JEL 🌐 ЖЕЛ


Kanal geosi va tili: O‘zbekiston, Boshqirdcha
Toifa: Erotika


Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды!
Желге жаңалығыңды жібер @jelgehat

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
O‘zbekiston, Boshqirdcha
Toifa
Erotika
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қаңтар қырғынына кім жауап береді?

2022 жылғы Қаңтар оқиғасындағы қырғын Президент Тоқаевтың көшеде жүргендерге қаратып ескертусіз оқ атуға бұйрық берген соң басталды. Бұйрық алған әскер оңды-солды оқ жаудырды. Алматыдағы жағдай тіпті ауыр болды, өз шаруасымен кетіп бара жатқан бейкүнә жандардың өмірі үзілді.


Жаңалығыңды жібер👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл 👉@jelide


Әзербайжанның ұшағын Ресей атып құлатты!!!

Кеше Ақтауда апатқа ұшыраған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағын ресейлік "жер-әуе" зымыраны атып түсірді, деп жазады Euronews Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап.
Дереккөз зымыран ұшақты Грозныйға қонуға тырысқанда атты деп мәлімдеді, сол кезде олар дрондардың шабуылына тойтарыс берген. Зымыран ұшақтың жанында жарылып, оның сынықтары әуе кемесіне зақым келтірген.
Euronews дереккөздерге сілтеме жасай отырып, зақымдалған ұшаққа ұшқыштардың апаттық қонуы туралы өтінішіне қарамастан Ресей әуежайларының ешқайсысына қонуға рұқсат етілмегенін және оған Каспий теңізі арқылы Қазақстандағы Ақтау бағытында ұшуға бұйрық берілгенін хабарлайды.

ЖЕЛге жаңалығыңды жібер👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл👉 @jelide


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Ақтау маңында ұшақ құлады!!!

Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.
Аман қалғандар саны 28 адам , оның 22 адам ауруханаға жеткізілген.

ЖЕЛге жаңалығыңды жібер👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл👉 @jelide


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Тоқаев Қазақстанды Ресейге жығып берді, 100% тәуелді!!!

ЖЕЛге жаңалығыңды жібер 👉@jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл 👉@jelide


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
«Қазақтар, Ресейге барма, барсаң қор боласың!!!»

ЖЕЛге жаңалығыңды жібер👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл 👉@jelide


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қазақтың тәуелсіздігі үшін құрбан болғандарды еске алды


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қанды Қаңтар: Елбасы Тоқаевты бас мүфти Наурызбай қажы қолдады

ЖЕЛге жаңалығыңды жібер👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл 👉@jelide


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Бас мүфтидің сарттығы

Табынның апталдай екі азаматы Шерзат пен Нұрқанат өліп жатқанда руы табын Наурызбай мүфти орта ғасырда өмірден өткен жалайыр билерінің әруағына құран бағыштап жүр. Қаржаубай қайғы жұтып қансырап жатқанда, бұл иманы бар дінбасы істейтін қылық емес қой.
Тоқаевтың руы – жалайыр. Наурызбай қажы бас мүфтилік тақты өмірбақи иелену үшін осындай аяр саясатқа барып, Президентке жағынып, жалайырлардың әруағын риза қылып кесене кезіп жүр. Сонда табын руының тарихта қалдырған ізін ұлықтау, Шерзат пен Нұрқанаттың әруағына дұға бағыштау бас мүфтиге керек емес пе?!! Бұл қазақтың салт-дәстүрін аяқасты ету ғой. Наурызбай қажы қазақшылығын емес, саясатты саудалайтын сарттығын тағы да дүйім қазаққа көрсетті.

ЖЕЛге жаңалығыңды жібер👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл 👉@jelide


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Табын мүфти табын жігіттер өлгенде неге дұға оқымады?!!

Ұлы Шерзат пен інісі Нұрқанаттан айырылған Қаржаубайдың руы – табын. Бас мүфти Наурызбай қажының да руы – табын. Шерзат қайтыс болғалы Бас мүфти Алматыға бес-алты рет келді, бірақ Қаржаубай отбасына бас сұғып көңіл айтпады. «У ішсең руыңмен» деген ата-бабамыз. Наурызбай қажы табын бола тұрып, табын руының екі бірдей азаматы өлгенде неге құран оқымады?!! Әлде Наурызбай қажы қазақшылықты білмей ме?!!

ЖЕЛге жаңалығыңды жібер👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл👉 @jelide


Назарбаевтың денсаулығы және жеке өмірі – мемлекеттік құпия!!!

Қазақстанның экс-президенттерінің денсаулығы мен жеке өмірі мемлекеттік құпияға жатады. Осындай заңды Сенат екі оқылымда мақұлдап, бүгін президент Қ.Тоқаевтың қол қоюына жіберді.

Депутаттардың заңды ешкімге байқатпай мақұлдап жібергенін ескерсек, президент Тоқаев та заңға қол қоятын сияқты. Себебі, ол да жас жігіт емес қой, Назарбаев секілді экс-президент болатын күні жақын. Заңда президенттердің бала-шағасы, жақын туыстарының да жеке өмірін құпия сақтау көзделген. Кімде-кім мемлекеттік құпияны жария қылса, президенттердің жеке өмірі туралы жазса, сотталады.

Назарбаевтың халықтан жасырып жүргені көп – тоқалдары, миллиардтаған доллары, шетелде дүние-мүлкі бар. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев мелекеттік құпиялар туралы заңға өзгеріс енгізіп, халықтан несін жасырмақ? Әлде, Назарбаев пен Тоқаев әлі бірге ме?

ЖЕЛге жаңалығыңды жібер👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл 👉@jelide


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Сарттың қазаққа дінбасы болғаны дұрыс па?



ЖЕЛге жаңалығыңды жібер 👉@jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл 👉@jelide


Шерзат марқұмның әкесі Қаржаубайға қарсы қылмыстық іс қозғады!!!


Бұған дейін Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалған. Оған қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтты, құқық қорғау органдары қызметкерлерін қорлады, сондай-ақ айналасындағыларды сыйламады, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасады және көлік құралдарының жүруіне кедергі келтірді (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) деген айып тағылған. Қаржаубай інісі Нұрқанат өлген соң қатты ашынып кеткен еді.

Қаржаубайдың қарындасы Бақыт Реймова да 15 күнге жабылған. Ол Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 488-бабының 8-бөлігі) әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның азаматтығы болмауына байланысты кейіннен Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешім қабылданған.
Қаржаубайдың тағы бір бауыры Салтанат Нұрымоваға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынған.

Енді қамауда жатқан Қаржаубайды қылмыстық іспен соттап, түрмеге тығып, ұлы мен інісінің өлімін әділ тергеуді талап еткізбей үнін өшірмек.


ЖЕЛге жаңалығыңды жібер👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл 👉@jelide


«Әділетті Қазақстанда» әлсіздің көрген күні қорлық


Талғардағы Қаржаубай Нұрымовтың әулетіндегі қайғылы оқиғалар сериясына қарап авторитар биліктің бойындағы пост-Қаңтар синдромы өршіп бара жатқанын көреміз.
Ақорда мен күштік құрылымдар “халық көтеріліп кетпесе болды” деген үреймен азаматтарды, тіпті Қаржаубай Нұрымов секілді әділет іздеп шырылдаған жәбір көрушілерді де, алдап-арбауға, үркітуге, айыппұл салуға, қамауға дайын екенін танытты.
Талғардағы трагедияны “Ескі Қазақстанның Тоқаевқа жасаған саботажы” дейтін конспирологтар шықса, еш таң қалмаймын. Шын мәнісінде, қазір Қазақстанда билікті дәл өзі сияқты дискредитациялайтын саяси күш жоқ.


Әділетті Қазақстан, Тоқаевша айтсақ, “заң диктатурасымен” орнамайды. Әділетті Қазақстан азаматтар өз мемлекеті қорғансызға қорған болады, құқық қорғау органдары істі ашық әрі жан-жақты қарайды, сот әділ шешім шығарады деп шын сенген кезде ғана орнайды. Ел байлығының жартысынан астамы бар болғаны 165 адамның қолында шоғырланған, халқы айлығының 70%-ін тамаққа жұмсайтын, әрбір бесінші азаматы шетелге көшуді ойлайтын Қазақстанда ол сәттің жақында тумайтыны анық.
Ал ол күн туғанша Астанада ықпалды көкесі, оффшорда миллиондаған доллары, күштік органдарда “крышасы” жоқ “әлсіз” отбасыда туылған әрбір қазақстандық қатыгез, қорқақ әрі селқос қоғамда о бастан аутсайдер болып қала береді.

Шалқар Нұрсейітов, саясаттанушы


ЖЕЛге жаңалығыңды жібер👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл👉 @jelide


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қос марқұм Шерзат пен Нұрқанаттың әпкесі ашына сөйледі


ҚР Президенті Тоқаевқа!

ҚР Ішкі істер министрі Талғардағы жағдайды шеше алмаса, Жаңа Қазақстанды ОПГ басқарған, қазақтың сенімін жыққан, ең соңғы үмітін үзген, құрдымға кеткен қоқыс деп қоя саламыз.
Талғардағы бір әулеттің тас талқанын шығарған оқыс жағдай құқық қорғау органдарының кім екендерін, кіммен кімнің сыбайлас, байланысы бар екенін анықтайтын емтихан болып тұр. Құқық қорғау органдары бұл емтиханнан өте ме, өтпей ме, ол жағы мүлде белгісіз.
Өткенде Талғардағы оқыс жағдайды Ішкі істер министрі қолға алды, Бас прокуратура бақылауға алды деген еді. Дұрыс болыпты ғой деп қуанғанбыз. Бүгінгі болып жатқан жағдайлардан тіпті адам шошиды.
Президент Тоқаев таққа алғаш отырғанда Жаңа Қазақстан деген ұранды алға тартып, үлкен дипломатиялық лауазымдарда жұмыс істеп келген, бірнеше тілді біледі, өте интеллигент азамат, әділдік болар, шындық бой түзер деген сенімім болған.
Талғардағы жағдайды заң үстемдік ететіндей шешпесе, президент өзі араласпаса, жыл сайынғы желтоқсан мен қаңтар айларындағы үрей мен қорқыныш, дүрбелең белең алуы мүмкін. Бізде жағдай тек жоғарыдан берілетін тапсырманы ғана орындайды. Президенттің жалпы мынау сорақы жағдайдан хабары бар ма осы!?
Құрметті, президент мырза!
Мынау сорақы іске тікелей араласуыңыз керек! Құқық қорғау органдарының әрекетінде күмәнді жағдайлар өте көп сияқты.
Талғардағы жергілікті билік, полиция, прокуратура, ішкі саясат бөлімінің бәрінің кадрларын толығымен ауыстыру керек.
Әйтпесе, мынау сұмдық әрі сорақы жағдай Жаңа Қазақстан деген атауды өте жеккөрінішті етіп тұр. Бекболат Қаржан


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Шерзаттың әкесі Қаржаубай інісі Нұрқанатты жерлеп келді

Қаржаубай інісі Нұрқанаттың өзіне өзі қол салып өлгеніне сенбейді. Ал оқиғаның куәгері Нұрқанаттың қалай өлгенін, кім өлтіргенін айтпай отыр.

ЖЕЛге жаңалығыңды жібер👉 @jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл 👉@jelide


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Тоқаев АҚШ-та төбелес шығарды. Шавкат ұялып жерге қарады!!!


Екі жыл бұрын UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамбетовке жағынам деп Маңғыстау облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Амангелді Халмұрадовты кеудесінен итеріп, 15 тәулікке қамауға алынған Атырау күрес федерациясының президенті Арман Тоқаев АҚШ-қа барып тағы да арзан хайп ұстады.

Арман Тоқаевтың қасақана жасаған бұзақылық қойылым-спектаклі Америкадағы T-mobile спорт аренасында Шавкат Рахмонов пен Иан Гэрридің жекпе-жегі кезінде болды. Тоқаев UFC спортшысы Деннис Бузукьяны арандатып, төбелес бастады. Тоқаев октагонға жақын 1-ші қатардан (бағасы 15-мың доллар тұрады) орын алып, төбелес шығаруға әдейі дайындалып барған. Сәләфи Арман Тоқаев өзін әркез эпатажды іс-қимылмен көрсетуге тырысады. Хайпожор өзінің осы провокациясы арқылы Шавкат Рахмонов пен жекпе-жек алаңындағы басқа да қазақстандық спортшылардың имиджіне нұқсан келтірді. АҚШ провокатор Арман Тоқаевты тез арада жазалап, депорт жасап, бұдан былай АҚШ-қа кіргізбеуі мүмкін.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Бас мүфти Наурызбай қажы дүйім қазақты алдап жүр

Оның діни дипломы жалған. Наурызбай қажы Ташкенттегі Имам әл-Бұхари институтының түлектері тізімінде жоқ.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Маңғыстаудың әкімінен кіре алмаған тұрғын өзін қалай өртеді


Журналист абақты қабырғасына қанымен «Оян, қазақ!» деп жазды


@jelgehat қа жолданған хатта Талдықорған тергеу изоляторында журналист Думан Мұхамедкәрімді азаптап, карцерге қамағаны жазылған. Ол бұған қарсы болып, денесін – ішін, мойнын, білегін тілген. Артынан аштық жариялаған. Адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, Думанды Талдықорған тергеу изоляторында ұстау – заңсыз. Оны әлдеқашан Заречныйдағы түрмеге жөнелту керек еді. Лагерьдегі режим абақтыдан басқа, онда ол бір мезгіл таза ауаға шығады. Сол құқын талап еткені үшін оны қинап, төсегі, орындығы жоқ, тар, суық камераға қамап, «сындырмақшы». Думан бұған көнбей, өзін өзі сойып, қабырғаға қанымен «Оян, қазақ!» деп жазған.


ЖЕЛге жаңалығыңды жібер 👉@jelgehat
ЖЕЛ арнаға жазыл👉 @jelide

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.