Beisenali Olzhas


Kanal geosi va tili: O‘zbekiston, O‘zbekcha
Toifa: Din


Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.
Әлеуметтік парақшаларым:
Инста: https://instagram.com/beisenali.olzhas
Кітапхана: t.me/mufakkirr

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
O‘zbekiston, O‘zbekcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Мақсаты жоқ адам ғана көп ұйықтайды

Шейх Абдуссалләм Шаннар


Бүгін иншаАлла Тәзкират-самиғ дәрісі өз уақытында болады


Kalima dan repost
السلام عليكم ورحمة الله وبركاته

Араб тілі риторикасынан (балаға ілімі) бастауыштарға арналған сабағымызды ұсынамыз.

📖 Оқулық: Тәйсир әл-балаға

Сабақ видио форматта

Кері байланыс бар!

Курсқа тіркелу үшін: @JangeldiDarhan


Шейх Ашраф Таһанауидің "әл-интибаһат әл-муфида" деген заманауи шубуһаттарға жауап беретін кітабын бастайын деп жатырмыз.

Әр сенбі 16:00 НМУ-да

Тек нму шәкірттеріне

Қосылу үшін жекеге


Һибаттула Таразидің шархы бойынша өтілетін дәрістерге қосыламын деген ұл шәкірттер @ayan_zhanabaiuly бауырға жазыңдар


Пдф-ін сұрағандарға


مخزن المكتبة الصوفية العالمية dan repost
شرح_العقيدة_الطحاوية_هبة_الله_التركستاني_1.pdf
7.4Mb


Ертең, (мүмкін тіпті алғашқы рет НМУ-да) имам Тахауидың ақида мәтініне жазылған өзіміздің жерімізден шыққан Һибатулла Туркистанидің шархын оқуды бастаймыз

Алла тауфиқ берсін


Өітірік білім алатын адам – тәтті шоколад жейтін адам секілді.

Тәттіге тойып алады да, дұрыс тамаққа зауқы бармайды.

Дәл солай, өтірік білім алып жүрген адам, сол алған “біліміне” тойып алады, шынайы білімнің жанынан жоламайды


Аш адам ештеңеге қарамайды.

Білім алады


Аш жүру керек.

Білімге аш

3.6k 0 22 1 188

Барлығына есік ашық (нму шәкірттеріне)


Дейді


Кәһф үңгірі қалай Алла Тағалаға иман келтіріп, оны паналаған момындарды дінсіздерден қорғаса, дәл солай "Кәһф" сүресін оқыған, алғашқы аяттарын жаттаған адамды Алла Тағала Дәжжалдың фитнасынан қорғайды.

Жұма мүбәрәк!


Бүгін иншаАлла Тәзкират-самиғ дәрісі өз уақытында өз орнында болады)


Мантық – логика

"Мантық" сөзінің түбірі "нутқ". Мағынасы – сөйлеу.

"Логика" сөзінің түбірі – логос. Мағынасы – ой, сөз, дәлел.

Арабтар "логос" сөзін араб тіліне "мантық" деп аударды. Сосын мантықтың екі түрі бар деді:

1) "Заһири" (сыртқы).
2) "Батыни" (ішкі).

Заһири – сөлеумен байланысса, батыни – ойлау, білумен байланысты.

Бұны Әл-фараби кітаптарында айтып кеткен.

Шейх Абдульхамид Туркманидің дәрісінен

4.8k 0 17 3 179

12 рәкәғаттық Миғраж намазы жайлы

Имам Мулла Али Қари өз кітабында имам Суюты жеткізген бір хадисті келтіреді. Ол хадисте Миғраж түні оқылатын 12 рәкәғаттық намаз жайлы айтылады. Бірақ, хадисті жеткізіп болған соң, имам Мулла Али былай дейді: "Имам Байһақи бұны Абан ибн Әнәстан өте әлсіз иснадпен жеткізді".

Бұл намаздың бидғаттылығы жайлы Имам Файруз Абади, имам Ирақи, ибн Һиммат әд-Димашқи және тағы басқа көптеген ғұламалар өз кітаптарында айтқан.

Біздің ереже бойынша, нәпіл құлшылықтарда әлсіз хадиске амал етуге болады. Егер де оның дінде негізі бар болса. Бірақ, егер хадис өте әлсіз болса, оған амал етуге рұқсат жоқ. Және ол хадисті "өте әлсіз" деп имам Мулла Али Қари айтқандай айту керек.

Сондықтан, Миғраж түні дәл осы хадиске амал етіп 12 рәкәғат оқымаңыздар, бірақ қасиетті түні қалағаныңызша намаз оқып, зікір-ғибадаттарыңызды жасай беріңіздер. Алла сауаптан жазсын.

Түсініңіздер, біз сіздердің игі амал жасағандарыңызды қызғанбаймыз. Шайтан емеспіз ғой. Керісінше, бидғат амалдардан сақтап, дұрыс амал жасағандарыңызды қалаймыз. Алла баршамызға тауфиқ берсін

#архив


Нұр-мүбәрәк шәкірттерімен (ер балдар) шейх доктор Заһабидің "әт-тафсир уа әл-муфассирун" кітабын оқып жатырмыз. Дәріс Сәрсенбі 12:00 және Сенбі күндері.

Сондай-ақ, имам ибн Ашурдың тәпсіріне жазған кіріспесін (қыз балдармен) Сәрсенбі күні 14:00 және Сенбі күндері өтіп жатырмыз.

Қатысамын деушілер болса, мархаба

Шарттары:
1) НМУ шәкірті болу
2) Сарф, нахву, балаға, фиқһ, усул, каләм пәндерін оқыған болу.


Әбу Суғудтың тәпсірі "Иршад әл-ақл әс-салимді" түсіну жолдары:

Бұл тәпсірді оқу үшін ең алдымен нахву, сарф, балаға ілімдерін терең оқыған болу керек. Сондай-ақ, мантық, усул, кәләм секілді білімдерді білу.

Әбу Суғудтың тәпсірін ашқан соң, түсінбеген жерді алдымен:

1) "Жәләлейінге" жазылған "Әл-футухат әл-иләһия" деген хашиясынан оқу.

2) "Кәшшәфқа" қайту. Оған қоса оған жазылған ибн Мунайирдың "Әл-интисаф" хашиясын, Мухаммад Ғильян Марзуқидың "Машаһид әл-инсаф алә шауаһид әл-кашшаф" кітабын, ибн Хажардың Кашшафқа қылған тахрижын оқу.

Сондай-ақ, Кашшафтың хашиясы "Футух әл-ғайбты" міндетті түрде қарау.

3) "Байдауиді" оқу. (Оның ең жеңіл хашиясы шейх Заданың хашиясы. Ең қиыны – Қунауидің хашиясы. Ең ауқымдысы – Шиһаб Хафажидың хашиясы).

4) Жеңіл тәпсірлерді қарау. Табари, Хазин, Уахиди, Рази, Ибн Жаузи, Саид Тантауи сынды жеңіл тәпсірлерді бір қарап шығу.

Соңында Әбу Суғудты қайтып қарау. Тағы да түсінбеген қиын жер қалса, Әлусиге қайту. Әлусиді түсіну үшін Туфайишты оқу.

Шейх Али Һанидің дәрісінен


Егер де Байдауи, Әбу Суғуд, Насафи көп пікірлердің ішінде бір пікірді ең бірінші жазса, демек "муғтамады" (дұрысы) сол.

Шейх Али Һани

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.