы және интерактивті тәсілдер арқылы ұсынылған экспозиция Арал маңындағы бай табиғат пен мәдениет жайында сыр шертеді.

t.me/aqorda_resmi


Forward from: Aqorda 🇰🇿
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🇰🇿🇺🇿🇰🇬🇹🇯🇹🇲🇪🇺

🎦 t.me/aqorda_resmi

10 last posts shown.