Өзгенің ісін жеңілдету
"Өзгеге көмектесу" емес, "өзгенің ісін жеңілдету" деген сөзді қолданғым кеп тұр. Екі сөздің энергиясы екі түрлі. Мені "өзгенің ісін жеңілдету" деген сөз көбірек шабыттандырады.
Жан-жағыма қарап, "кімнің ісін жеңілдете алам?" деп ойлана бастадым. Бір танысым кітабын сата алмай, жарнамасын қалай жасарын білмей басы қатып отыр. Бір әжей банкоматтың тілін түсінбей, қиналып тұр.
Олардың ісін жеңілдетуге шамам мен білімім жетіп тұр ғой. Танысыма хабарласып, 1-2 копирайтинг тәсілді көрсетіп, саудасын көтере аламын. Әжейдің ақшасын шығарып бере аламын.
Мен оларды елемей, өз жөніммен кете берсем де болар еді. Бірақ олай істесем, әлемде кемінде 2 адам қиналып тұрар еді.
Біз өзгенің ісін жеңілдетуді емес, қиындатуды көбірек ойлайтын сияқтымыз. Біреуге жол бермей, біреуді күттіріп, біреуге қағаз толтыртып, біреуге артық іс істетіп, біреуге қырсығып уақытында жауап бермей жатырмыз. Егер жалпы ел болып өзгенің ісін жеңілдетуді ұстаным етіп алсақ, жемқорлықты да жеңер едік-ау осы.
Біреудің көмек сұрағанын күтпей, өзің бірінші барып, ісін жеңілдетсең, кайф! Фишка сұратпай көмектесуде. Жан-жағыңа қарашы. Қиналып, басы қатып жүрген, мейлі ол кішкентай іс болсын, жандарды іздеші. Тез табасың. Сен үшін оп-оңай, бірақ ол үшін қиын істің күрмеуін шешіп бер. Сөйтіп әлемдегі қиналып жатқан адамдардың санын аз-аздан үздіксіз азайта берейікші.
@dzhigitbek