Менің қаржылық қателігім
"Теория игр" деген кітапқа қызығып жүрдім. "Марвин"-де көріп, парақтадым. Ұнады. Ол жерде бағасы 11 300 тг деп тұрды. Маған тым қымбат көрінді бұл баға.
Сосын каспи.кз-де неше тұрады екен деп қарадым. 8700 тг дейді. Оппа, -2600 тг-ге арзан ғой мынау.
Флип.кз-де ше деп көрсем, ол жақта 7154 тг боп тұр екен бағасы.
Есептей алатын кез келген адам бұл кітапты флип.кз-тен сатып алу керектігін біледі. Айдан анық нәрсе.
Сөйтіп ертең төлем жасаймын деп оны флип.кз себетіне сақтап қойдым.
Ертесіне Шразаддин "Дәке, Марвинде жүрмін" деп жазды. Жұмсап жіберетін жаман әдетімнен бе екен, көңіл-күйім сол сәтте көтеріңкі болды ма, "Шәке, маған "Теория игр" ала салшы" дедім. Бекер-обалы не керек, Шәкең "бағасы 11 300 тг" деп фотосын жіберіп, ойлан дегендей болды. Бірақ мен қайтпай "мейлі, ала бер" деп жібердім. Флип.кз-тегі баға, себетке сақтап қойғаным есімнен шығып кеткен ғой. Кейін көріп, бармағымды шайнадым. Ойлашы, 7154 тг-ге ала салуға болатын кітапты 11 300 тг-ге алдым.
Қателігім неде? Эмоцияның жетегінде сатып алдым. Кейде сондай бір күйге бөленесің, өзіңді ерекше бай, еркін, көңілді сезініп кетесің де, ақша шашқың кеп тұрады. Сондай бір күйде қабылдаған шешім болды бұл. Келесіде бір нәрсе сатып алуға қатысты шешімді тек көңіл күйім көтеріңкі емес кезде ғана қабылдаймын.