✑ Қара сөзбен


Kanal geosi va tili: O‘zbekiston, O‘zbekcha
Toifa: ko‘rsatilmagan


✑ Жансанов Медеттің жеке парақшасы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
O‘zbekiston, O‘zbekcha
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


РАМАЗАН БАҒДАРЫ

5️⃣ ОРАЗА – ЖАН МЕН ТӘННІҢ ТАЗАРУЫ


Ораза – тек ас-судан тыйылу емес, нәпсіні тәрбиелеп, жүректі тазартып, рухани кемелдікке жету. Егер тіл жаман сөзден, жүрек арам ойдан арылмаса, көз бен құлақ харамға бұрылса, мұндай оразаның мәні жоқ.

Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Кім жалған сөйлеуді және жаман әрекеттерді қоймаса, Аллаға оның ішіп-жеуден тыйылғаны қажет емес», – деген (Бухари).


Нағыз мұсылман аштыққа ғана емес, көзіне, тіліне, жүрегіне де сабыр қылады. Егер ғайбат айтып, жүрегін реніш пен қулыққа толтырса, оның оразасы құр ашығу ғана.


РАМАЗАН БАҒДАРЫ

4️⃣ ОРАЗА – САНАЛЫ ҚҰЛШЫЛЫҚ


Ораза – тек қарын аштығы емес, жүрек пен ақылдың саналы түрде атқарар құлшылығы. Ата-баба дәстүрі деп емес, іліммен ұстану қажет.

Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Алла кімге жақсылық қаласа, оны дінде иесі етеді…» – деген (Бухари).


Оразаның үкімдерін білу:

• Құлшылықтың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
• Күмән мен күдіктен арылтады.
• Рамазанның сауабын толық алуға көмектеседі.


Сәресіге дейін шәй ішетіндер бар екен 🤭


РАМАЗАН БАҒДАРЫ

3️⃣ ҚҰРАН


Адамзатқа тура жолды көрсетіп, ақиқаттың ақ туын желбіреткен – қасиетті Құран. Алла Тағала бұл хақиқат кітабы туралы:

«Ол (Құран) – адамдар үшін тура жол әрі (хақ пен жалғанды) айқын ажыратушы», – деп баян етеді («Бақара» сүресі, 185-аят).


Рамазан – Құран түскен ай. Құрансыз мұсылманның жүрегі жарықсыз үй секілді – қараңғы, бос, қуыс. Сол себепті бұл айда Алланың кітабымен тығыз байланыс орнату – шын мұсылманның ең абзал ісі. Алайда Құранды тек көз жүгіртіп оқи салу жеткіліксіз. Оны жүрекпен ұғып, ақылмен таразылап, өмірдің шамшырағына айналдыру керек.

Құран – жай ғана кітап емес, ол – адам өмірін нұрландыратын, қараңғыда адастырмайтын шамшырақ. Алла Тағала бұл туралы былай дейді:

«
Расында, бұл Құран ең тура жолға бастайды»
(«Исра» сүресі, 9-аят)
.


Құранды оқу – алғашқы баспалдақ. Бірақ одан кейінгі қадам – сол оқылған аяттарды жүрекке қондырып, өміріңе енгізу.


РАМАЗАН БАҒДАРЫ

2️⃣ КЕШІРІМ


Адам баласы әлсіз, нәпсіге еріп қателеседі. Бірақ Алланың мейірімі шексіз. Рамазан – күнәлардан арылып, кешірімге бөленуге берілген ерекше мүмкіндік.

Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

«Кімде-кім мен еске алынғанда маған салауат айтпаса, оның маңдайы қара болсын. Кімде-кім Рамазан айына жетіп, бірақ күнәларынан арылмастан бұл айдан өтсе, оның маңдайы қара болсын. Кімде-кім ата-анасының қарттық шағын көріп, бірақ сол арқылы жәннатқа кіре алмаса, оның маңдайы қара болсын».


Жәбірейіл періште (Алланың сәлемі болсын) Пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп:

«
Кімде-кім Рамазанға жетіп, бірақ кешірімге ие болмаса, тозаққа кіреді. Алла оны рақымынан алыстатсын! Сен «Әмин!» де»
, – деді. Ол (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әмин!» – деді.


Рамазан – тәнді ғана емес, жүректі де тазартып, тозақтан құтылуға мүмкіндік беретін қасиетті ай. Бірақ кейбір адамдар оны қадірлей алмайды:

• Уақытын бос өткізіп, сауап іздемейді.
• Күнәларына тәубе етпей, кешірім сұрауды ұмытады.
• Рамазанның қасиетін түсінбей, немқұрайлы қарайды.


Қыс бітіп, көктем кірсе де, қар жауып үлгеріп жатыр. Рамазанның екінші күні. Қасиетті ай бітпей тұрып, сен де ораза тұтып үлгер!


РАМАЗАН БАҒДАРЫ

1️⃣ ТАҚУАЛЫҚ

Оразаның асыл мұраты – тақуалыққа жету.


«Ей, иман келтіргендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді. Әрине, тақуалыққа жетулерің үшін» («Бақара» сүресі, 183-аят).


Бұл – оразаның негізгі мақсатын анықтайтын терең мағыналы аят.

ℹ️ Оразаның тақуалыққа жетелейтін бес сипаты:

1️⃣ Нәпсіні тізгіндеу. Ораза – адамның ішкі қалауын тәртіпке келтіру. Тамақтан, судан, жұбайлық қатынастан тыйылу – рухани тәрбиенің бір көрінісі.

2️⃣ Алланың бақылауын сезіну. Адам ораза кезінде өзін ешкім көрмесе де, Алланың назарында екенін терең сезінеді. Бұл тақуалықтың маңызды белгісі.

3️⃣ Шайтанның ықпалын әлсірету. Ораза адамның тәнін әлсіретіп, шайтанның азғыруына тосқауыл болады. Бұл күнәлардан сақтанудың тиімді жолы.

4️⃣ Құлшылыққа құлшыну. Ораза ұстаған адам құлшылыққа көбірек көңіл бөліп, уақытын тиімді өткізеді. Бұл жүректің тазаруына ықпал етеді.

5️⃣ Кедейдің халін сезіну. Аштықты бастан өткеру арқылы адам жоқ-жітікке жанашыр болады. Бұл – жомарттыққа, қайырымдылыққа жетелейтін ізгі қасиет.


Рамазан — тарауық намазынан кейін шәй ішетін ай.


Дастан Құрманбаев dan repost
“Ей, достар, оразаға қалайша салақпыз? Оны да парыз емес демейміз. Қарынымыз ашады десек дүние ісі үшін неше күндер аштыққа, қиыншылыққа шыдайтұғынымыз қайда? Және ораза тұтқанда аузымызға не келсе, соны сөйлеп, күнә сөзден, істерден тыйылмай жүріп ұстайтұғынымыз қалай? Құдай тағаланың он бір айы біздің күнә істеуімізге жетпеді ме? Осы бір ғана айды күнә жасамай, шамамыз келгенше құрметтеп өткізуге шыдай алмағанымыз қалай?”

Шәкәрім Құдайбердіұлының “Мұсылмандық шарты” кітабынан


Психолог пен коучтар ер мен әйел, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты айтып, таңнан кешке дейін зар қақсап, сарнай береді.

Негізінде, Жаратушы мен құлдың арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Түзу болса, құлдың құлмен қарым-қатынасы түзеледі.


Mihrab.kz жобасына Мұстафа дүниеге келген жылы кіріп, Мұзаффар туған жылы шығып кеткен екенмін 🤭


«Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды».

© Әлихан Бөкейханов


Мықты болмасаң да, мықтылардың көзін көру, мықтылармен бірге болу өте маңызды.


Қазақы ортада өстім ғой. Осы уақытқа дейін намаз оқитын бауырлардың «ифтар» деп айтқанын естімеппін. Бәріміз ауызашар деп айтамыз.

«Ифтар» сөзін көбіне орысша ортада өскендер, дінге орыс тілі арқылы келгендер, дінді эмоция арқылы түсінетіндер айтады деп ойлаймын.


2012 жыл. Марқұм Дулат Исабековтың қолтаңбасы

Бұл дәптер де әлі күнге дейін өзімде.


Есенов көшесінен өттім. Есімі Шахмардан екен. Мағынасын білмедім. Бірақ «шәһру Рамадан» деген тіркестен шыққан болар деп топшыладым.


Алланың елшісі (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір күні сахабаларының алдында ойлы кейіппен үн қатты:

«Адамзаттың әр қауымында елдің жүгін көтерер, адалдық туын жықпас бір тұлға болады. Ол – халықтың аманатын арқалаған сенімді жан. Ал менің үмбетім үшін сондай абыройлы, әділ, адал азамат – Әбу Убайда ибн әл-Жәррах».

Пайғамбар сөзі тереңнен қозданып, айналадағы сахабалардың жүрегіне жол тартты. Ел ісіне лайық, аманатқа берік болу – әр заманның ең асыл қасиеті. Ал бұл сипаттың Әбу Убайдадай қайсар, әділетті, кіршіксіз таза жанға бұйыруы тегін емес еді. Ол – исі мұсылман баласы үлгі тұтар, дін үшін жанып, әділдік үшін арын сатпаған қайраткер.


Адамның мінезі, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы піскен қазанына, түскен ортасына, ақыл-санасына байланысты.


Байқасақ, классик жазушыларымыздың қатары сиреді. Бүгінгі ақын-жазушылардың бірде-бірін білмейміз. Олардың ортасы бөлек, өзара араз. Өздерімен-өздері.

Мына жақта боқтан шыққан «миллионерлер», пысықай психологтар мен күйдіргі коучтар қаптап кетті. Енді он жылдан соң қазақ қоғамы қандай деңгейге түседі, қалай құлдырайды, сол қызық.


Дулат Исабековпен байланысты естеліктер бар. Ескі дәптерімді тауып алайын.

Дулат Исабековтың прозасын оқымағам. Оның пьесалары драматургияға қатты қызықтырды.

Нұржан Төлендиевті атақты Тука еткен де осы жазушының «Ескерткіш» деген комедиясы (пьеса) еді.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.