Postlar filtri


✒ Сұрақ: Кейбір адамдар: «Мен намаз оқымаймын. Бірақ кедейлерге көмектесіп, жануарларға қамқор боламын. Бұлар да ғибадат. Тек намаз оқумен ештеңе бітпейді. Міндетіміз де маңызды. Бірінші орында жұмыс, одан кейін намаз.» дейді. Намаз оқымайтын адамдардың жасаған жақсылықтары қабыл бола ма?

Жауап: «Тек намаз оқумен ештеңе бітпейді» деп айтуы намазға жеңіл қарау деген сөз. Намаз иман секілді. Имансыз адамдардың ғибадаттарына, жақсылықтарына қалай сауап берілмейтін болса, намаз оқымайтын адамдардың да ешбір ғибадаттарына, жақсылықтарына сауап берілмейді.

«Намаз оқымайтын адамның ғибадаттары қабыл болмайды.» (Әбу Нуайм)

«Міндетіміз маңызды. Бірінші орында жұмыс, одан кейін намаз» деп өзгелерге намаз оқытпау да дұрыс емес. Намаз оқумен жұмыс берушінің (басшының) ақысы желінген болмайды. Яғни басшының намазға кедергі болуға ақысы жоқ.

Міндет деген не? Міндет – басшының берген тапсырмаларын, әмірлерін орындау және тыйым салғандарын істемеу деген сөз. Бірнеше бастықтың берген бұйрықтары бір-біріне сәйкес келмесе, лауазымы ең жоғары болған бастықтың бұйрығы орындалады. Мемлекеттік қызметте және әскерде де бірінші міндет лауазымы үлкен болған басшының әмірін орындау. Ал енді ең үлкен бастық дегеніміз кім? Міндетіміз әрине маңызды. Өйткені хадис шәрифте: «Адамдардың ең жақсысы адамдарға пайдалы болғаны.» делінген. (Кудаи)

Адамдарға ненің пайдалы екенін ұлы әміршіміз болған Алла Тағала білдірген. Бірінші міндет – ең жоғарғы лауазымдағы әміршінің бұйрығын орындау болса, онда ең ұлы әміршіміз, жаратушымыз болған Алла Тағаланың бұйрығы қандай? Алла Тағала «Иман келтіргеннен кейінгі ең үлкен міндет – намаз оқу.» деп бұйырған. Намаз оқымайтын адамның ғибадаттары, жасаған жақсылықтары қабыл болмайтыны секілді тапқан табысы да берекесіз болады.

Намаз оқу жұмыс қарқынын бәсеңдетпейді, керісінше жұмысқа деген құлшынысты арттырады. Намаз оқитын адам құл ақысынан, харамнан қорқады. Өз міндетіне немқұрайлы қарамайды. “Менің намаз оқитын уақытым жоқ” немесе басқа да себептер айту бейнамаз адамның намаз оқымау үшін тапқан сылтаулары. Бұл намаздың маңыздылығын білмеуден туындайды. Хадис шәрифте: «Бір кісі намазын әдейі, ешбір үзірсіз оқымаса, Алла Тағала оның басқа ғибадаттарын пайдасыз қылады.» делінген. (И. Ғазали)

Алла Тағала намаз оқымайтын адамның жақсылықтарына сауап бермейді. (Сәфәри ахирет)🤲


سكينة dan repost
рамазан кіммен ауызашар жасайтыныңызды жоспарлайтын, қандай тамақтар жасаумен басыңызды қатыратын, мерекелік ойын-сауық, жамағат жиналатын кештерде уақыт өткізетін ай емес.

• рамазан- адамдардан бөлініп, Раббыңызбен жеке қалатын жалғыздықтың айы. соның ішінде ұялы телефон, әлеуметтік желілерден алыстайтын уақыт.

• рамазан- тек құлшылықтар жасайтын, әсіресе тоқтаусыз Құран оқып сауап жинайтын ай.

• рамазан- ізгі ғалымдардың барлық ілімді ысырып, Құранды хатым етуге көңіл бөлетін айы.

sakeena


ШАҒБАН қандай ай? 🌙

Усама ибн Зәйдтен (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ):
"...Бұл айда жасалған барлық амалдар әлемдер Раббысының құзырына көтеріледі. Мен өз амалдарымның аузым берік кезде (Аллаға) көтерілгенін ұнатамын", – деген.
(Тирмизи, Насаи)

Яғни, Шағбанның да басты амалы - ораза.

Шағбандағы құлшылықтың құпиясын Алла Елшісінің ﷺ өзі ашық айтып, үлгісін көрсетіп кеткен.

🍃 Айша анамыз (р.а): «Пайғамбарымыз (ﷺ) оразаны шағбан айында ұстағандай, басқа ешбір айда ұстамайтын...», – дейді. (Бұхари, Муслим)

Алайда, бұл айды толығымен ораза ұстаумен өткізуге болмайды. Арасында үзіліс болуы керек.

Әбу Салама (р.а.): «Мен Айша анамыздан Алла Елшісінің  қалай ораза тұтқандығын сұрағанымда, Ол (р.а.) кісі: «Оразаны ұзақ тұтқаны соншалық бұдан былай ораза тұтумен болатын шығар дейтінбіз. Сонан соң оразаны тоқтататын, тіпті мұнан былай енді ораза тұтпайтын болар деп қалатынбыз. Бірақ, Шағбан айындағыдай көп ораза тұтқанын көрмедім... Кейде Шағбанның аз күндерін ғана қалдырып, қалған күндерінде толығымен оразамен өткізетін», – деп айтты».🤲


Шағбайын айын қалай өткізген дұрыс деген сұраққа жауап:

Пайғамбарымыз ﷺ: Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен (мағынасы мен маңыздылығына сай) өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді,- делінген
📌Ибн Мәжә, Иқаматус-Салат

Бұл айдың ерекшелігінің бірі – Пайғамбарымызға ﷺ көп салауат айту. Себебі, хадисте: «Ережеп – Алланың айы, шағбан – менің айым, рамазан – үмбетімнің айы», – деп, Ережеп айында кәлиманы, шағбанда салауатты, рамазанда Құранды көп оқу керектігі жөнінде ескерткен.


Берекеті мол айлардың бірі – Шағбан айы. Бұл – қасиетті үш айлардың бірі, құлшылықтарымыздың сауабы еселеп жазылатын берекелі айлар. Қамари ай санауы бойынша сегізінші айға жатады. «Көптеген жақсылықтардың бастауы» деген мағынаға ие «шағбан» сөзімен аталған қасиетті ай Ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді.

Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ережептен кейінгі кезекте Шағбан айына өте-мөте көңіл бөлген.

«Алла Тағалам, Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді Рамазанға аман-есен жеткіз», – деген дұғасын жиі айтатын.

Қасиетті шағбан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәні зор. Өйткені, Әбу Әмәмә әл-Бәһилиден (р.а.) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Шағбан айы кіргенде, өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар», – деген. Бұл айдағы сауабы көп құлшылықтың бірі − ауыз бекітіп, нәпіл ораза ұстау.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шағбан айының көбін оразамен өткізетін болған. Шағбан айындағы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен Айша анамыз былайша баяндайды:

«Алланың елшісі кейбір айлардың көбінде ораза ұстайтын. Тіпті, оны бұл айда мүлдем ауыз ашпады деп те ойлайтынбыз. Кейбір айлардың көбінде ауыз ашатын. Тіпті, біз оны бұл айда ешбір ораза ұстамады дейтін едік. Алла Елшісінің Рамазан айынан басқа айда толық ораза ұстағанын, сондай-ақ, шағбан айындағыдай көбін оразамен өткізгенін көрмедім.»


Абылай Кенжалы dan repost
Ізгілер айтпақшы:

«Не істер екем деп көп ойлана берме. Көп истиғфар қыл. Өйткені ой-пікірмен ашылмайтын есіктер истиғфармен ашады».

(Әр-Рағиб📚)

Истиғфар – Алладан кешірім тілеу. Әстәғфируллаһ, әстәғфируллаһ, әстәғфируллаһ.


Міне қасиетті Шағбан айына да келіп жеттік Аллаға шүкір!

«Көптеген жақсылықтардың бастауы» деген мағынаға ие «Шағбан» айы Ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді.

Қасиетті Шағбан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәні зор! Айталық, бойымызды түрлі жаманшылықтан тазартып, ниет-ықыласымызды дұрыстап, мейлінше пәк жүрекпен қадам басу. Яғни, қызғаныш, көреалмаушылық, қастандық, жеккөрушілік, ашушаңдықтан жүрегімізді тазалап, ғайбат, өсек, сөз тасу, жамандау, кемсіту,  көпшіліктің алдында біреудің айыбын айтып ұялту секілді жағымсыз істерден тілімізді қорғау.

Әбу Әмәмә әл-Бәһилиден жеткен хадисте Алла елшісі (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам):

«Шағбан айы кіргенде, нәпсілеріңді тазалаңдар және ниеттеріңді дұрыстаңдар», - деген (Мукашәфәтул-қулуб, әл-Ғазали, 291-бет).

Пайғамбарымыз (салаллаһу ьәлəйһи уә сәллам) Шағбан айының көбін оразамен өткізетін болған. Айша анамыздан (р.а.) жеткен төмендегі бірқатар хадистер осының айғағы:

«Шағбан айындағыдай көп ораза ұстағандығын көрмедім»
(Мүслім, Сиям, 176); 

«Алла елшісі(салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) кейбір айлардың көбінде ораза ұстайтын. Тіпті, оны бұл айда мүлдем ауыз ашпады деп те ойлайтынбыз. Кейбір айлардың көбінде ауыз ашатын. Тіпті, біз оны бұл айда ешбір ораза ұстамады дейтін едік. Алла елшісінің (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) Рамазан айынан басқа айда толық ораза ұстағанын, сондай-ақ, Шағбан айындағыдай көбін оразамен өткізгенін көрмедім»(Бухари, Саум , 51);

«Алла елшісі(салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) айлардың ешбірінде Шағбан айындағыдай жиі ораза ұстамайтын және былай дейтін: «Шама-шарқыңызға қарай амал жасаңыз. Өйткені сіз жалықпайынша Алла да сізге жалығатын амалды жүктемейді. Алланың құзырында қабыл болатын амал - аз да болса игі істің тұрақты жалғасып тұрғаны» дейді (Муслим, саум, 177). 

Бірде Усама (р.а.) Шағбан айында көп ораза ұстауының хикметін білу үшін: «Уа, Алланың елшісі, дәл Шағбан айында жиі ораза ұстағаныңыздай басқа айда мұншалықты ораза ұстағаныңызды көрмедім», - деп сұрағанда: «Шағбан - адамдардың басым көпшілігінің Рамазан мен Ережеп айларының ортасында мән бермей кететін айы. Бұл айда амалдар Алла Тағаланың құзырына көтеріледі. Мен де амалдарымның ораза ұстаған кезімде Алланың құзырына көтерілгенін қалаймын», - деген жауап естіген (Нисаи, Саум, 70). 

Ал, Әнас (р.а.): «Алла елшісінен (салаллаһу ьәлəйһи уә сәллам) «Рамазаннан кейін  қандай  ораза маңызды?»- деп  сұрағанда,  ол (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам):  «Рамазанға құрмет ретінде Шағбан айында ұсталған ораза»,- деп, ал «Қай садақа абзал?», -  деп сұрағанда, ол (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам):  «Рамазан айында берілген садақа», - деп жауап берген» (Тирмизи, Зекет, 28 Ибрахим Жанан, Кутуб әс-Ситта, аудармасы, 9/66)


🎙📖🔈 Шағбан айының қадір-қасиеті және ондағы жасалатын дінбұзар іс-әрекеттер
✨ Шағбан айы жылдық амалдардың Аллаһқа көтерілетін және Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) ең көп ораза ұстаған ай.
✨ Не себепті адамдар оған ғапылдық танытады?
✨ Не себепті Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) амалдарының ол ораза ұстаған күйде көтерілуін қалады?
✨ Шағбанның ортасындағы түнді арнайы құлшылықтармен ерекшелеудің дінбұзар бидғат екендігі туралы дәлелдер.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Пайғамбар медицинасы.

Балмен емдеу.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

"Есте сақтау қабілетін күшейту үшін бал жеңдер!" (М. Насихин)

"Денеге күш беретін үш нәрсенің бірі- бал жеу." (Шира)

"Науқасқа балдан асатын ешқандай шипалы нәрсе жоқ".(Әбу Нуайм)

"Балда берекет және шипа бар. 70 пайғамбар балға дұға еткен." (Б. Арифин)

"Шипа болған нәрсенің бірі - бал жеу".(Бұхари)

"Пайдалы емдеу жолдарының бірі- бал шәрбетін ішу".(Бұхари)

"Әр айда үш рет таңертең аш қарынға бал жеген адам үлкен ауруға шалдықпайды". (Бәйһақи)


"Халал ақшаға алынған бал жаңбыр суымен шәрбат жасалып ішілетін болса, барлық дертке дауа болады". (Дәйләми)

"Бүйір шаншуларының дәрісі- ыстық бал шәрбәті".(Хәким)

"Мына үш нәрседе шипа бар. Бал шәрбәті, хижама (қан алдыру), отпен күйдіру. Бірақ үмбетіме отпен күйдіруді тыйым саламын." (Бұхари)

"Екі шипа қайнарын жібермеңдер. Бал және Құран". (Ибн Мәжә)

"Расул- әкрам бал шәрбәтін қатты жақсы көретін еді".
(Ибн Сүнни)

Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):"Мұсылман (яғни Аллаға адалдық танытып жүрген жан) араға ұқсайды, ол тек таза нәрсемен қоректенеді, тек соңынан таза нәрсені қалдырады".

АЙВА жүректі жарқыратады.

Хазіреті Талһа (р.а) былай дейді: "Бірде Пайғамбарымызды (с.ғ.с) зиярат етуге барған едім. Қолында айва жемісі бар екен. Маған: "Ау, Талһа, кел, же! Айва жүректі қуаттандырады, көңіліңді хош қылады."- деді.

Ибн Аббас (р.а) былай дейді: "Жәбир бин Абдулла (р.а) Пайғамбарымызға (с.ғ.с) Тайыптан әкелген бір айва берді. Пайғамбарымыз: "Бұл кеудедегі қайғыны қайтарып, жүректі жарқыратады".- деді.

ҚҰРМА

"Сонда оны қатты қысқантолғақ бір құрма ағашына барып сүйенуге мәжбүр етті. Сөйтіп ол: "Әттең, бұдан бұрын ажал құшып өліп кетіп, біржолата ұмыт болғанымда ғой!"- деді. Сол кезде төмен жағынан бір дауыс: " Мұңайма! Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты",- деп дауыстады. Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілкі. Саған жас құрма түседі.(деген үн келді). Ал енді құрмадан же, судан іш. Көз айым бол!..."
Мәриям сүресі. 23-26 аяттар.

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) былай бұйырады: "Әйелдеріңізге босанғаннан (нифас халінде) кейін құрма жегізіңдер. Босанғаннан кейін құрма жеген әйелдің баласы момын, жуас болады. Мәриям Исаны(ғ.с) дүниеге әкелген кезде жегені тек құрма болатын. Егер құрмадан да қайырлы жеміс болса, Алла соны жеуді әмір етер еді.


☪️ *Миғраж түнінде ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мынадай үш сый жасалды:*

1️⃣ Бес уақыт намаз парыз етілді;
2️⃣ «Бақара» сүресінің соңғы екі аяты (Әмәнәр-расулу) уахи етілді;
3️⃣ Үмбетінен Алла Тағалаға ешбір ортақ қоспай үлкен күнә жасамағандар үшін кешірім жасалды.

*Миғраж түнінде қандай сауапты амал жасаймын?*

✅ Намаз оқу (қаза, нәпіл)
✅ Көбірек салауат айту
✅ Көбірек зікір айту
✅ Тахаджуд намазын оқу
✅ Дұға жасау
✅ Құран оқу

🤲🏼 *Алла Тағала қасиетті ережеп айының Миғраж түнін сауапты амалдармен өткізуді және ғибадат-құлшылықтарымызды, дұға-тілектеріміздің қабыл болуын нәсіп еткей! Әмин!*


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Видео от Салтанат


«Адам жер бетіндегі тіршіліктің тек сыртқы жағын ғана қарастырып, айналасында болып жатқан оқиғалардың мәніне мән бермесе, ол дүниелік игіліктерге алданып, мал сияқты өмірден ләззат алады Раббына қарайды және Оны білуге ​​тырыспайды, бірақ оның хайуандық қажеттіліктерін кез келген жолмен қанағаттандыру үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды. сонымен бірге ол мүлде қайғырмайды.
жіберілген қателіктер мен зұлымдықтардың кесірінен адам жердегі өмірдің шын мәнін түсінсе, ол дүниелік игіліктерді тек өзі үшін жаралған мақсатына жету үшін пайдалана бастайды оған берілген ғұмыр және дүниені кезіп жүрген саяхатшы сияқты қуанбай, жердегі дүниені өзінің мәңгілік мекені деп санамай, Раббысын танып, дұрыс орындауға ұмтылады.
Оның нұсқаулары мен жақсылық жасау.
Ондай адам Алланың алдында жоғары мәртебеге ие болады және ең ұлық құрмет пен ең әдемі марапаттарға ие болады.
Ол жердегі өмірдің мәнін ойлайды және дүние игілігіне алданып, өмірдің тек сыртқы жағын ғана ойлайтындарға ұқсамайды.
"

Тафсир ас-Саади
https://t.me/Aby_hanifa_1


Пайғамбарға (с.а.с) деген махаббаттары🤍

Әбу Бәкір (р.а) Пайғамбарымызға (с.а.с.): “Аллаһқа ант етейін, өзім үшін қорықпаймын. Бірақ, көңілім қаламаған нәрсені сенің басыңа келе ме деп қорқып, сол үшін қапаланамын”, – дейді.

Омар (р.а)
- Уа, Расулаллаһ, Сені жанымнан да артық жақсы көремін, – деді.
Аллаһ расулын жан-тәнімен жақсы көргені соншалықты, ол Аллаһ тағаланың бұйрығымен ақыретке аттанған кезде, бүкіл сахабалар секілді ол да басына жай түскендей болды. Бойын сезім билеп, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өлмегенін, кімде-кім оны өлді десе басын алатынын айтып, сенделген күй кешті.

Осман (р.а) Аллаһқа ант етемін. Егер Расулаллаһ Хұдайбияда болып, мен Меккеде бір жыл қалсам да, ол Қағбаны тауап етпейінше, Қағбаны жалғыз өзім тауап етпес едім, – деп жауап берді

Абдуррахман ибн Ауф (р.а) Ұхұтта дұшпанға кеудесін тосып хазірет Пайғамбарымызды қорғаған адамдардың бірі еді. Жиырма бір жерінен жарақат алса да, қасық қаны қалғанша шайқасуға бекініп, Аллаһ расулын қорғауға бүкіл жанын салды.

Ұхұт шайқасының жан берісіп, жан алысып жатқан шағында мерген Малик ибн Зүхейрдің Расулаллаһты көздегенін байқап, оққа қолын тосады. Аллаһ елшісіне ажал құштыра жаздаған оқ Талханың бармағын жаралайды. Осылайша Аллаһ елшісінің өмірін сақтап қалды. Пида болған бір бармақ нәтижесінде сақталып қалған Ардақты елшінің өмірі болғандықтан, Талха (р.а.) кеткен бармағын ойлап қайғырған да жоқ, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) аман қалғанына қатты қуанды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) :
– Не боп қалды, Зүбәйр? – деп сұрады.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) тірі екенін көріп, өз көзіне өзі сенбей, аң-таң болған Зүбәйр:
– Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, ей, Расулаллаһ! Сені өлтірілді деп естідім. Мүшріктерге сазайын тартқызайын деп бара жатқан едім, – деді. Пайғамбарымыз оның бұл әрекетіне сүйсініп, көңілін орнына түсіріп, оған бата берді.

Мусғаб (р.а) Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, Мәдинадағы болып жатқан қуанышты хабарларды жеткізді. Баласының Меккеге келгенін естіп қойған анасы бұлқан-талқан ашуланып: “Меккеге келген екенсің, алдымен маған сәлем бермей басқа біреуге баруға қалайша дәтің барды” деп хабар салады. Мусғаб ибн Ұмәйр болса анасына:
“Мен Расулаллаһтан бұрын ешкімге бара алмаймын”, – деп жауап береді.

Әбу Зәрр(р.а) Аллаһ елшісін (с.а.с.) пәруанадай сүйді. Бұл сезімін Пайғамбарымызға: “Жақсы көргеніне деген адам жүрегінің сүйіспеншілікке мұншама толы болатынына таңырқаймын. Менің жүрегім де Аллаһ пен Оның Елшісіне деген махаббатқа толы”, – деп тебірене жеткізеді. Сүйіспеншілігімен қоса Аллаһқа мойынсұнуы да шексіз еді.

Сағд (р.а) Ол: “О, Аллаһ елшісі! Біз саған иман келтіріп, айтқанына сендік. Бізге жеткізгендеріңнің ақиқат екендігіне куәлік еттік. Сені тыңдап, Өзіңе бағынамыз деп ант іштік. О, Расулаллаһ, қалай қаласаң, солай жаса. Сені ақиқатпен жіберген Аллаһқа ант етейін, бізге теңізді көрсетіп оған түссең, ешқайсымыз тартынбастан тегіс сенімен бірге сүңгиміз”, – деген болатын.

Хазірет Әлиден: “Сіздер Аллаһтың Елшісін қалай жақсы көретін едіңіздер?”, – деп сұрағанда, ол: “Аллаһ расулын біз бар дүние-мүлкімізден, бала-шағамыздан, әке-шешемізден де артық жақсы көретінбіз. Оны ми далада бір жұтым суға жетуді аңсағаннан да артық аңсайтынбыз,” – дейді.


ЖҰМА КҮНІ АЙТАТЫН ДҰҒА

"Әстағфируллаһәлләзи лә иләһә иллә һуәл хайюл қайиуму уә әтубу иләйһи" деп 3 рет айт
 
اَسْتَغْفِرُ اللهَ الَّذِى لاَ اِلَهَ اِلاَّ هُوَ الْحَىُّ الْقَيُّومُ وَاَتُوبُ اِلَيْهِ  

Мағынасы: «Өзінен басқа ешбір тәңір болмаған, әрдайым тірі, әр нәрсені толық басқарып тұрушы Алладан күнәларыма кешірім сұраймын және оған тәубе етемін.🤲


Жұма күні мұсылманның жасар ең жақсы амалы — садақа беру болып табылады. Мұсылманды сипаттайтын ең жақсы қасиеттер — аяушылық пен мейірімділік, осы қасиеттері арқылы ол Аллаға деген разылығы мен шүкірлігін таныта алады. Жомарттық туралы былай айтылған:

«Сараң – Алладан да, Жұмақтан да, адамдардан да алыс, бірақ Тозақ отына жақын. Жомарт – Аллаға да, Жұмаққа да, адамдарға да жақын, бірақ Тозақ отынан алыс» (Тирмизи).

«Жомарттық – тамыры Жұмақта, ал бұтақтары осы дүниеде болатын ағаш. Бұтақтарынан ұстанғандарды ағаштың тамыры Жұмаққа алып барады. Сараңдық – тамыры Тозақта, бұтақтары осы дүниеде болатын ағаш. Бұтақтарынан ұстанғандарды ағаштың тамыры Тозаққа алып барады» (Байхаки).

Садақа беретін адам неге қол жеткізеді?

«Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар» (3:92).

«Уа, Алла, садақа берушінің мүлігін тезірек арттыра гөр, ал сараңның мүлігінің бүлінуін тездете гөр» (Байхаки).


Аллахым барлық пландарды оңынан қылғай!!!


Америка құрама штаттары Алла тағаланың кудиретине енди сене бастаған шыгар бирак бари көзге корсетпейды бир еки күнде букил Палестинанын күйын коздерине корсетти❤️‍🩹💔🖤


Дугалар кабыл болды Алла Ұлык👍👏


Nurbol Rakhmatilla dan repost
Әлхамдулилләһ, Газа мен Палестинада соғыс тоқтады деген қуанышты хабар жетіп жатыр. Уа, Алла, осы хабар рас болғай!

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.