Міне қасиетті Шағбан айына да келіп жеттік Аллаға шүкір!
«Көптеген жақсылықтардың бастауы» деген мағынаға ие «Шағбан» айы Ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді.
Қасиетті Шағбан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәні зор! Айталық, бойымызды түрлі жаманшылықтан тазартып, ниет-ықыласымызды дұрыстап, мейлінше пәк жүрекпен қадам басу. Яғни, қызғаныш, көреалмаушылық, қастандық, жеккөрушілік, ашушаңдықтан жүрегімізді тазалап, ғайбат, өсек, сөз тасу, жамандау, кемсіту, көпшіліктің алдында біреудің айыбын айтып ұялту секілді жағымсыз істерден тілімізді қорғау.
Әбу Әмәмә әл-Бәһилиден жеткен хадисте Алла елшісі (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам):
«Шағбан айы кіргенде, нәпсілеріңді тазалаңдар және ниеттеріңді дұрыстаңдар», - деген (Мукашәфәтул-қулуб, әл-Ғазали, 291-бет).
Пайғамбарымыз (салаллаһу ьәлəйһи уә сәллам) Шағбан айының көбін оразамен өткізетін болған. Айша анамыздан (р.а.) жеткен төмендегі бірқатар хадистер осының айғағы:
«Шағбан айындағыдай көп ораза ұстағандығын көрмедім»
(Мүслім, Сиям, 176);
«Алла елшісі(салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) кейбір айлардың көбінде ораза ұстайтын. Тіпті, оны бұл айда мүлдем ауыз ашпады деп те ойлайтынбыз. Кейбір айлардың көбінде ауыз ашатын. Тіпті, біз оны бұл айда ешбір ораза ұстамады дейтін едік. Алла елшісінің (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) Рамазан айынан басқа айда толық ораза ұстағанын, сондай-ақ, Шағбан айындағыдай көбін оразамен өткізгенін көрмедім»(Бухари, Саум , 51);
«Алла елшісі(салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) айлардың ешбірінде Шағбан айындағыдай жиі ораза ұстамайтын және былай дейтін: «Шама-шарқыңызға қарай амал жасаңыз. Өйткені сіз жалықпайынша Алла да сізге жалығатын амалды жүктемейді. Алланың құзырында қабыл болатын амал - аз да болса игі істің тұрақты жалғасып тұрғаны» дейді (Муслим, саум, 177).
Бірде Усама (р.а.) Шағбан айында көп ораза ұстауының хикметін білу үшін: «Уа, Алланың елшісі, дәл Шағбан айында жиі ораза ұстағаныңыздай басқа айда мұншалықты ораза ұстағаныңызды көрмедім», - деп сұрағанда: «Шағбан - адамдардың басым көпшілігінің Рамазан мен Ережеп айларының ортасында мән бермей кететін айы. Бұл айда амалдар Алла Тағаланың құзырына көтеріледі. Мен де амалдарымның ораза ұстаған кезімде Алланың құзырына көтерілгенін қалаймын», - деген жауап естіген (Нисаи, Саум, 70).
Ал, Әнас (р.а.): «Алла елшісінен (салаллаһу ьәлəйһи уә сәллам) «Рамазаннан кейін қандай ораза маңызды?»- деп сұрағанда, ол (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам): «Рамазанға құрмет ретінде Шағбан айында ұсталған ораза»,- деп, ал «Қай садақа абзал?», - деп сұрағанда, ол (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам): «Рамазан айында берілген садақа», - деп жауап берген» (Тирмизи, Зекет, 28 Ибрахим Жанан, Кутуб әс-Ситта, аудармасы, 9/66)