Қазақтың билігі орыс тілін күйттеп жүр!!!
Жалғас Ертай: Тоқаев мырза өз елінде мемлекеттік тілінің әлсіз позициясын көре тұра, көрші елдің мемлекеттік тілі - орыс тілінің қолдаушысы болып шықты. Мәжіліс "Орыс тілінің халықаралық ұйымын құру" заңын мақұлдады. Қазақстан ол ұйымға 43 млн теңге бөледі.
Бұл ұйымды құруды Тоқаев ұсынып, Путин мақұлдаған еді. Тоқаев мырзаның “қазақ тілі елдегі этносаралық қатынас тіліне айналуы керек”, яки қазақ тілі елдегі лингва франкаға айналады деген сөзі ауаны тербеткен орнында қалды. Оған қоса министр мырзаның орыс тілі пәлен деген, түген деген халықаралық ұйымдардың ресми тілі деп аузынан суы құрып мақтап, заңды қабылдауға соны негіздеп тұрғаны да күлкілі естілді.
Тағы бір рет шегелеп қояйын. Қазақ тілі қазіргі биліктің ырқынан тыс, қалауынан бөлек, өз алдына табиғи түрде дамып жатыр. Ал билік орыс тілінің күйін күйттеп жүр.
Өкінішті.
ЖЕЛге жаңалығыңды жібер 👉@jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл 👉@jelide