ЖАСАМПАЗ КҮЙДЕ БОЛУДЫҢ 7 ҚАҒИДАСЫ
Михай Чиксентмихайдың бестселлер болған «Поток» атты кітәбінің түйіндемесі
Қиындықтар мен сәтсіздіктері, бұралаңы мен батпақтары мол өмір жолында сені құлатпай, күйретпей алып шығатын құралың сенің рухың. Ол әркез, әр сәтте болат пышақтай өткір болғанда ғана сен ұзақ та, бақытты өмір сүре аласың!
Ол үшін келесі 7 қағиданы ұстанып, әркез ЖАСАМПАЗ КҮЙДЕ бола білуді үйрен!
📌Жасампаз жан болу деген кез келген қуанышты сәтте бақытты болып жүру емес, тіпті өте қайғылы, қиын кезеңде де бір қуанатын себеп тауып, сонымен айналысып өзін бақытты сезіне алатын жан.
🔅Мысалы, түрмеде отырған кездерін есте алған Александр Затаевич өзімен жатқан жігіттің камераның еденіне әлем картасының сызбасын сызып, ойша Азия, Европадан Америкаға саяхат жасаған. Ол күнде ойша сезіне отырып, 1-2 км жол жүріп отырған. Яғни, тар қапаста өзін қуанышқа бөлейтін іс-әрекет (занятие) тауып алып, содан ләззат алған.
🔅Адамдардың барлығы бірдей бұл ПОТОК күйіне түсе алады. Мысалы, «Мына жұмыс кестесі қашан бітеді екен, қашан үйге қайтам екен деп ойлағанша» сол жұмысқа бар ынтамен беріліп, сол дәл қазіргі сәтте қуана алғанда ғана адам шын бақытты бола алады.
🔅Потокта жүрген жан ешқашан уайымға салынбайды, ұсақ түйекке қуанады, өте ауқымды жұмыстарды істегенде, творчестволық қиялға беріліп өте жоғары деңгейде жасайды.
Жалғасы қажет десеңіз✅